Қайсың әңгіме айтып отырған?

Жұма күні сағаттың үлкен тілі 12-ні кіші тілі 5-ті соққанда жұмыстан сытылып кеткен мен автобуста отыр едім. Жанымда бір жолдасым бар. Жол қысқарсын деп әңгімені ұрып келеміз.Студенттік кездер, ауылдың жағдайы, саясат… Расында да біраз жер жүріп тастағанымызды байқамай қалыппыз.Біздің тамаша әңгімемізді кілт тоқтаған автбус және қолына монтировка ұстап ортаға шыққан жүргізушінің сөзі бұзды.
-Қайсың,әй әңгіме айтып жол қысқартып отырған! Кейбір «астановкалар» жоқ болып кетті.План орындауымыз керек, адам аз, айтпаңдар әңгіме!
Бөлісу:

4 пікір

edige
Проезной мен валидатор қанды ішіп жатқанда енді сендер ма нақтар… :)
Abilakim
Бізде біріншің бар екіншің жоқ)))
bake
дәл осы жағдайдағы автобус жүргізушісіне ұқсап кететін кездер де бар, айтқанға қашан болса да үлгересің ғой, бізде «айтып қал» деген бар, айтпаса да болар еді