"Ликвидатордың" диагнозы - лағу

1) “Жақсы тақырып – жарты мақала“.
Кинотеатрға жұрт тартушы фактордың бірі сол киноның аты екенін жоққа шығармайсыз. Демек, Дольф Лундгреннің “ Каратель”, Арнольд Шварценеггердің “ Стирательдеріне” тойып келіп, Айтжановтың “ Ликвидаторын” көремін бе? Яки, фильмнің атауы бірден 80-90 жылдардың арзаңқол, оқтан құлағың тұнатын, ойыңды ойға қашыратын боевиктеріне ұқсатып жіберді де. Айтпақшы, Чак Норристің де “ Ликвидатор” (Агент) деген қырғын фильмі бар…
2) Соншалық сүйкімді Қарлығаштың ойынына қарап, қарным ашты. 2,5 ай камера алдында жүргізіп-тұрғызып, 65 сағаттық материал жинағанда, неөжели актрисаның актриса сияқты ойнаған жері табылмады, а? Айталық, Арсен (Берік Айтжанов) редакцияға келгенде, алдынан Қарлығаш шығып, ағасының қайтыс болғанына адам емес, ауласындағы тауық қайтыс болғандай көңіл айтады. Әй, оған ең сенімді адам ретінде ақырғы аманатын қалдырып кеткен әріптесі осындай болушы ма еді? Мен, мысалы сенбеймін. Сезім жағы солғын.
3) Сазандай “ Мерстің” артынан сүліктей қара “ БМВ” келіп қағады. Ибай-ау, “ Мерстің” алдындағы үрмелі екеу, бүйіріндегі төртеу, я терезелеріндегі екі қауіпсіздік жастықшасының бір де біреуі ашылмайды ғой. Вердикт: не “ Мерседес” айдауға аса қауіпті, не бұл техникалық ляп. Жарайды, бұның тырнақ астынан тас іздеу

4) Идея. “ Сатаев өзін-өзі қайталады” деген сөзді Қисық та, Әсия, Ерлан да бірінен соң бірі қайталап өтті. Жарайды, қайталау-ақ болсын. Сүйікті режиссерім С.Л.Бхансали “ Навеки твоясын” 1999 жылы түсіріп алып, үш жылдан соң “ Девдасын” таспалады. Камераны люстраның төбесінен айналдырып әкелуден бастап, бақытсыз махаббат идеясына дейін қайталады былай қарағанда. Немесе “ Тьмадан” (2005) соң, былтыр “ Мольбаға” ауыз салды дегендей. Еуродекорациясын алып келіпті деді. Мың жерден қайталады дегенмен, оның келесі фильмі алдыңғысынан әлдеқайда биік межені алып жатты. Біздің жағдайда “Қырып-жойғыш” “ Адасқандардың” жанынан алыс кете алмады. Тек басқаша жазықтыққа проекцияланғаны болмаса… “ Ликвидаторда” көтерілген басты мәселе не еді? Тұлғалық ыдырау, я раздвоение личности. Тамаша тақырып иә, келісерсіздер? Бірақ, Дэвид Финчердің “ Бойцовский клуб”, Мартин Скорсезенің “ Остров проклятых” деген фильмдері де осы тақырыпты қаузаған. Екеуі де ең-ең әсерлі фильмдердің қатарынан тұр.
“ Ликвидатордың” да диагнозы – лағу. Бірақ, жоғарыда айтқан киноларымда Жақсылықовтың сценарийіндей емес, көрсетілімнен соң ешбір күмәнді сұрақ қалмайтындай етіп тігісі жатқызылып, теріне тері болып жабысардай үтіктелген еді. Мысалы, “ Остров проклятыхтағы” бас қаһарман Лео ди Каприоның өн бойынан драматизм дегенің сасып тұрады

Арсеннің қояншық екені рас екен, онда неге осы кезге дейін істеген тірліктерінің бәрі терістелмейді? Неге барлығының жалған болғандығы аяғында анық болмайды? Осы енді. Қалған жағынан фильм озып тұр ғой. Чжан Имау, Санджай Бхансали, Дэвид Финчер, ағайынды Коэндердің пландарына үйреніп қалғанмын ба, Сатаевтың “секіргіш” камерасына шыдай алмадым. “ Секіргіш” камера десең, Кэтрин Бигелоудың “ Повелитель бури” деген киносын қайда қояды дерсіз. Ондағы операторлық жұмыстың орны бөлек, бекерге “Оскар” алды дейсіз бе? Очм, “Ликвидатор” ойымнан шықпады. Бірақ, бұдан Сатаев жаңылыса бастады деген ой тумаса керек. Ағамызға “ Мың баланың” түсірілімінде толағай табыс әм сәттілік тілеп қояйық!
Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/04/24/%d0%bb%d0%b8%d0%ba%d0%b2%d0%b8%d0%b4%d0%b0%d1%82%d0%be%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d0%bd%d0%be%d0%b7%d1%8b-%d0%bb%d0%b0%d2%93%d1%83/
Сосын:
Станиславский жоқ ондай әртістерге…