Арқаңды қоздыратын үзінділер хитпарады



Адам деген нәзік нәрсе ғой, шіркін. Мойыннан алмаспен бір сипасаң қата қалады, хехесс… Жә, қара әзілді қойшы. Қандай мықты болсаң да, сағың сырқырап, сынуға шақ қалған кездер болады. Тұз-Қант-Тұз-Қант -Өлім.
Бірақ қиыншылықта бірден өлім туралы ойлап, өзіңді өзің аяп, мұрныңның боғын жеңіңе жағып сорың қайнап, сормаңдай күйге түсетін кездерде де ішіңде бір жігердің нышаны қалғаны жақсы. Мейлің еркек бол, мейлің әйел бол қайғыдан қажып, берекесіз тірліктен тәлтіректеп қалған кездері кейде біреудің бір ауыз сөзі алға басуға жігер беретіні бар ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, арқа қоздыратын фильмдерден үзінділермен бөліскім келеді.
Аудармасы астында. Субтитра қоса алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз. Өздеріңізге ұнайтын сондай фильмдер болса бөлісе отырыңыздар!



3 орын.
"Өзің онсыз да білетін бір нәрсе айтайын саған. Әлем тек күншуақ пен кемпірқосақтан құралмайды. Бұл өзі қатал да сұмырай мекен. Сенің қаншалықты мықты болғаның қызықтырмайды, ол сені ұрып тізеңе жығады да, құлаған жеріңнен тұрғызбай тастайды, егер ерік берсең. Сен де, мен де, ешкім де өмірдің ұрғанындай қатты ұра алмайды. Бірақ мәселе сенің қалай қатты ұра білуіңде емес, мәселе қаншалық қатты соққыға төзіп, әрі қарай алға баса білуіңде… Қанша рет жығылып, қайта тұра білуіңде. Жеңудің құны сол. Ал енді өз парқыңды біледі екенсің, шық та, өзіңе лайық олжаны қанжығаңа байла. Бірақ сен алдымен соққыларды қабылдай білуің керек. Саусағыңды әркімге шошайтып, «пәленшенің, түгеншенің немесе мынаның кесірінен мен өзім қалаған адам бола алмадым» деп жыламсырау емес. Сужүректер айта берсін солай, бірақ сен айтушы болма! Сен одан жоғарысың!"

****


2 орын.
" Бері қара. «Сенің қолыңнан бірдеңе келмейді» деп ешкімге айтқызба. Тіпті маған да. Ұқтың ба?.. Аңсаған арманың бар болса, оны қалайда қорғауға міндеттісің. Адамдар өзінің қолынан келмеген соң, «сенің де қолыңнан келмейді» деп айтқысы келеді. Бірдеңені қалайсың ба? Бар да ал. Бітті-Балқия."


***


1 орын.
Менің атым Максимус Децимус Меридиус. Солтүстік әскердің қолбасшысы, Феликс Легионының генералы, хақ Император Марк Аврелийдің адал қызметшісі. Қастандықпен өлтірілген ұлдың әкесі, қолдан қаза болған әйелдің ері. Бұл дүниеде болмаса, о дүниеде түбінде кегімді аламын.
Бөлісу:

19 пікір

qisyq
Бірінші, екінші орынды жақсы белгілепсің. Келісемін. Демотиватор жынды!
asaubota
кімге демотиватор, кімге мотиватор :)
Ereke
Демотиватордағы
технищні башжібер
осыны түсінбедим? Бұл «Сделай технично» деген ба?
AKY
Түсіндіржверин десем ұялып отырм))
Ereke
Ұялып отырсаңыз, веб комикс арқылы түсіндіріп берерсіз ))), м?
Gastarbaiter
Сен шам жағып тұрсаң, мен-ақ көрсетейін іс жүзінде:)
ken
шапалақпен тартып-тартып жіберер ме ед
satvaldo
көрiнiп тұр әккi жiгiттiң әңгiмесi…
Gastarbaiter
Прикол үзінді есіме түсіп кетті:))
***
«Кешіріңіз, тезірек қимылдамас па екенсіз?»
"Құрметтім, менің екі-ақ қолым бар, кез келгені сенің тұмсығыңды бұзуға дайын."

(«Анализируй то», официант боп тұрған Роберт Де Нироның сөзі)
Aizhantabyn
Мен үшін алғашқы орында «Пока не сыграл в ящик» фильміндегі мына үзінді:
Картер (қара нәсілді ше) айтады ғой: Ежелгі Мысырлықтардың өлім жайлы ойлары әдемі болатын. Олардың сенімдері бойынща Жұмаққа кірер алдын оларды құдайлар қарсы алып екі ақ сұрақ қояды екен. Соған берілген жауапқа орай жұмаққа кіреріңді не кірмесіңді анықтайды екен. Сонда қасындағы досы сұрайды: не сұрақтар екен? Картер айтады: алғашқысы "өмірден қуаныш таба білдің бе? (осы жерде досы ия деп жауап береді), ал екіншісі «сенің өмірің басқаға қуаныш сыйлады ма?» (досы, солардан, өзгелерден сұрау керек дейді.)
Шынымен, бүкіл өмірдің мәні осы екі сұраққа келіп тірелетін секілді)
Gastarbaiter
Бұл параметрлер бойынша Гитлер де өтетін сияқты.
Aizhantabyn
хм, бірақ Гитлердің басқаларға қайғы сыйлағаны да бар ғой. Мейілінше бақыт сыйлап (қуаныш деп оқы) өмір сүргендер ғана өтетін шығар))
Gastarbaiter
Түк істемегендер ше?
Aizhantabyn
ol jagyn aitpady goi kinoda :) mumkin olar omirin bos jibergeni uwin tozakka ketetin wygar :))
konvict
Законопослушенный гражданин деген кинода басты рөлде ойнайтын жігіттің судьяға айтатын жері де мықты шыққан
satibaldi
«Бәрібір түбінде өлетініміз бар екен, так продадим же свою жизнь дороже!» © «Matrix-4»
asaubota
бірінші сөздің әсері мықты, рекомендеймін