Fight Club. Адасу жанрының бастамасы осы шығар.

«Адам өзі көрген нәрсені ғана көргісі келеді»

Осыған дейін өзінің фантазиясына сеніп қалатын кейіпкерлер туралы бірталай фильмдер көріп тастадым: «Заблудившийся», «Остров проклятых», «Ликвидатор», «Черный лебедь» т.б. Адасқан жандар — өзі емес, ішкі жан дүниесі… Өзі ойлап тапқан өтірікке өзі сеніп қалу, бәрін ойлап тауып — сол жалған әлемде өмір сүру. Бұл тақырып көрермендер арасында сәтті болғаны рас. Бұндай адамның ішкі дүниесіне қатысты кинотуынды, кинотуынды ғана емес әдебие шығарма да әлі де маңызын жоя қоймас.

«Төбелес клубы» осы мини-жанрдың бастамасы ма деп ойлап қалдым. Фильмді Интернеттен жүктеп алуға біраз ойландым. Бұл ойлану бірнеше айға созылған болатын. Мені тоқтатқан екі нәрсе еді: Атауы мен шыққан жылы. Атауы жекпе-жек, шаршы алаңдағы айқасқа тән. Шыққан жылы 1999 жыл, кино саласының тоқырауға ұшыраған заманы. Қырғын төбелес пен жарылыстардан тұратын арзан боевиктердің заманы еді ғой ол кез.

Ақыры көп ойланып, кешкі сеансымды осы фильмге арнауға бел будым. Өкінбедім. Компьютерлік графиканың әдемі көріністері таң қалдырды. Өткен ғасырдың киносы, бірақ қазіргі 3D туындыларынан еш қалыспайды. Сюжеті де жанр дағдарысының кезеңінен деп айта алмайсың. Актерлерге енді айтар әңгіме жоқ. Эдвард Нортон қашан да тамаша актер екенін дәлелдей алды. Жалпы бұл актердің игі жақсы адамды да, қанішер жауызды да өте жоғары деңгейде сомдай алатындығына таң қаламын. Иә, ол актер, иә түрлі рөлдер — оның жұмысы. Сонда да оның өзіне тән бір «изюминкасы» бар.

Брэд Питке да мың алғыс. Мін тапқым келсе де, таба алмадым.

Фильмге берер бағам 10 е-баллдық жүйемен 10! Бұл фильм 2011 жылы шықса да сондай жоғары бағаға ие болатынына сенімдімін.
Бөлісу:

15 пікір

Ojdan
өзінің фантазиясына сеніп қалатын
@Ahi туралы кино түсірсе болады екен!
Ликвидатор-Ахилатор!
konvict
Сонда Ахилатор қақпаның алдына келіп:
-Мастұр Батоооор! Шық бермен деп айқалады
qisyq
Эдвард Нортон өтең жақсы аткер. «Медвежатниктегі» есуас адамның рөлін сұмдық ойнайды.
Zilola
Игры разуманы да осы жанрға қоссам бола ма?
patick
Иә! Мен оны атауға ұмытып кетіппін, кешір.
ushkin
Бір кездері Бред Питтің фанаты болғанбыз :))))))
patick
Ал біз әлі фанатымыз Джолидің :)
asaubota
осы киноны дұрыстап түсініп тағы да бір рет қарағым келіп жүр.
Gastarbaiter
Чак Паланиктің кітабымен түсірілген фильм. Кезінде культ болған. Бір рет ғана емес, аратұра қарап тұратын фильм.
Тайлер Дерден мықты. Сатыбалдының «Дені сау боп өлетін адамдарды түсінбеймін» деген философиясы кино ішіне алты жіппен тоқылған.
Ал Тайлер Дерденнің айтқандары цитаталарға жұлым жұлым болып елге таралып кеткен.
«Тұмсығымнан жақсылап тұрып бір берші» -Тайлер Дерден
«Жай ма сенікі? Қараптан қарап ұра салам ба?» — Руперт
«Ия, ұршы бір әдемілеп» -Тайлер
«Мен ұра алмаймын, есің дұрыс па, төбелестен хабарым жоқ менің!» -Руперт
«Мен сияқты екенсің. Мен де төбелесіп көрмегем. Бірақ бетіме бір тыртық түспей өлуге ұялам» — Тайлер.
Gastarbaiter
Бүгін тағы қарадым, кино бітер кезде нән тасақтың суреті 25 кадрмен жылт ете қалады екен:)))
patick
рас болды ғо сол қауесет, қазір мен де қарайын :)
Aizhantabyn
ooo, menin suikti filmim! Algaw korgende v woke bop jurdim, onda 19 jasta em, agylwynwa kordim… oryswasyn korgende aitkan sozderi auyr bop korinbedi, alde men eseidim be, ony juyrda kordim…
birzhan
Осы жанрдағы -Есі адасу- туралы фильмдердің ішінде ең кереметі «Игры разума» деген кино Рассел Кроу(Гладиатордағы) ойнайды. Көруге ұсынамын!
Aizhantabyn
onyn meninde agylwynwa nuskasy bar. Kolleciondyk wygarylymy :) en suikti filmim. Bolgan okigaga negizdelgen bolgan son sondai tartymdy, janyna batady. Prinstonda okityn bir dosym maktanyp koimaidy, aigili Doctor Nashtin daris bergen jeri dep :DDD

(A Beautiful Mind dep atalady tupnuskada)
Gastarbaiter
Менің Масачусетсте оқитын досым да мақтанщақ. Парижде тұратын экс гелфрендым де сондай. Оның аты Софи. Ален Делонның көршісі болғанмын дейді.