Қазақшасы балдыр-батпақ, сатпақ-сатпақ сайттар көбейді
Өткенде ФФК-нің сайтына өре түрегеліп едік. Енді мына сайтқа да сондай тесірейіп, жаман көзбен қарауға тура келіп тұр. Телебезерден, интернет беттерінен мына сайт туралы http://visitkazakhstan.kz естіп жүргем. Көруге бүгін ғана ыңғай болды. Ашарда сумаң етіп әй, бұл да бір шығар деген ой келген. Бақсы екем. Тағы бір балдыр-батпақ, қазақшасында қате өріп жүрген сайттың бірі екен. Қазақша бетінің жартысы орысша. Алдымен бөлімдерді қарап отырып «Демалыс қоймалары» деген бөлімге көзім түсті. Қоймада демалып жатқанымды елестетіп күлкім келді. Тағы бір жерінде «Мүмкін, Сіз іздедіңіз: Астананың қонақ үйлері, Алматының қонақ үйлері»деп тұр. Осыны оқып отырып құлағыма қалада өскен қазақшасы не то қыздың даусы келді. Бас жағында сайттар деген бөлімнің атауы «Сайттер» деп тұр. Басында Саттар шығар деп ойлағам. Бізде бәленің бәрі бар ғой, сайтты жасатқан біреу баласының аты-жөнін жазып қойды ма деген ой ғой))). Сөйтсем сайттар екен. « 10 себеп Қазақстанға келу үшін» деп қояды бір жерінде. Пайдалы мәлімет дегеннің астында «Туристтік объекттерді» деген тұр қасқиып. Аудармашы аударушы болып кетіпті. Қазақша ақпараттар… айтпай-ақ қояйыншы. Айтып айтпай не керек біраз ақша салыныпты, бірақ қазақшасы аяқтан шалыныпты. Иесі ҚР ТжСМ туризм индустриясы Комитеті екен. Құлақтарына алтын сырға, мына сайттарың Қазақстандағы туризмнің «тым» керемет даму үстінде екендігін көрсетіп тұр.
Ешкімге керек емес дейді негізі қазақшасы, сол үшін сондай деп