Бас ауруы.

Емдік әдістер: Бас ауырған кезде ең алдымен көз, бауыр, бүйректі тексеру керек. Бас ауруының бірнеше түрі бар. Кейбіреулері- психогендік аурулар болып табылады. Мұндай теріс эмоцияның себептері: қорқыныш, көреалмаушылық, уайымшылдық. Ең қауіптісі мигрень болып табылады. Мигреньмен көбінесе физикалық ауытқуы бар адамдар ауырады. Бұл ауру көбінесе тұқым қуалайды, немесе дарынды, белсенді, энергиялы адамдарда байқалады. Мұндай адамдар көбінесе эмоциональды, жүйкесі нашар болып келеді. Дәрігерлер кейбір бас ауруларын мигрень ретінде қабылдайды. Бас ауырмас бұрын адамда алдын ала белгілер пайда болады. Ол көзінің алдында сары ұшқындар ұшады, жүрегі айниды, бастың бір жағы ауырады. Мигрень- қорқыныш пен уайым эмоциясының салдары. Жас ұлғайған сайын мигрень ұстамасы азаяды. 60 жастан кейін тіптен жойылып кетеді. Мұндай жағдайда тамақтануда қышқылды көбейтетін алма сірке суын қолдану қажет. Сонымен қатар әр тамақтанар алдында 2 ас қасық бал жеген жөн. Бас ауырмаған күнде де 1 ас қасық бал жеген пайдалы. Бас ауруы бал жеген соң жарты сағаттан кейін қояды. Бұл ауруды емдеудің ең тиімді тәсілі- алма сірке суы болып табылады. Осы тәсілді үнемі жасап отырсаңыз бас ауруынан біржола құтылуға болады.

Ғ. Зинуллин.

Инсульт кезінде қалай жәрдем көрсету керек

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз инсульттың белгілерін сезсеңіз, дереу жеде жәрдем шақырыңыз. Ол келгенге дейін науқастың күйін жеңілдетуге тырысыңыз.
— Науқасты еденге немесе кереуетке жатқызыңыз және еңкею бұрыны 30 градус болатындай етіп, басының астына жастық салып, бір бүйірге бұрып қойыңыз. Күрт қозғалыстар жасамауға және науқасты тасымауға тырысыңыз, бұл ұстамалы ауруды асқындыруы мүмкін.
— Алмалы- салмалы протездерін алыңыз, көйлегінің жағасын шешіңіз, белдікті босатыңыз және аузынан бөлінетін көбік тыныс алу органдарына түспес үшін, оны үнемі орамалмен сүртіп отырыңыз.
— Науқас тілін тістеп алмас үшін, тісінің арасына орамалға орап тарақ немесе таяқ қойып қойыңыз.
— Сіңір тартылумен қысылған саусақтарын ашуға тырыспаңыз, науқасты бүкіл салмағыңызбен баспаңыз. Бұл ұстамалы аурудың күшеюіне, кездейсоқ буын шығып кетулері мен сынуларға әкелуі мүмкін.
— Терезені немесе форточканы ашып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіңіз.
— Дәрі бермеңіз және мүсәтір спиртін пайдаланбаңыз. Ол тыныс алудың тоқтатуына әкелуі мүмкін.
— Егер оның пульсы сезімлесе, жүрегі тоқтап қалса және тыныс алысы тоқтаса дереу өкпе- жүрек реанимациясын бастаңыз.
Ең бастысы, науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсетілуі керек, себебі инсульт дамыған кезде алғашқы минуттары мен сағаттар қымбат болып табылады.

Егер инсультты болдырмаудың сәті түспесе

Науқас жедел ауруханаға жатқызуды және мүмкін хирургиялық араласуды қажет етеді. Оған бас миының компьютерлік томографиясы жүргізіледі, жұлын-ми сұйықтығы талдауға алынып, тиісті емдеу немесе қосымша тексерілу белгіленеді. Бірнеше күн ішінде ол нейрореанимация бөлімінде, интенсивті неврология бөлімінде немесе күшті инсульттық бөлімде болады. Дәрігерлер пациенттің өмірі мен инсульттың зардаптарынан толықтай немесе ішінара алу үшін күресетін болады.

Науқастың дұрыс тамақтануы қамтамасыз ету маңызды. Жұтуы бұзылған кезде оны зонд арқылы тамақтандырады. Егер науқас жұта алса, бірінші күндері оған жеміс- жиек пен шырындар, тәтті шай береді. Екінші күннен бастап диетаны кеңейтеді, бірақ ол жеңіл игерілетін өнімдерден тұруы керек: йогурттан, сорпадан, жеміс және көкөніс пюресінен.

Инсультты кейінгі емдеу өзіне қантамыр терапия курсын өткізуді, ми алмасуын жақсарттын препараттарды қабылдауды, оттегітерапияны, емдеуді қалпына келтіруді немесе айықтыруды (емдеу дене тәрбиесі, физиоемдеу, сылау) қамтиды.
Бөлісу:

35 пікір

asaubota
Беляковтан бас аурудың емі

satibaldi
Қатындардың бас ауруы адамдардікінен бөлек сияқты. "Қойш, басым ауырып тұр", «Мең-зең болып отырм», «Сынып тұр, сынып» сияқты сылтаулармен қанша шаруа істелмей қалып жатыр, ептібайымайдтың бұ дүниясында!
Delvara
ішкеннен сон бас ауруын қалай жазад (ертеніне), тез және оңай тәсілі?
qisyq
үш-төрт шиша пиві.
Delvara
онда қайта мас болып қалу ықтималды өте зор )))
qisyq
Онда тағы үш-төрт шиша пиві.
Delvara
жақсы оныда ішіп алдық дейік, ертеніне тағы бас жазу керек қо, қандай кеңес бар оған.
qisyq
Тағы үш-төрт шиша пиві. «Вечный кайф»
Delvara
Сонымен атақ аласын дейсің ғой керемет. ))
AKY
Бір жерде жазған секілді едім, ощм, 1 штук аспиринмен 1 бөтелке «Тан» немесе «Тандемнен» тартып жіберсеңіз, басыңыз шайдай ашылады.
Delvara
Мынауын жақсы екен, ҚҰРБЫМА солай тартып жібер демесем...)))
AKY
Типі "өзім ішпейм, құрбым үшін сұрадым" дегің келіп отыр ма?
sammita
:)) әлгі женский форумдарды қарасаң «подружкам сондай еді, соған қандай көмек бересіз?» деп толық мән-жайды баяндаушылар болады:))
AKY
бүге-шігесіне дейін қалдырмай деЧ) жақыыын подругалар шығар.
sammita
1 бөтелкені тауысу әбизөк па? «Таң»ды айтам.
asaubota
баяғыда бір алқаш мен бір-ақ рет арақ іштім, қалғандары похмель деген екен. сол сияқты болмай бас ауырса таңертең бір Балтика тройкамен жаза қойға болады. қайталап айтамын, тек 1 бөтелке. әрі қарай ішсеңіз жалғасып кетеді.

әйелдердің бас ауруын ана Сергей Беляковтың әдісімен емдеген дұрыс.
Aizhantabyn
vawe iwip korgen emespin, birak talaiynyn iwkenin korip, tan kalatynmyn.Bas aury degendi airanmen, walappen jazady degendi estigem.

A tak basym auyrda, kobine oramalmen katty bailap alam:))) sodan jenil bop kalam :)
KILYZAMAN
Ылғи бөтелке жайлы болып кетіпті ғой… «Басы ауырмастың-балтыры сыздағанмен шаруасы болмас» — деген осындай болар!
qisyq
Қайтесіз… Бұл да бір азған заман болды ғой…
KILYZAMAN
Заман емес шығар мүмкін?..
AKY
Заманына қарай адамы.
Заманың тазы болса, түлкі боп шал.
Заман азды, ел тозды.
AKY
Не деп кеттім өзі…
KILYZAMAN
Демегеніңде дұрыс боларма еді?
Aizhantabyn
endi baska sebeppen bas auyrmaityn wygar :)

kan kysysmy jogary jane tomen bolganda bas katty auyrady, jane bas kankasy iwi kysymy (vnutri4erepnoe davlenie) bolsa da jaman auyrady… :(
AKY
Менің басым жиі ауырады. Өзінен-өзі. Цитрамон ішсем, қояды.
Aizhantabyn
davlenie teksersenwi… sodan wygar, citramonga addicted bop kalma, ol analgetikter sekildi uirenip kaluga alyp keledi
Zilola
Бас ауруы басқа баратын тамырлардың кеңейіп не тарылуынан да болады.
Жеке өзімнің басымнан өткен, қазір емделіп бәрі тамаша :)
Бірақ кейде шаршаған кезде бас пен қоса көз де ауырып кететін кездер болады. Жақсылап тыныққан соң, кетіп қалатын ауру. Қызыл етіп шәй ішсе, сонсоң мойынға массаж да қажет, кей тамырлар қысылып қалуы да мүмкін, немесе ұзақ бір бағытқа (ұялы телефонға не комьютерге үңіліп) қадалып қарап отырғанда қанның ұйып қалуы да мүмкін. Сондықтан үнемі қозғалыста болған дұрыс, ал ұйқыға бөлінген уақытта көп қыдырмай ұйықтаған жөн :)
Beytanis
Ұят-мұятты демеңдер, бас ауруына ем — секс!
AitoDilimbet
Даман адамдар алкаштар секскумарларга адамнын басын ауыртады
AitoDilimbet
Даман адамдаргой адамнын басын ауыртатын кайгыратын шешелермен алкаш акелери музатова лязат сиакты амы паравоздеп мазак кылатын бар умирде неге кутырады екен соларга тан каламында
AitoDilimbet
Жаман адамдар басты ауыртады