ҚАҺАРМАНЫН ҚОРЛАҒАН ЕЛ ҚАҺАРҒА ҰШЫРАП ЖҮРМЕСІН
Қазақ спортының сенсациясына айналған Бекзаттың қабірін қорлағандығы туралы хабар күрсінтіп тастады. Елдігімізге, азаматтығымызға сын болған бұл масқара жайттың бір таңқаларлығы бұл оқиға өткен жылдың шамамен қазан айында анықталған. Сол уақыттан бері ешкімнің, ешбір азаматтың назарын селк еткізбегендігі таң қалдырады. Осы күнге дейін қабіріне барып жүрген адамдардың ешқайсысы бұл мәселені көтермеген. Тіпті жер көкке сыйғызбай мақтайтын рухани ордамыз Түркістанда бұл жағдайдың болуының өзі таңқалдырады. Түркістанда осындай азғындық әрекет болып жатса онда басқа жер туралы сөз қозғаудың өзі қиынға соғады. Әлде Қазағым қасиетінен айрылайын деді ме екен.
Бұл мәселенің енді ғана БАҚ-на ілініп отырған себебі, 4-сәуір күні Бекзаттың туған күніне арналып өткен турнирде қабіріне барған журналистердің назарын аударған. Сонда Бекзаттың қабірінің қорлануы ешбір азаматтың қанша айдан бері намысын оята алмаған ба? Бұл қорлықты көрген азаматтары бар, ақсақалдары бар, жергілікті билігі бар бәрі жабылып жүріп жарты жылдан бері қабірді түзетіп қоюларына болатын еді ғой. Не деген селқостық, не деген намыссыздық бұл. Әлде 20 жасында бұл жалған өмірден озуының өзі жұмбақ болған Бекзатты енді қабірінде тыныш жатқызбауға көштік пе екен? Әрбір Қазақстан жастарына үлгі боларлық батырын ұлықтай алмаған ел ешқашан ұшпаққа шықпасымыз анық. Жан шыдатпас бұл қорлық елді қорлағанмен бірдей деп есептеймін. Арсыздарға айтарым жоқ.
Енді бұл әркетті кім істеуі мүмкін дегенде мұны қазақ істеді дегенге еш аузым барар емес. Менің ішкі ойым мейлі қандай қазақ болса да Бекзаттың қабірін қорламайды. Мүмкін емес. Ақылға сыйымсыз. Дегенмен не болса да қылмыскер табылып жазалануы шарт. Өткен жылдан бері таба алмаған полиция енді таба алмасы анық. Сондықтан халық болып іздеу керек. Ар-намысын ояту керек. Бәлкім сонда ұрлаған адам жасырын болса да қабірді қайта қалпына келтірер. Біздікі үміт қой. Түбінде бұл қателік қайталанбауы тиіс. Сол үшін Бекзаттың Отан үшін атқарған еңбегін насихаттап, батырын құрметтеу үшін халықтың ұятын оятуымыз керек. Бұл масқара тірлікке үнсіз қала алмадым. Бәріміз үн қосайық. Бекзат бауырымыздың қабірін қорлатпайық. Жатқан жерің жаннатта болсын бауырым. Еліңді кешіре гөр…
Фазылбек

Бір жағынан, кім болса да ақша үшін бәрін сататын заман болып кетті қазір. Оның үстіне соңғы кезде жиі естимін, Түркістанда жастар бұзылып бара жатқанын, атыс шабыс, бір бірін аяусыз соғып, болмайтын түсініспеушілікке бола өлтіріп кетіп жүргендерді. Адамгершілік, намыс, жауапкершілік дегендер жәй сөздер жастар үшін. Ішің ашиды. Қайда барамыз.
мыс қымбат металл ғой, ондай қоймау керек еді күзетшісі жоқ жерге.
сен мақалаңның басына қысқаша жазып кеткеніңде түсінікті болар еді.
Мен дәл сендей өзекті мәселелерді өкіртіп жаза алмаспын, бірақ қысқа жазуды меңгергенмін.
айырылғалы қай заман