Қазақ қызының бет ашарынан қысқаша көрініс...


Қарсы болмасаңыздар, байқағанымдай КерекИнфода мәтін және бейне мақаларлар жарияланып жатыр. Және де соңғы кездері ойындар бой алып бара жатыр )))) Қуанарлық жағдай. Енді Суреттер сөйлейді қауымдастығын құрып, тамаша суреттермен бөліссек қарсы болмайсыздар деп ойлаймын!
Барлық суреттер бір сахыналандырылған көрініс немесе фотошоп емес. Барлығы шынайы, өмірден алынған! Бір ағамыздың келіншегінің Бет Ашарында түсірілген суреттер.


















© Барлық суреттер маған тиесілі, менің рұқсатымсыз еш жерде жарияланбауыс тиіс.


Толықтырулар: Бет ашар болып жатқан кез.


Ал мына сурет той күні түсірілген сурет екен.
Бөлісу:

129 пікір

VKM
Әдемі екен. Бақытты болсын!
monti
құдай мындай да сұлулық болады екен/ау :)
сапалы күЧт, көрністер қойлымға арнайы модельдің қатысуымен болған ба? әлде шынымен келін түсріп жатқан үй ме? ;)
qisyq
Ербол, шынымен деп жазыпты ғой. Расында керемет суреттер.
monti
тіфәй/тіфәй онда көз тимесін, нағыз ақ келін екен!
yerbol89
Шынымен келін түсіріп жатқан үй. Нағыз қазақтың сал-дәстүрімен киіз үй тіккізіп ашық аспанда өткізген! Өзім де алғаш суреттерді көрген кезде таң қалдым. Суреттер көп екен ішінен біреншеуін алып жарияладым.
Zilola
Ербол жарадың!
Салт-дәстүрді қайта жаңғыртып жатырмыз қазір, не деген сұлулық, керемет!
yerbol89
Ия тамаша! Құдай қаласа шамамыз жеткенше осылай өткіземін деп жоспарлап жатырмын! ))) Уақыт көрсетеді. Неткен ғажайып көрініс, келісесіз ба? )) Айтқандай суреттер толықтырылды.
AKY
Неше жастағы қыз)))) Тым жас көрінеді.
Ottegin
Қалыңдықтың суретіне қарап ойымнан жаңылысып қала берем)))

Әдемі екен. Бақытты болсын!
Әдемі болғанда қандай, бақытты болсын, ал суреттер шынында да көркем.
alisha
Әп-әдемі екен! Өмірі де сондай әдемі болсын!
Ojdan
Ағаң бақытты екен! Енді бірге бақытты болсын!
alisha
Өзінің де аға атанатын күні алыс емес сынды Ерболдың! Шыққыр көзім Тіл — көзден аман болсын!
Zilola
нені меңзегеніңізді енді ұқтым
alisha
оның әдемілігінің сиқыры да сонда емес пе?
alisha
Ахи қайда, сұлулыққа табынып жатқанымызды білсе, жетіп келеді ғой;)
ErNur
Мен де соны ұққандай болып едім… бірақ қысылып едім сұрауға :) Кешірім өтінем әңгімелеріңе араласқаныма!
TOTY
Иә, сурет әдемі. Көріп тамсанып отырмын. Тек,қалыңдық әдеміліктің «сырын» жасыратындай басқадай етіп көйлек фасонын таңдаса дұрыс болар ма еді.
yerbol89
Құдай қаласа 2-3 жылдан соң болып қалар. Биыл аман есен дипломымды қолыма алайын. :))
Abilakim
Маған солай көрінген шығар деп отырсам…
yerbol89
Нақтырақ айтқанда менің жолдас баламның ағасы. Жолдас балам компьютерін маған жөндетуге алып келген, жөндеп болып осы суреттерді көріп таң қалдым. Тіл көзден сақтасын, өте жақсы жұбайлар. Махаббаттары баянды, ғұмырлары ұзақ болсын деп тіледім. Сол сіздермен бөліскенді жөн санадым. Сіздерге де осындай бақыт бұйырсын деген оймен! Суреттерді толықтырдым, шынайы ма екен деп сұраған кісілерге жауап. @alisha @Ojdan @Ottegin @AKY @Zilola @Aizhantabyn @Janasil @TERISKEI @KILYZAMAN @Delvara
Dinara
Келін сұлу екен, мін жоқ :) Машаллах, Алла тіл көзден сақтасын ;)
Zere
Суреттің өзіне белгі салып қою керек еді. Әйтпесе ана белгіге пысқырып та қарамайтын сияқты елдер.
yerbol89
Жақсы шыққан суреттерге белгі салып құртқанды жөн санамадым!
Aizhantabyn
Til kozden aman jursin! Gajaiyp suretter, odan da askan kelin :)))

+1
Janasil
Керемет! Той иесінің дәулетті кісі екендігі көрініп тұр!!! Риза болғаным дәулеттімін деп батыстық стильге ұмтылмай, тойды қазақы салтпен ұзатып жатқаны.Бақытты болсын!!
yerbol89
Дөп түстіңіз. Ия батыстық стильде емес нағыз қазақтың сал дәстүрімен өткізген! ))
TERISKEI
5-сурет ерекше ұнады!!! Ваще фотограф та, кейіпкер де келісе қалған екен!+5!!!
Пы.Сы. 7-суреттегідей биші қыздардың еркек кейпіне енгендеріне жыным қайнайды:(((
Delvara
мааа, керемет, қай қыз армандамайды бұндай тойды десеңші…
satvaldo
«Махаббатсыз — дүние бос» деп осы қыз үшін жыласаң, ырыспек :))
yerbol89
Бұл суреттегі қыздың бойфренді бар. ))) Оны соңғы қосылған суретке назар аударыңыз. Мені қинаған қыз ол соңғы суретте көрсетілген! Қазір жақсы, келісімін алып бақыттан бас айналып жүр. :)
Dinara
ұзағынан сүйіндірсін ;)
KILYZAMAN
Керемет!!! Алла қаласа — ұлымды үйлендіргенде, деген қиялымның реал суреті сияқты екен. РАХМЕТ!
VKM
Аға, шынымен ресторанға шығынданбайсыз)Мен де мамама көрсетпесем)
yerbol89
Потент менікі. Әр көрсеткен каражат! Хе-хе-хе Малика сондықтан авторлық құқықты бұзбайық. Хе-хе-хе әзіл ғой. Сенің де дәл осындай беташарыңнан осындай тамаша суреттерді күтеміз. Аман болсақ сонда болуымыз да мүмкін. )))
balzaminka
Керемет-ақ!!! Жас отау бақыт пен шаттыққа толы болсын!
VKM
Қазақша үлгідегі киім керемет жарасады, европалық үлгідегі киімге қарағанда:))
Altygradus
Маған да қазақша үлгідегі сериясы ұнады.
Тек аан сәлем салып жатқандағы оқтаудың мағынасын ұқпадым???
Dinara
Жанна, келін Шымкентке түскен сияқты ғой ;)
Біз жақта бет ашқанда орамалға оқтау байлап қояды, сосын әр туысты атап сәлем салғанда сол оқтаумен шамалы көтеріп қалып отырады орамалды. Ол оқтауды үйленген жігіттің бойдақ жолдас жігіті ұстайды. Беташар жыры оқылып біткен соң, келіннің енесі келіп оқтауды келіннің қолына табыстайды. Енді иесі сенсің, менен өтті саған барды деген сияқты :)
Сосын ана жерде үстелге кішкене киіз үй қойып қойған, келіннің алдыңғы жағында, сол да ұнады маған, көп жерде ақша салу үшін банка қойып қоятын, мынаны жақсы ойлап тауыпты :)
Dinara
Сосын тағы назар аударатын нәрсе, келін киіз үйден шығып келе жатқанда аяғының астында аң терісі жатыр, сосын ортада сәлем салып тұрғанда да астына тері тасталған, қазақтың дәстүрінде, бала шағаң көп, үбірлі шүбірлі бол деген тілекпен жасалады екен ол да ;)
Zilola
кухняның бірден-бір мебелін тапсырып жатыр ғо :)))
TOTY
Осыған ұқсас бір әнек бар еді ғой… есіме түспей тұрғаны...:)@Zilola
TOTY
Иә, Жанна, бізде шығыста беташар сәл басқаша үлгіде өтеді ғой. Мен де таңдандым соған.
yerbol89
Хе-хе-хе енді оңтүстік өлкесінің неге байлап ашатынын біліп жүретін болдыңыздар. Өздеріңіз көріп тұрғандай суреттердің өзі сөйлеп тұр. ))) Мен ес білгелі бізде оқтауға байлап ашады.
TOTY
Иә, Жанна, бізде шығыста беташар сәл басқаша үлгіде өтеді ғой. Мен де таңдандым соған @Altygradus
alisha
Бізде орамалдың шетін қамшыға байлайды; кейде домбыраның өзімен ашады.
yerbol89
Ал бізде оқтау! Енесі келініне тапсырады. Ал оқтауды ұстап тұратын бойдақ жолдас бала немесе қайынінілерінің біреуі ұстап тұрады.
TOTY
Бізде қалыңдық күйеу жігіттің қасында тұра береді, екі жағынан жеңгелері ұстау, оқтау,қамшы байлау деген жоқ. Тек беташар айтылып болғаннан кейін, домбыраның өзімен ашады.
TERISKEI
аздап оффтоп па білмейм:) Алматыға келгелі алғаш рет тойға бардым. Сөйтсем, прям свадьбаның үстінде қыздың бетін ашып тұр, ал қонақтар арасында қыздың әке-шешесі, ағайын, туыс-бауырлары бар, мам*ма© дедім че! Өмірі ондай көрмегем ғо…
edige
Қуғыншыларды әр жерден жиып теріп көлікке салып жіберген соң беташар болушы еді біз жақта
alisha
бізде де той үстінде ашады;
sammita
біздің жақта Беташарды тойда жасайды. Жастар тойға кіріп келгенде бәрі жиналып әмияндарын қолтыққа қысып күтіп тұрады:) келін ортаға жақындайды. Беташар айтылып, табаққа ақша салынады, соңында домбырамен бетті ашады.
@TERISKEI ал енД па-пппа дей бер:)
Janasil
Үйленгеннен кейі бір айдан соң беташар болып, сол жерде бетін ашқанды естігенмін.
omarbirat
Қаланың өзінде шығар. Әйтпесе, келіннің өз үй-ішінің көзінше бетін ашу біздің ауыл жақта жоқ. Ауыл — Алматыдан 95 км.
edige
Есіл дерті табаққа қарап тұрып келіннің көзін шығара жаздаған «Беташушы» бір жігітті танитынмын…
konvict
@Nurgisa емес пе? Ой. мен толық оқымаппын. Кешіріңдерші.
edige
Ай епты бай ә!!! :)))
Aizhantabyn
Betawardy katty jaksy korem! Tura bir mistikalyk dunie sekildi magan.
Bizde dombyramen awady, toi aldynan jasalady betawar. Birak Astanada tek yrymy gana kalgan. keide beti uje awylyp koigan kelinnin betin awu birturli sekildi, sol sebep solai ak toilai beredi. Individualno bari de :)

Oktau degen jaksy eken. Agalary kamwy sylaidy dep estigem kuieuine.
Al bir jerde okygam: kyz uzatylgan kezde bari jylap wygaryp salady, perilerge ol kyz oldi degen namek tastap, kein kaiyn jurtyna barganda keliinnin betin awady eken, tagy da sol peri jyndardy aldau maksatynda, tipa bul jana adam degen sekildi. Kyskasy, okysan kyzyk..:))
TERISKEI
қыз баланың өлі-тірісін беру үрдісі осы сіз айтқан нәрседен шықса керек-ті! Ахи брат, кешірші, түсінем…
Nurgisa
Былай қарасаң, тәрбиелік мәні де бар ғой бұның. Келін жаңа жұртына, ерінің еліне түскенде үлкен той боларға дейін тіршілік етеді, дегендей. «Беті ашылмай» жүру ыңғайсыздау сияқты, қисынға салсаң. Ресми ашылмай :) «Беташардың» мәні де сол, қылауы түспеген жаңа келінді елге таныстыру.

Келін туралы төге берсең аз емес қой. Үлкен мектеп, өз алдына дара институт. Мысалы, келіннің қайындарына, ауылдың үлкендеріне ат қою дәстүрі қатты ұнайды. Әйтеуір, оңтүстік жақта әліге дейін бар дүние. Аталарды атымен атамай, «Бақырауық ата, ұста ата» деп сыпайы жөнмен айтады. Одан кішірейіп қалмайды, қайта, тәлімнің бір қайнаркөзі дәл осы тектес жарасымды ғұрыптарда.
Dinara
Ия, біздің үйде келініміз қайныларына ат қойып алған бәріне, Төре баладан бастап Балапанмен аяқтаған :)))
alisha
Балапан есейгесін кім болады екен? ;)))
Dinara
ол жағы әзірге белгісіз енді, бірақ қазір өзіне ұнап жүр сол аты, маған да солай айт мен деп қояды ;)
Zilola
атамның туыс інісінің үйіндегі жеңешелеріміз (негізі апа, тойыс әже) әкемді «салпыауыз», папамнан кейінгі бауырына «дәу қара», одан кейінгісіне «ала көз» дейді. Қайын інілерін атымен атамай, неше жыл келін болса да тап осылай әлі күнге :)))
edige
Былайша атын айта салғанда сол «СИЛАҒАНЫ» болар еді
Aizhantabyn
magan da at koiy katty unaidy… bizge tek soltustiktik kelin tusti de, ol jagyn ukpai koidy :DDD
Altygradus
ой қойш ұнамайт маған ат қойғаны
Үлкендердің атын итак атамайды ғой
Білеміз идеалыңды, күні бойы шай құйып жүрген келін:))))
Aizhantabyn
Nu, Jan, tarbie sondai. Maselen, agamnyn toiiyna kelgen bir ajei, papamnyn jengesi, al papamnyn agasyna kelin goi, vot sol kelin kaiyn agasyna iilip turyp salem bergende auzym awylyp kaldy. Vrode ajei uje, al dasturdi ali saktaidy. :)))

Nege kuni boiy wai kiyp jrugen, epti kelin dewi onanda :DDD
Gastarbaiter
Шай құйып сүйіктіңнің тумаларына иілгенше, қысық көз жапондарға он рет тоңқайып сәлем салғаным артық десейш одан да?
Altygradus
Анаусы артық мынау кем деген сөз жоқ еді ішінде. мен ат қою ұнамайды дедім. Ал артқы жағы ол баса прикол Айжанмен арадағы
Gastarbaiter
Анаусы артық мынау кем деген сөз жоқ еді ішінде
Прекинь сен «ия» деп айтсаң қызығырақ болар ед.)
Altygradus
қыздардың шетелде оқығаны сол әнеки, жетіседі екенбіз болар еді ар жағы:)))
Abilakim
Бақытты болсын,әр жас қазақ отбасысының болашақ сәбилері көк байрағымызды биіктерден көрсетер азамат болсын!
Erkekyz
Ваааай, сондай тамаша суреттер)!!! Қандай әдемі келіншек, қандай жарасымды жұп!!! Туух, осыдан кейін қалай тұрмысқа шыққың келмейді, жльядым.)))
madlen
kandai ap-ademi kelinwek :)

bir suret koigym kelgen edi myna jerge, blin, bolmai jatyr. kalai?
direct
Екі жас бақытты болсын!!!
Суреттер керрремет түсіріліпті! Ырзамын!
Erlan
direct
Ерлан, мына суреттеріңді менің поштыма жібере аласың ба? Жұмысыма өте пайдалы дүние екен. Алдын ала рахмет! jan-su@mail.ru
monti
Ерлан, мына суреттеріңді менің поштыма жібере аласың ба? Жұмысыма өте пайдалы дүние екен.
уау, Ерлан үлестіріп жатса менің де почтама сала салыңдаршы плз ;), алдын/ала рахмет :)
Aizhantabyn
Erlan, magan da sala salynyzwy :) ulken otiniw :)))
madlen
kommentke suret koyuga bola ma ozi? aityndarwy, a :(
Erlan
білсендер айтсандаршы Мадленге, бір жагынан үйреніп алар едік))
VKM
bolady,Madlen,adettegidei koyasyn
Erlan
толыгырак айта кетсен?
VKM
radikalda suretti zhuktep alyp,osynda akelip koya salasyndar)4 ne 5-wi zhazudy
Erlan
рахмет алланнын нуры жаусын
blackbeard
Сұрақ туындады!!!
Алып қашты ма?
Altygradus
негізі Қарасақал суреттерге «анықтап» қарағанда алып қашпаған болуы керек сияқты:)

пысы:Өткендегі алып қашу туралы жарты сағаттық дифирамбың еске түсіп отыр:))))))
Erkekyz
Анадай ұлттық киіммен алып қашпас.))
Arhun
Ұлттық киімізге не жетсін
a63a1
сол ұлттық киім қыздың көркін ашып тұрған! Салыстырмалы түрде соңғы суретке қарасаңдар байқарсыңдар!
Arhun
дұрыс айтасың!)
aktobe88
Түфф, керемет енді. Сұлулығында мін жоқ. Қыздың.
yerbol89
Аха! Мен де сондай қызға үйленемін десең да!  Хе-хе-хе!
QAZASHQA
Салеметсиз бе Ербол мырза! Суреттер расында оте керемет! Мени кызыктыратыны, бул суреттердин иеси оз суретинин бул сайтта жария етилгенин биле ме? Алдын ала РАХМЕТ!
QAZASHQA
Салеметсиз бе Ербол мырза! Суреттер расында оте керемет! Мени кызыктыратыны, бул суреттердин иеси оз суретинин бул сайтта жария етилгенин биле ме? Алдын ала РАХМЕТ!
a63a1
случайны сен емессіңбе иесі?
QAZASHQA
жок мен емеспин)))
chimaq
Ar elding salty basqa ,yiti qara qasqa deushi me edi....taiaqpen ashqandy birinchi ret korgenim eken))))biz de qamchymen ,bet ashar jyryn aityp aityp ashady)))
Jaqsy eken!kelin netken sulu !baqytty bolsyn....))
Aigolek
Бари керррремет. койлегинин фасоны неудачно екен. 2-суретте
nurbolsaparbai
нагыз казакы салт, жаксы откен беташар екеуіде жарасымды тур, казак кылык тән,
dark_nazgul
Беташарда бетімізді жауып сызыла қаламыз да, той күні глубокое деокльте киіп жүре береміз. Ол тойда аталар, апалар бар, жарты емшегімізді,қолтығымызды, жалаңаш иығымызды оларға көрсетуден ұялмаймыз.
Двойные стандарты.
Marationok
Әрине, қос стандартты пайдалатымыз хақ, мен оны көзбояу ретінде түсінемін. Мәселе қазақша көйлек пен әшекейлерде емес, мәселе ниеттерінде.
timurrr
Қашаннан бері дұрыс айтып тұрған сөзің екен?
dark_nazgul
мен қашанда дұрыс айтамын ғой, әттең, тыңдайтын құлақ жоқ.
FaraOn1
Аппақ койлектің ішінен қап қара колготки киіп алғаны біртүрлі екен
Marationok
сосын, арматурадан жасалған киіз үйге де назар аудару керек
FaraOn1
Той жынды екен. евростандарт. енді шведский стол жасап, той жасайға көшу керек
Marationok
Қыздың бетін оқтаумен ашатын ба еді? Біртүрлі екен… жаңадан салт ойлап тапқандай
FaraOn1
неше түрлісі бар ғой.
домбырамен ашат. оқтаумен ащат. енді біреулері енесіне ашқызат. кейбір келіндер бетін жаппай келелі.
сәлем берудің де түр түрі бар. келін сәлем берет, келін сәлем беру білмит. келіннің қасындағы күйеуі екеуі қосылып сілем берет, бір тойда жігіт жолдас келінге қосылып иіліп тұрғанын көрім бұттан кеткем.
айтпақшы беташарда еще кейбіреулер ақшасын ссалып қкеліннің бетінен сүйіп алады барып. көбіне әжелер.)))
Marationok
Оқтауды өмірімде көрмеппін, домбыра, қамшы осындайлармен ашылатын еді ғой.Қалғандарын ойыннан шығарған сияқтысыз, сәлемді тек келін береді.Ал сүйіп алатындар олар жақын адамдары ғана.
Сосын байқағаным қыздың басында орамал кигізілген жоқ екен, киімі де қазақша болғанымен беташарға келмейді.
FaraOn1
мен көргенімді айтып отырмын. суретте анық дәлел тұр ғой оқтауға
Барлығы шынайы, өмірден алынған! Бір ағамыздың келіншегінің Бет Ашарында түсірілген суреттер.
автор жазған
сүйіп алатындар олар жақын адамдары
көрімдікті қайын жұрты береді ғой, беті ашылмай жатып шөпілдетіп жатады.
күеу жолдас пен күеулер де иілген кездерде бұттан кеткенім рас. Еще кейде екі жақтағы жеңгелері де бірге иіліп кететін кездер болады)))
Marationok
Шынай ма, емес па, мен көрмедім оны, шынайы өмірде, өз басым, ал жеңгелері де бірге иіліп кететін бар, бірақ, ол менің ойымша қате емес, бірге үшеуіде иіленеді.
Marationok
оқтау деген енді… тым қатты кеткені…
dark_nazgul
Біздің жақта "қайнағаларға бір сәлем" деп, бәрін жиып, аттарын атап, оптом сәлем сала салушы еді, өзім келін болып түскенде көрдім ғой: әрбір есімге сәлем жасатты. белімді жаза алмай қалдым, құрысын.
Оның үстіне, басыма салған шәлісінің алдыңғы жағы ауыр, теңгелер тағылған, жазуы бар, оған қамшы байлап Ебош ұстап тұрды, қатты тартып қалып, басымдағы шәлімді жұлып алғаны бар. Содан кейін қасымдағы абысындар шәлінің екі бұрышын менің қарыммен қосып ұстап тұрған, тағы жұлынып кетпесін деп. Ара-арасында өзім «кетті, кетті» деп қоямын, олар мықтап ұстайды. Тура бір жарым сағат беташар айтылыпты.
Marationok
біздің жақ қай жақ? домбыралатып өткізілді деп үміттенейік…
FaraOn1
тек қана домбырамен ашылу шарт емес деп оқығам бір жерден. ең бастысы өсиет, насиха пен қайн жұрты әдемілеп таныстырылса болды. қара сөзбен де ашыла береді. бірақ домбыраға жетпейді ешқайсы
Marationok
шарт деп айттық па?
Marationok
сосын, естілер, көрінер, деген сияқты ежелден шыққан салт дәстүрімізді ала жүрмесек, оның несі қазақы?
FaraOn1
домбыралатып өткізілді деп үміттенейік
дегенге жанамалатып айтып жатқаным ғо))
Marationok
бұл менің ойым ғана, кім қалай өткізеді, өз еркі, бірақ, сосын айтылатын сынға ренжіс білдірмесін.
dark_nazgul
домбыралатып.
Біздің жақ деген Алматының наймандары.
Marationok
охо, енді әдеби тілдің негізін қалаушылары мықты, бірақ 1-2 қылықтары халыққа ұнай бермес.
aza
Мынау қашанғыыы сурет қой, бұрын да болыд емес пе?!
sammita
сәлеметсіз бе? күні 2011 жылғы 27 сәуір деп тұр ғо.
Qazaqiya
qaidagy oqtau?!? kuieuin sabasyn dep bere me?!? )))) Qazaqta qamshymen salem bergizetin edi goi… sosyn otauyndy durys usta dep Kuieuine beretin (kerek kezinde qatynyn sabasyn dep)!!! birinshi ret korip turmyn oqtaumen salem bergizgendi… )))))