Блогыңыз жабылып қалса...

This is icon for social networking website. Th...Image via Wikipedia

1. Мүмкіндігінше басқа сервистер арқылы көпшілікке оқырмандарыңызға хабарлауға тырысыңыз. Бұл өзгелердің де сақ болуына көмектеседі әрі мәселенің мәнісін білетін адамдар табылуы мүмкін. Хабарлау мен байбалам салудың арасындаңы айырмашылықты да ескергеніңіз орынды.Мен қазақ блогшылары бас қосқан kerekinfo.kz және facebook пен twitter желілерін қолдандым.
2. WordPress.com-ның блогшыларды қолдау тобы жақсы жұмыс істейді. Соларға хат жазыңыз. Егер ағылшынша хат жазу қиындық тудырса, google.translate арқылы аударып алсаңыз болады.
3. Блогыңызды қолдану шектеулі болып, ішкі құрал-саймандарды ашу мүмкін болса, паролді, келбетін өзгертіп көріңіз.
4. Алдын ала блогыңыздың ішіндегі барлық жазбалардың қорын бір жерге көшіріп қойыңыз. Блогыңыз жабылып қалған күннің өзінде осы файлдарда барлық жазғандарыңыз сақталады. Контентіңізді экспорттау үшін: Құрал-саймандар — құралдар — экспорт; Экспорттағанда әрбір категорияны бөлек-бөлек көшірген жөн. Экспортталған файл ашылмайды. Себебі ол сығымдалған түрі. Оны кейін басқа платформаға импорттау үшін солай сығымдап береді.
5.  Уайымға салынудың қажеті жоқ. Әрі мұндай сәттерде күдікті ойлардың да қылаң беріп, әртүрлі арандатушылар да табылатыны бар. Сабыр сақтасаңыз бәрі де тип-топ болады! WordPress.com-ның ішіндегі форумдарды, кеңестерді мұқият оқысаңыз әрбір сұрағыңызға жауап таба аласыз.
пысы. Екі күндей блогым жабылып қалғанын біреу білер, біреу білмес. WordPress.com-ның спам сүзгісі блогты ережелерге сай емес деп тауып, қолдануды шектеген екен. Бұл қателік wordpress.com-ға осыдан бірнеше уақыт бұрын жасалған хакерлердің шабуылынан соң орын алып отыр. Оларға хат жазып едім, қателерін түзетіп, блогымды қайыра іске қосты. Осы уақыт аралығында байланыста болып, рухани демеушілік танытқандарыңа үлкен рахмет! АРБ!

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/04/27/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3%d1%8b%d2%a3%d1%8b%d0%b7-%d0%b6%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d1%81%d0%b0/
Бөлісу:

2 пікір

konvict
Вордпреске дайын шаблондарды енгізуге бола ма?
Serzha
вордпресс.ком-да болса оны бөлек сатып алу керек. админкісінде барлығы жазылып тұр