Rin'Go. Tolgau

1. Арманда арман, арман жұрт,
Алланың нұры тамған жұрт.
Сабира сағым көшкен жұрт,
Қырықтың бірі қонған жұрт.
Отырар болып қорғанып,
Түркiстан болып қомданып,
Алтын-ай қымбат аймаққа,
Алтын Орда боп орнадық.
Ұлы жүз болып қауғалап,
Ұлы бір өрттей қауладық.
Орта жүз болып қалам ап,
Ел намысын дауладық.
Кіші жүз болып күрестік,
Табансызбен тірестік.
Киелі байрақ қағалып,
Ел бірлігін сомдадық.

Көп түр болып жұмылып,
Көк бөрi болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Түкті боп қайта тіріліп,
Көк алмас қылы жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.

2. Қабанбай болып ақырып,
Абылайлап аруақ шақырып,
Бөгенбай болып шүйліктік,
Жанардан жалын атылып.
Райымбек болып айбат қып,
Қарасай болып қайрат қып,
Махамбет бей жүр мiне,
Сенімiн жаудың жайратып.
Таптатып жерге ізгәрді,
Жүрегіміз сыздады,
Жалындап жапқан қазақпыз,
Желтоқсандағы ызғарды.
Бүгінгі жайды тыңдасаң,
Бақытым елім зор қандай,
Ғұмырың мәңгі жалғасар,
Жолыңды Алла оңғарар.

Көп түр болып жұмылып,
Көк бөрi болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Түкті болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылы жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.

3. Қара дала саф арман,
Жұмағым боп қашаннан,
Жазығы менен қыры бар,
Жарғысы менен шыны бар,
Жауынгердей жасанған,
Сары дала саф арман,
Ұлының бары оғылған,
Қызының бары қаһарман.

Көп түр болып жұмылып,
Көк бөрi болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Түкті болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылы жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.
Бөлісу:

16 пікір

madlen
Rin'Co mundai zat aitady dep oilamappyn. Jaksy wykkan. Tek sozderi keibir jerlerinde tusiniksiz. Googlemen kop jerdi aktaryp wyksam da, sozin taba almai koidym. Myna bir jerden tapkandai bolgam, birak sumdyk sauatsyz bireu jazypty. Sol uwin myna matinde de kemwilikter boluy mumkin, baikasanyz, aitarsyzdar.
monti
рахмет осы ән мағанда ұнайды, негізі басында клипте костюмдерін ұнатқам))) кейбір сөздерді түсніксіз қанша тыңдасамда…
madlen
aha, tusiniksiz. osy jerge jaza salain dep sozin tauyp bolgan son, anin de tyndap salystyryp 1 sagat otyrdym. Rin'Godagy balalrdyn akcenti goi endi… jynym wygyp turgan smailik!
Aizhantabyn
Mumkin, kok turik bolyp jumylyp?
Biraz boldy tyndap jurgenime, ote unaityn anderimnin biri :)))
madlen
sony men de oiladym, birak to4no emes bop tur goi…
Ahi
Абылайлап аруақ шақырып
Аруақты қалай шақырады сонда?
Aizhantabyn
kalai bilmeisiz? Buryndary atalarynyn esimin urandatyp jauga wapkan deidi goi!
Abylaaaaaaaaaaai dep osylai aruak wakyrgan. Menimwe bul bar bolgany tek «boevoi duh» koteru uwin gana :)
Beytanis
Мынау Қазтуғанның алаң да алаң, алаң жұртына келеді екен. Авторын осы өлең «шабыттандырса» керек.
Zere
Менің білуімше сөзін жазған Мұрат Есжан. «Тұспалсөз» блогы бар. )
direct
Клипті көрдім, Грегориандағыдай мистикасы әсерлі емес, клипті сапалы және арнайы эффекттермен жасап шыққанымен.
Жырдың сөздері тамаша болғанымен, топтың орындауы өте өте және өте әлсіз немесе нашар шыққан деуге болады. Қазақы Рух байқалмайды/сезілмейді.
Ал жырдың сөздері Қазтуған жыраудікіне ұқсас басталады екен:

Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.

Осы сейсенбі күні Сарыағаштағы құдабаланың үйінде қонақта болдым, домбырасын қолына алып Қазтуғанның жырын қоңыр дауысымен орындап берді. Жырды тыңдап өзімді нағыз қазақ сезініп, ерекше бір рухани күйде болдым. Интернетен Қазтуған жырын мп3 форматында жүктеп алып, тыңдап жүрмін.

Кезінде жыр десе — айтылған жырды түк ұқпай, ұйқым келетін))
Барлық нәрсенің өз уақыт сағаты бар дегендей ақ екен, қазір жыр тыңдауға ерекше ынта/қалау пайда болып жүр менде…
Beytanis
Кезінде жыр десе — айтылған жырды түк ұқпай, ұйқым келетін))
Барлық нәрсенің өз уақыт сағаты бар дегендей ақ екен, қазір жыр тыңдауға ерекше ынта/қалау пайда болып жүр менде…

Орындаушыға байланысты ғой жыр да.
direct
Иә, орындаушыға да байланысты екені рас. Бірақ, кезінде жақсы орындаушылар болмаған дейтін болсақ, қателесеміз, себебі аталарым, әке шешем радиода жыр айтылса ұйып тыңдап, телебезірде көрсетсе жыршының қасына барып отырып алып тыңдайтындай ақ еді))
Қысқасын айтқанда, жыр жәй ғана айтылатын емес, рухани орындалатын дүниеғой, бәлкім менің жандүнием дайын болмаған шығар қабылдауға…
Beytanis
Өзім Ақтамбердінің термелерін ұнатамын.
direct
+1 жырдың сөзі үшін!