Қазақ-түрік лицейінде оқып, Олимпиада жүлдегері атанғандар
Қазақ-Түрік Білім Қорының (KATEV) сайтында бүгінге дейін Республикалық, облыстық білім олимпиадаларында орын алғандардың тізімі бар екен. Өзімді тауып алдым :) КерекИнфошылардан @Nurgisa да ағылшыннан 1-ші орын алған екен.
Таныстарыңызды іздеп көріңіз: http://tests.katev.kz/olympiad_archive/report2.php
Химиядан олимпиадаға алынған едім. Оның дайындықтарына бармадым (
Соңғы екі сабақтан қашып кетіп, түстен кейін дайындыққа баруға бет болмады :)). Кейін химиядан олимпиадаға қатысатындардың сиқын көріп, бармағаным дұрыс болған екен дедім :))menin dosym halykaralyktan eki marte altyn algan edi
al erekwe ekeni ras. Ozim ktldik bolmasam da, solardyn saitynyn moderi bolgam, jaksy aralasamyn, jaksy koremin :)ote akyldy olar, jigitteri de, kyzdary da!
keibieuleri ote turkilengen, birak bari emes.
nu ni4e, inwALLA balam bolsa, sondai mektepke beremin :))))
жабылып қалды, қазақстандық хостингке өткізу жайлы әңгіме болып жатыр)
Ол кезден Дандай қалды, Маздақ та, Нисса бар еді, қазір көрінбейді. Сиеста, Амирус, Каръер осылар ескілерден, қалғандары көбіне жаңа ағымдар)
Анау дегенде Қобыланды деген юзерді айтам)
Abla men abilerdin arasynda vawe kyzyk! :D menin kurbym, ablawka bolatyn bir abimen karym katynas kuraiyn degen edi, aityp bergen, kulkiden olein dedim :D
лицеискийлердің бір күлкім келетіні: түріктерге қатты еліктейді, түрікше сөйлеп жүруге тырысады. аби, абла демей ақ қазақша айтып жүруге болмайды ма екен?
сол үшін өліп талып ғашық боп жүргем)) Бұрын соңды ондай адамдарды кездестірмегем ғой)))
Негізі өзім сондай адаммын ау деймінТәтті тағамдармен алдамайды, оларды сатып, қайырымдылық жасайды.)
Мен сізді бір ктлдік жігіт деп жүр ем, қателескен секілдімін
Сосын бір-екі жас үлкен жігіт өзіңе ағай болады дей ме?! Әйтеуір естіген кезде қатты күлгем)
ағам шетелде үш мәрте мастер алды, құмартпайды. Әркім өз елінде жайлы сезінеді ғой.
Ол жақта да керемет өмір жоқ. адамдары жақсы. Сыпайы, ашық.
Бірақ, біздегі адамдар шынайы. сүйсе де, жек көрсе де))
Университетте оқып жүргенде ғой. Курстас бір жігітпен әңгімелесіп тұрғанбыз. Мен өзім 82-лермен оқыдым. Ана жігіт болса, менен бір жас үлкен. Деканның орынбасары (университетті жаңа бітірген) қасымыздан өтіп бара жатқан. Ана жігіт соған «Сәлеметсіз бе, апай?» деп алып, бізге қарап: «Бұны неменеге апай деп жүрмін? Өзіммен жасты ғой» дегені бар еді :))
Лицейдің тағы бір ұрымтал тұсы шынықтырады. Үлкендерден оқшау, жатақханада жатып оқығасын өз алдыңа басыбайлы таразыланған шешім қабылдау дағдысына бойды үйрете бастайсың. Этюд (үй жұмысын орындауға арналған мұғалімсіз сабақтар) бар, кестедегі сабақ бар, күніне бәрін қосқанда он-он екі сабақ оқысақ та, футболға да, баскетболға да үлгердік, оның арасында басқа да шаралардың шәпкісін қайырып жүрдік, мысалы. Несі жаман баланың түрлі бағытта ой-өрісін кеңейтуге құлшынып жүргені.
Биыл ағамның баласы қабылдау сынақтарына қатысты. Қала бойынша 2500 үміткер екен, оның 43-і ғана іріктеліп алынады, мысалы. Жылда естиміз, небір дөкейлер пәленбай ақшаға балаларын тықпалағысы келеді. Репутациясын ойлайтын іргелі орда ондайға өзін жыққызсын ба? Егерәки сол байшыкештер, арасында зиялысы да бар, КТЛдің солшыл, дүбара ұрпақ тәрбиелейтінін білсе әлгіндегідейге ұрынар ма еді деп қажап көруге болады.
Әйтеуір, ол жерден жаманшылық көргеніміз жоқ. Тәубә. Білімдерін берді, оқытты, ойнатты, пикникке шығартты. Көп жағдайлар өтті бастан. Жергілікті апайларымыз ұлдар мен қыздар лицейін қосып, біріктіріп оқыту керек деген реформисттік ойлары үшін текетірестердің де басы-қасында болдық. Алтынмен жалатылған кім бар? Әр ауылдың тентек-телісі болады дегендейін, бізде де болды енжарлау, еріншектігі кейде басып кететіндер. Әркім өз таңдауын өзі жасар, басымдығын өзі айқындар. Бірақ уақытпен өлшенген, тиімділігі іс жүзінде тұрақты дәлелденіп келе жатқан бұл оқу институттарына жыл санап конкурстың қиындап, бір орынға «таласатын» үміткер саны ұлғайып бара жатқаны күдіктен арыла алмай жүргендерге реверанс болсын.
80 пайыз шет елдік мұғалимдер сабақ береді дегені рас па?
баланы кішкентай кезден берген жақсы ма әлде есейгенде ме? бәрі дерлік тақуа болу міндетті емес шыгар? бастысы білімді мықты берсе.
Өзге дін балалары оқиды ма екен қызық…
Тақуалыққа келсек — күлкім кеп кетті. Бейлицейліктер лицейліктердің шетінен мәжбүрлі түрде сәждеге бас ұрғызылады екен деп ойлайтын сияқты кейде. Олай емес :) Шымкенттегі мен оқыған КТЛде орыс та болды, басқа да шоқынған болды. Проблема дінде емес, проблема жаңаша сипаттағы білім беру үдерістеріне жатырқай қарауда. Әйтпесе, өздеріңіз ойлап қарасаңыздаршы, барлық облыста бар «бұларды» өз ырқына қоя бере ме? Әрине, бақылау мықты. Әйтпесе, жас перілеріңді сұрыптап ап, олардың санасын қалауынша қалыптастыру мәселесі бар ғой «көнде».
Дегенмен, қазір жер-жерде «Дарынды балалар лицейі» дегендер де ашылып жатыр, мысалы. Шымкентте бар. Әпкем сонда мұғалім. Оқушылары тәп-тәуір нәтиже көрсетіп жатыр.
Әрине, жақсы білім алу тек лицей, гимназияға барып тіреліп қалмайды. Жеке құлшыныс, талап болмайынша бәрі бекер.