Жылан етін жейсіз бе?
Енді бірер күнде шілде түседі. Ел арасында осы шілде уақытында ем үшін жылан жейтіндердің, сорпасын ішетіндердің бары жасырын емес. Тіпті кейбіреулерге кемпір-шалдар тарапынан жылан ұстап беру жөнінде ұсыныс түсіп жатады екен. Ал жылан қандай ауруға ем, оны қалай қолдану қажет? Біз бұл жөнінде біраз нәрсені білетін Хамза Жеңісхан есімді азаматты әңгімеге тартқан едік.
«Бізде әдетте ем ретінде май жыланды пайдаланады, – дейді Х. Жеңісхан. – Оны ел арасында «көлбар жылан», «сары жылан» деп те атайды. Негізі түрлі ауруларға шұбар жылан мен қарашұбар жыланды да пайдалана беруге болады.
Кейде адамдардың жаз шықса жылан іздеп жататынын естимін. Алайда оны шілдеден ерте қолдануға болмайды. Себебі көп жыландар қашан күн ысығанша жердің астында жатады. Сол бірнеше айда оның денесіндегі былтырғы жинаған майы таусылады. Яғни ол сыртқа әбден арып-ашып шығады. Ал кейбіреулері сол майы толық таусылмастан шығады. Ішінде ескі майы қалып қойғанының етін жегендер дертіне дерт қосып алуы мүмкін.
Сыртқа шыққан жылан көп уақыт өтпей тез семіреді. Сөйтіп 40 күн шілдеде күннің ыстығына қыздырынып жүреді. Сонда оның денесіндегі май шілденің энергиясын қабылдап, емдік күшіне мінеді».
Хамза жыланнан сорпа жасап ішкенде адамға шығатын бөртпе, безеулердің жоқ болып кететінін, ет пен терінің арасындағы құрттар жойылатынын және кез-келген жараның тез жазылатынын айтады. Оның әйелі екінші қызын дүниеге әкелгенде көп уақыт өтпей сәбидің кіндігі ажырап кетіп, тесік пайда болыпты. Сосын анасы оның кіндігінің үстіне жыланның майын қойып, таңып жіберіпті. Әлгі тесік содан бітеліп кеткен екен.
«Бірде атымыздың сауырын бір нәрсе оңдырмай кесіп кетіпті, – дейді Кәкең. – Қимылдаған сайын созылып-керіліп тұратын жер болған соң еш жазылмай қойды. Әкем соған терісі алынған жыланды кесіп-кесіп таңып берді. Содан аттың жарақаты санаулы күнде жазылып кетті.
Жылан майының тағы бір кереметін айтып берейін. Егер жылқының аяғындағы сіңірі үзіліп кеткенде жылан майын жақса, тартылып қалған сіңірлер созылып, бір-бірімен бітісіп кетеді. Жылан майының бұдан басқа да пайдасы көп».
Хамза жыланды суға қайнатып, оның сүйегін дәкеге сүзіп алып, сорпасын семірмей қойған сиырдың аузына құйып жіберсе болатынын да айтады. Одан кейін әлгі сиыр көп ұзамай семіріп кетеді екен.
Жалпы, жыланды ұстағанда абайлау керек, ордалы жыланды өлтірмеу қажет. Топталып жүрген жыландарды көрсеңіз, ордалы жыландар екенін түсіне беріңіз. Бұлар өте кекшіл болады.
«Бірде мынадай қызық көрдім, – дейді Кәкең. – Әкем үйдің қасындағы үлкен тастың жанынан үш жыланды көреді. Балаларды шағып алмасын деп ұрып, қуғанда әлгілер тастың арасында кіріп кетеді. Әкем тасты көтеріп қалса, астындағы шұңқырда жыландар топырлап жатыр екен. Енді оларға ақыры тиіскен соң түгел өлтіру қажет деп түсінеді. Кек қайтарып, балаларға зияны тиер деп ойлайды. Шетінен алып балтамен шауып тастай берді. Мен қасында санап тұрмын. Барлығы 16 жылан болды. Оларды шауып шетке тастай бергенде итіміз жүгіріп келіп жей берді. Содан соң итіміз басқа тамақ жемей қызық қылды. Зыр жүгіріп жүріп жылан тауып алады. Оны мойнынан тістеп, айналдыра жерге әбден ұрады. Осылай азықтанатын итіміз қатты семіріп кетті».
Біз Хамза Жеңісханның жанындағы Мейірбек Жақсылықұлын да әңгімеге тартқан едік. Ол кісі ауылында бір қарияның «ракпен» ауырып ауруханада жатқанын, кейіннен дәрігерлердің оны «үш күннен соң өледі» деп шығарып жібергенін айтады. Үйіне келген қария үшінші күнін күтіп жатыпты. Сонда Ілес деген көршісі май жылан апарып, әлгі шалға сорпасын ішкізіпті. Өлімін күтіп жатқан бұдан соң аттай болып айығып кетіпті.
«Сонымен бірге, ауруханадан өледі деп шығарылған тағы бір кемпірдің жылан сорпасынан жазылғанын көрдім. Негізі, жыландардың ішіндегі ең шипалысы майжылан деседі. Олар бірнеше ай бойы жер астында тек қана шөптердің тамырын сорады екен. Шөптердің уыты бойына жиналған ол 40 күн шілдеде күнге қыздырынып, бабына келеді. Оның сорпасын ішсеңіз барлық ауруға ем. Мұндай сорпадан соң үш күн қам су ішпеу керек. Ескеретіні, бүйрегі ауыратындардың жылан сорпасын ішпегені абзал. Себебі жыланның күшті майына әлсіз бүйрек шыдамайды», – дейді Мейірбек.
Мінеки, жыланды пайдалану жөнінде Хамза мен Мейірбек осылай дейді. Ендеше, жылан сатып жүргендерді кездестірсеңіз, оны сатып алуға асықпаңыз. Себебі, жоғарыда айтылғандай, жыланды шипа ретінде шілденің соңына дейін пайдаланбаған дұрыс екен.
Әрине, бұл орайда дәрігерлердің пікіріне де құлақ салғанның артықшылығы болмас.
С. БАЙБОСЫНОВ.

ПыСы: Замана газетінің жазбасы сияқты екен.
Қазанға жылы тұзды су құяды да, ішіне жыланды салады. Жылан өлмейтіндей етіп бір қыздырып, бір суытып отырады. Сөйтіп, жылан әбден шөлдейді.
Осы кезде жыланды шала піскен күріші бар қазанға ауыстырады. Жылан шөлін басу үшін күрішті жеп-жеп, оқтаудай созылып, ақыры күпті болып өледі.
Әлгі күріштер әбден ісініп, жылан шұжық сияқты боп қалады. Емделуші адам күніге бір тілім кесіп жеп отырады. «Виагра оның қасында — чупа-чупс!» деуші еді Мастұр жарықтық әлгі жерінде тірісінде.
Білмим қанша емге болса да жылан тасбақа дегендер біраз біртүрлі екен
Ал материалға рахмет
майын пайдаланганымыз болмаса жыланнын етінен аулакпыз
Сосын естуім бойынша, жылан геморройы барларға ем екен.