Шоған Абыз(1584-1642)
Шоған Абыз Ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет
Сол бір замандарда 13 жасынан ерекше алғырлығы және батырлығымен елінің назарында болған екен. Абыз атағын бұл бабамызға елі беріпті. Мына ескерткштегі ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет бірге бейнеленуіне себеп бар екен.
Енді менің естіп білгенім: Тұғжым мен Дәуім өз ұлдары да қалған екеуі асыранды балалары екен. Соның ішінде Мәмбет жайлы естігенімді айтайын.
«Алжанды Шоған асыраған» — деген, ұлы жүз балалары ішінде тұжырым бар. Ол тұжырымды Алжан ұрпақтары ешуақытта теріске шығаруға талпынбаған. Себебі, ол расында солай. Ел арасында жүретін Шоған бабамыздың көзі- сарттың малын бағып жүрген кішкене екі ұл балаға түседі. Жөн сұраса келіп, алашапқында (жоғалып)адасып қалған қазақтың балалары екенін анықтайды. Тумысынан зерек бабамыз, Мамбеттің жыртық шапанының арқа жағынан көрініп тұрған денесінен(жотасынан) жалпақ қал байқайды. Балаға, мен сені жақын арада құлдықтан құтқарамын көп алысқа кетпе, жақын жерде бол дегенді айтады да жүре береді. Кейін қазылар талқысына салған кезде — ол Мамбетті менің қуғын-сүргінде жоғалқан ұлым еді, айғағым бар деп уәж айтады. Сарт болса, берместің амалын іздеп — бұл баланы жөргектегі кезінде ақ көп ақшаға сатып алғанын айтып байбалам салады. Қазылар не дәлел-айғағың бар дегенде, баланың жотасындағы қал жайлы айтыпты. Содан кейін сартқа балаларды аман сақтағаның үшін деп сый сияпатын ұстатып оларды өзімен еліне алып қайтыпты. Үйінде бұл баланы атымен атамай, өз балаларынан артық көріп, тапқанын соған ал жаным, ал жаным алағой, деп ұсынатын әдеті болыпты. Ал, ауыл жеңгелері — Мамбетті содан Алжан деп атап кеткен екен… (Ел аузынан).
Сол бір замандарда 13 жасынан ерекше алғырлығы және батырлығымен елінің назарында болған екен. Абыз атағын бұл бабамызға елі беріпті. Мына ескерткштегі ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет бірге бейнеленуіне себеп бар екен.
Енді менің естіп білгенім: Тұғжым мен Дәуім өз ұлдары да қалған екеуі асыранды балалары екен. Соның ішінде Мәмбет жайлы естігенімді айтайын.
«Алжанды Шоған асыраған» — деген, ұлы жүз балалары ішінде тұжырым бар. Ол тұжырымды Алжан ұрпақтары ешуақытта теріске шығаруға талпынбаған. Себебі, ол расында солай. Ел арасында жүретін Шоған бабамыздың көзі- сарттың малын бағып жүрген кішкене екі ұл балаға түседі. Жөн сұраса келіп, алашапқында (жоғалып)адасып қалған қазақтың балалары екенін анықтайды. Тумысынан зерек бабамыз, Мамбеттің жыртық шапанының арқа жағынан көрініп тұрған денесінен(жотасынан) жалпақ қал байқайды. Балаға, мен сені жақын арада құлдықтан құтқарамын көп алысқа кетпе, жақын жерде бол дегенді айтады да жүре береді. Кейін қазылар талқысына салған кезде — ол Мамбетті менің қуғын-сүргінде жоғалқан ұлым еді, айғағым бар деп уәж айтады. Сарт болса, берместің амалын іздеп — бұл баланы жөргектегі кезінде ақ көп ақшаға сатып алғанын айтып байбалам салады. Қазылар не дәлел-айғағың бар дегенде, баланың жотасындағы қал жайлы айтыпты. Содан кейін сартқа балаларды аман сақтағаның үшін деп сый сияпатын ұстатып оларды өзімен еліне алып қайтыпты. Үйінде бұл баланы атымен атамай, өз балаларынан артық көріп, тапқанын соған ал жаным, ал жаным алағой, деп ұсынатын әдеті болыпты. Ал, ауыл жеңгелері — Мамбетті содан Алжан деп атап кеткен екен… (Ел аузынан).
Қолайлы ел-жұртына жағып өткен,
Айтайын жаманын да жасырмадым,
Атаға жаман атақ тағып өткен.
Қалы бар жотасында нышаналы,
Мәмбетті шоған абыз бағып өткен.
Мәмбеттен бері қарай Алжан тарап,
Жайылып құйрығы мен жалы еткен.
Алжаннан Райымбек батыр шығып,
Қақ бөліп қара суды жарып өткен… myxatai2006.narod.ru/alban.html
Біреуге нақақ жала жаппа балам.
Ісіңнің абыройы содан кетер,
Өз басыңның ақтығын сақта балам.
(ШОҒАН АБЫЗ)
Авторы Қанапия Омарханұлы,
журналист, заңгер
Хантәңірінің етегіндегі Қайнар ауылында сол қолымен жүрек тұсына Құран кітабын қойған, оң қолына айшықты аса таяғын ұстаған қыран қабақ, бадана көзді, қыр мұрынды, айбыны асқақ Шаған абыздың ескеткіш-монументі тұр. Даңқты бабасының бейнесін ұрпақ жадынан кетпестей етіп сомдаған мүсінші Құрақбай Үсенұлының шеберілігіне еріксіз риза боласың. Қайта-қайта қарай бергің келеді…
Шоған абыздан тараған, мұқым Қазақ еліне мақтаныш болған тарихи тұлғалар аз емес. Жоңғар шапқыншылығы бастан өткен заманда халқына пана болған Хангелді, Райымбек батырлар, ХХ ғасырдың ақиық ақыны, ұлы Мұқағали, ірі саясаткер, қоғам қайраткерлері Сағат, Алтынбек, тағы басқа да халқымызға кеңінен танылған әйгілі ұрпақтардың түп атасы — осы Шоған абыз.
Қазақ елі кемелденген XVI-XVII ғасырларда бірнеше атаның басын біріктіріп, рулы ел жасаған, өз заманында мемлекеттік дәрежеде халқына өлшеусіз қызымет көрсеткен Шоған абыздың өмір сүрген ортасын, тарихи кезеңн білу — бүгінгі ұрпақ үшін танымдық маңызы зор, құнды дүние. Егер Қазақ елінің тарихнамасына зер салып қарасақ, Шоған абыздың ат жалын тартып мінген, кәмелетке толған кезі Есім хан билік құрған XVI ғасырдың соңғы ширегіне тұспа-тұс келеді екен. Абыз бабамыз 1584 жылы Шыршық өзені бойында өмірге келіп, 1642 жылы дүниеден өткен болса, Қазақ хандығының айбынын асырған Есім хан дәл осы кезеңде жарты ғасырға жуық билік құрған.
Мұны айтып отырған себебеім, Қазақ елінің мемлекеттік құрылымын жан-жақты күшейткен, бір орталыққа бағынған күшті хандыққа қол жеткізген Есім өзінің кемел ісімен бүкіл Орта Азия өңірінде даңқты хан атанды. Ел билеудегі ерен ісі тарихқа „Есім ханның ескі жолы„ деген сол зол заманға лайықты конституциялық заң үлгісі ретінде кірген, кейінгі Қазақ еліне аты мен заты мәңгіге қалған бірегей тұлға.
Осы Есім ханнан қалған „ескі жолда„ мемлекеттік биліктегі ел басқарудың мынандай төрт қағидаты халық жадында әлі сақтаулы, Бұл қағидат сол кездегі билік жүйесінің құрылымын саралап жиналып бас қосқан құрылтайда жарияланған. Ел басқаруда сайланған абыздардың дәрежесі бүгінгіміен салыстырғанда сенаторлыққа тең келеді деп пайымдаған жөн. Егер, қазіргі кезде Президент жеті сенаторды өзі тағайындайтынын ескерсек, айтулы абыздарды да кезінде Есім хан тікелей таңдауы бек мүмкін. Сондай хан сеніміне ие болған абыздардың бірі — Шоған абыз деген болжам бар.
Төртінші, „Батырлардың жорық жолын мақұлдау„ да үлкен мемлекеттік саясат. Мұнда, әсіресе, халықаралық сыртқы қарым-қатынас, іргелес елдермен тату-тәтті тұру мәселесінің құқыұтық міндеттерін қарастырған. Өйткені, Қазақ елі атам заманнан мемлекеттік құрылымын әскери демократиялық үлгіде ұйымдастырған. Сол негіздегеі елдік мүддені сақтап келгендіктен, іргелі ұлыстарға қарсы жорыққа аттануды алдын ала Хан Кеңесіндегі ұлық билер бірауыздан қолдаса, құқықтық негібен бекітілсе ғана шешімін тап-қан. Жалпы, Қазақ елі беймарал, бейбітшіл болғандықтан өзге жұртқа өздігінен ұрынбаған…
...Ұлағатты сөзге айналған, мән-маңызын әсте жоғалтпайтын, ұғымы терең тұжырымдар әрі сол заманның ұстаған конституциялық заң нормасының төрт саласы ретінде бізге жеткен.
„Хан болсын,
Ханға лайық заң болсын!
Би болсын,
Би түсетін үй болсын!
Абыз болсын,
Абыз сайлау парыз болсын!
Батыр болсын,
Жорық жолы мақұл болсын„! — деген қағидаттарды жеке-жеке саралап көрелік.
„Ханға лайықты заңның болуы„, яғни ол кездің өзінде де жалпы мемлекет ұстанатын Ата заңның болғандығын анық байқатады. Сондай-ақ, әр елдің тұңғыш Президентіне арналған заңның болатынын және ескерсек, Есім хан тұсында заңдылық күшін иеленген бұл қағидат хан біткеннің халық үшін, мемлекет үшін қызмет көрсетудегі жөн-жобаны және саяси-құқықтық тұжырымдаманың нақтылығын айқындап берген.
Екінші, „Би түсетін үйдің болуы„ жай айтыла салған сөз емес, бұл жердеде мағынасы терең заңдылық қағидаты талап етілген. Сот істері, мемлекеттік дәрежеде жүргізілетін құрылтай кеңестер, әрқилы дау-шарларды қарайтын сот орындары мен билер бас қосатын алқалы отырыстардың сақадай сай болуы, оның жасау-жабдығы, ас-суының талапқа сай жабдықталуын, билер шешімінің сапалы, әділетті өтуіне жағдай жасаудың заңдылық өлшемдері бекітілген. Бүгінгі тілмен айтқанда, бұл ұағидат бойынша Сот әкімшілері атқаратын жұмыстарды мүлтіксіз жүзеге асырудың тәртіп-низамдары белгіленген.
Үшінші, „Абыз сайлаудың парыз болуы„ да мемлекеттік биліктің бірден-бір ұстыны, ел басқаруда және заң тұрғысынан халыққа қызмет көрсетуде бүгінгі депутаттар атқарып жүрген мәжілістік қызметтерді абыздар орындағаны сөзсіз. Ғұламалық білім, шешендік өнер, әділ билік, даналығымен даңқы шыққан, халық қадір тұтқан, қалың елге құрметі асқан адам ғана абыздық дәрежеге жеткен. Ондай адамдарды абыз деп тану, яғни халықаралық жанжалда „ұзында кеткен кек, қықада кеткен өш„ болмаса, жөнсіз баса-көктеп шабуыл жасамаған. Мұндай аса маңызды халықаралық істер ұлық билер бас қосатын Хан кеңесінде бірауыздан мақұлдауды, иә мақұлдамауды осы мәртебесі биік құзырлы орын ғана қарап шешкен.
Есім хан билік құрған XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың бас кезі (1598-1645) Қазақ елі үшін ынтымағы жасрасқан, елдің береке-бірлігі күшейген, Халық жарлығының қағидатына сай әділ биліктің салтанат құрған, әсіресе, қалалы жер мен далалы өңірде билер ел басқару ісіне неғұрлым молынан араласқан кез еді. Оны біз Есім ханның тікелей басшылығымен Ташкент қаласынынң бас биі етіп Досмұхаммед биді тағайындауынан көреміз.
Халық арасында Дос би деген ардақты атқа ие болған ол айналасына өзі сынды билігі әділ, ісі кәміл, халыққа қиянат жасамайтын турашыл билерді жинайды. Салық төлемдерін шектен тыс көбейтпей, бұқара жұртшылықтың қас-қабағына қарап ел басқарған. Дос бидің беделі халық алдында зорая түседі. Алайда, алдында Ташкент әмірлігіне тағайындалған қатаған Тұрсын хан халықты „баж„, „хараж„ салығымен қатты қанап, елдің көзін салықтан аштырмай, аяусыз қинаған еді. Оның үстіне Ташкентті жеке билеу мақсатымен, өз атынан ақша соқтырып, мемлекет ішінен мемлекет құру сынды бүлікшіл әрекетке барады. Бұл әділетсіз қылығы үшін тақтан тайдырылған Тұрсын хан беделі биік Дос бидің көзін құртпай, даңққа ие болмайтынын сезіп, оны өлтіруді ойластырады. Ол ақыры осы мақсатына қолын жеткізеді.
Шымған жайлауында үш әйелі, он тоғыз баласы және сол күнгі қонақтарымен демалып жатқан Дос биге Тұрсын хан қырық қарақшысын жұмсап, бір түннің ішінде бәрін қырғызып тастайды. Бұл қанды оқиға туралы сол кезде Ташкент хандығында кеңесшісі болған жиырма төрт жасар Әбілғазы баһадүр хан „Шүбһа и уәйл-дағ„(„Таудағы жұмбақ қырғын„) деген естелік ктап жазған екен. Осы тарихи дерекке сүйенсек, Тұрсын хан бұл жауыздығы үшін Есім ханның каһарлы жазасына ұшырап, басы алынады. Бұл жазаның қалай орындалғаны туралы Марғасқа жыраудың:
„Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Алтын тақта жатсаңда,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңде келіп тұр.
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды„, — деген хан жарлығындай, би үкіміндей айтылған жыр жолдары Тұрсын ханның қаныпезер қылығына әділ берілген жаза екенін айғақтайды.
Осылайша Есім ханның әмірімен 1628 жылы Тұрсынның басы алынғаны іліміздің сол замандағы тарихын қамтыған өзге де жылнамаларда айна-қатесіз жазылған.
Бізідің айтпағымыз, мұндай ел мүддесі әлекке түскен қысталаң шақта қарапайым бұқара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Дос би сияқт ы ұлық билердің қатарынан табылған Шоған абызда сол Ташкент өңіріндегі шоқтығы биік билердің бірі болғанына көз жеткізу. Ел тағдыры шешілетін осындай қанды оқиғалардың қақ ортас ында жүріп, Шоған абыз өз ұрқынан тараған талай атаның баласын ел санатына қосты. Оларды ірі-ірі рулы елдің дәрежесіне жеткізген нағыз абызға тән айтулы еңбек сіңірді.
„… Тарихи деректердің көзіне сүйенсек, мұндай ел мүддесі үшін жаңартылған заңдарды іріктеп бекітуге XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген Досмұхаммед би(Тәуекел ханның атақты елшісі Құлмұхаммет бидің ағасы), Жиембет би, Монтай би, Шоған абыз сынды ел таныған атақты билердің қосқан үлсеі зор„, -деген деректерді келтірген едім.
Академик, ғұлама ғалым Салық Зиманов құрастырған „Қазақтың ата заңдары„ деген еңбекте „Есімханның ескі жолы„ туралы көптеген ғылыми-зерттеулер берілген. Соның ішінде Ералы Саққұлақұлының(1846-1932ж.ж. атақты Саққұлақ бидің баласы) берген деректерінің орны бөлек. Осы жазба дерек арқылы жеткен „Есім ханның ескі жолы„ заңының IV-бабындағы „Қылмыстарға берілетін жаза„ бөлімінің „Үкім„ тармағы 118 тармақшадан тұрады. Мұның өзі көлемі мен мазмұны жағынан орта дәрежелі заң кодексіне пара-пар келетін ереже-қағидалар екенін көрсетеді. Олай болса, өз заманында кемелділікпен жасалған құқықтық реформаға жоғарыда есімдері аталған айбынды билермен бірге, Шоған абыз атамызда зор үлес қосқаны айдан анық нәрсе. Бұған нақты дәлел — Есім хан Қазақ елінің хан тағында тапжылмай 47 жыл билік құрғандығы. Яғни, абыздың 58 жылдық ғұмырының қырық жеті жылы „Еңсегей бойлы Есім ханның„ ел билеу қызметімен қатар жатыр. Сондықтан Есім ханның жаздырып, конституциялық дәрежеде заңдастырған бұл құқықтық қөұжаттың дайындалуына, оны талқылап бекіттіруде Шоған абыздың да айтарлықтай үлес қосуы әбден мүмкін.
Оған мысал, сол заманда абыздық дәрежеге жеткен мұндай ұлық билер Хан Кеңесінің немесе Билер Кеңесінің алқалы отырысына үнемі қатысатынын өзге де тарихи жазбаларда нақты айтылады.
Ендеше, Ташкент, Шыршық, Бозсу, Шымған, Майдантал, Тұрбат, Қазығұрт, Шымкент, Түркістан арасында жалпақ жатқан қалың елге билік айтқан Шоған абыз өзінің әділ билік, елді ұтымды басқарудағы зор бедеілмен Есім ханның ұлық билерінің бірі екенін растайды. Бұған қса Шоған абыз Ташкент қалсаының бас биі Досухаммед — Дос бимен ауылы аралас, қойы қоралас, сол кездегі Албан-Дулаттың атасы бір ағайындас, арасы ажырамаған жапсарлас елдің тумалары, әрі сол кезеңнің замандастары. Ел үшін ерен туған мұндай ұлық билердің бірін-бірі қолдауы, „бірлк бар жерде, тірлік бар„ деп ынтымақтасып, ағалы-інілі екі елдің жамағатын жұмған жұдырықтай береке-бірлікте басқара білуі — өзге қалың елге өнеге болып тараған. Бұған мыны бір тарихи шындықты келтірейік.
Сегізіңде сары екенсің,
Жігіттің шыңға біткен нары екенсің.
Өтірік, өсек ермей сырттарыңнан,
Албан атты атаның ары екенсің.
Албан баласы Қытай асып кетті деуші еді,
Ризамын әлі бар екенсің!
Еліңе ес бола біл.
Үрім бұтағың үзілмесін,
Ел іші бүлінбесін.
Жас шыбық бой түзесін,
Талапты жас ой түзесін.
Ердің баласы едіңдер,
Енді елдің баласы болдыңдар, — деп жеті би батасын береді.
Шоған атамызға осы жолы жеті би: „Сен — Шоған, нағыз абыз екнсің, өз ұрпағыңның қамын ойласай, иісі Албан тұқымы өссе екен, іргелі ел болса екен деп, жоғын жоқтап жүрсің.Алжан — Мәмбет пен Үмбетті асырап бала еттің. Сүймендінің балалары Айт пен Бозымды Түркістанға іздеп барып, тауып әкелдің, сені Албанның Абызы деу керек„, — деп Абыз атағын береді (Ә. Тағайұлы, Б.Әбдірақынұлы. Шоған абыз шежіресі. Алматы, 2001 жыл, 8-9 бет).
Осы шежіредегі дерек бойынша оның мәнісі былай екен. „Сүйменді бабамызбен өзбек саудагері дос болыпты. Әлгі өзбек қазақ ішінде келіп шай, киім-кешек, айна-тарақ әкеліп сатып, қазақтардан тері-терсек, мал жиып, оны бірер күндік жерге шығарып салуға Сүймендінің екі баласын сұрайды. Ол кісі Айт пен Бозымды жұмсайды. Былай шыққаннан кейін одан әрі адам керек болған соң, өзбек Айт пен Бозымды қайтармай, Түркістанға алып кетеді. Сол кеткеннен Айт пен Бозым көп жылдар қайтпай, өзбектерде болады. Оған бес адам жібереді, оғанда қайтпайлы. Айт пен Бозым өздері қайтқысы келсе де өзбектен алған әйелдері көнбейді, әрі саду саттықпен айналысып, жиып алған дүниесін қимайды.
Айт пен Бозымды іздеп Шоған атамыз өзі барады.
Олар Шоғанның „қайт„ деген сөзіне иойынсұнбайды. Сонда Шоған атамыз баяғы бұлғын ішікті бас етіп, тарту жоралғысын бере отырып өзбектерден сауға сұрайды:
„Кісі жерінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол„.
Әркімнің туған жері -өзіне
Мысыр шаһар.
Дүниеде туысқан қымбат,
Туысқан намысын қуысқан қымбат.
Елдің туысқан бірлігі жанынан,
Сағыныш, бірлігі қанынан.
Қанымды да, жанымды да.
Өзгенің өлең жеріне тастағым жоқ.
Елдігімді, ерлігіме тапсырдым,
Екеуіңде туысымсың, жұмсам уысымсың.
Туысқандық — туым,
Қазақ жүрген жерім — нуым.
Көрген күн — түс, өтеді де кетеді.
Басқа түске іс — түбіңе сол жетеді.
Ата — баба әруағын сақтайық,
Елдің дәм-тұзын ақтайық,
Кәне ағайын ел табайық! „, —
дегенде Айт пен Бозым ойбауырымдап жылап, шоғанды құшақтап, көнбеген әйелдерін көндірген екен. Түйеге жүгін артып, мал — жанымен еліне атанған екен. Шоғанның тебірене айтқан көшелі сөзіне өзбектер де ештеңе дей алмай, келіседі„
Ел басқаруда мемлекетке сіңірген еңбегі үшін абыз атағын беру немесе сайлау Қазақ елінде ежелгі заманнан келе жатқан, тұрақты бекітілген лауазымдық дәреже. Егер тарихи жылнамаларды парақтап қарайтын болсақ, абыздық атақты беру ықылым замандағы Ғұн, Үйсін, беріректегі Түркі қағанаты дәуірінде мемлекеттік билікті бөлудегі әбден қалыптасұан нәрсе.Мұны мына бір тарихи деректермен дәйектей кеткен жөн. Белгілі ғалымНығмет Мыңжанұлының Шынжан халық баспасынан шыққан „...Үйсін туралы жалпы шолу„ деген еңбегінде: „… Үйсін елінде бүкіл елді басқаратын өкіметтік ұйымы болды. Оның негізгі лауазымдары мынадай:„, дей келе алтыншы бағанада, — „Абыз(бас бағамдар) — бұл лауазымға екі адам тағайындалды„ деген нақты дерек келтіреді. Ал Түкия елі бүгінгі кезде мемлекеттің Премьер-Министрін „Бас бақан„ деуі бұл лауазымның осы „бас бағамнан„ алынғанын меңзейді. Абыздық лауазым оның берідегі, сол Ғұн мен Үйсін мемлекеттеріне тікелей мұрагерлік еткен Түркі қағанатында да сақталған…
Мына жердеде дереккөзі бар екен