Спартакиада жеңімпазы болдық



Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласында Мәдениет және БАҚ қызметкерлері арасында тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекеге байланысты облыстық туризм және спорт басқармасының ұйымдастыруымен спорттық шара өз мәресіне жетті. Шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі, стритбол(қыздар арасында), мини футбол, волейбол спорттық ойындарынан алты команда сайысқа түстік. Осы сайыстың арасында біздің ұжым жалпы командалық есеп бойынша екінші орынға қол жеткізіп қуанышқа кенелген жайымыз бар. Енді сол сайыстардың көріністерін өздеріңмен бөлісемін достар:)


Біздің теннисшілер

Тоғызмалақ ойынындағы ойыншымыз

Шахматшыларымыз

Ең тартымды және спартакиаданың басты ойыны волейбол болды. Өзім осы волейбол командасының құрамасында болдым. Ал енді сол волейбол ойындарында ақтық мәреде Қазақстан-Ақтөбе телекомпания ойыншыларымен сайысып есе жіберіп екінші орынды олжаладық. Олар өздері жеңгенмен арасында сырттан қосылған ойыншылар бар екенін және біздің мықты қарсылас болғанымызды мойындап кетті. Сол волейболдан көріністер:

біздің волейбол командамыз



ақтық сындағы ойынның басталар сәтіндегі амандасу


Ойынның аяқталу сәті


Жеңімпаздардың естелік суреті



Жалпы командалық есепте екінші кубок иегеріміз
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
құттықтаймын! жазда Шымкентте БАҚ өкілдері арасында осындай спартакиада өтеді. келесіңдер ме? Ақтөбеден бір құрама құрып келсеңдер жақсы болады.
patick
@asaubota Алматы арқылы өтесіңдер ма ;)
asaubota
биыл Алматыда болмайды, бұрындары Алматыда болатын еді және тек қана футбол еді. биыл бірнеше спорт түрінен болады дейді.
ErNur
Буйыртса алда соған арнайы іріктеу жарысы өтед деп отыр ғой, жеңсек әрине міндетті түрде барамыз ғой :)