Құлшылыққа құлшыну – құтылу 6
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
14 – Неге Аллаһқа құлшылық ететіндер адамдарға бөтен болып көрінеді?
Бұл – Аллаһтың осы болмыстағы заңы! Тура жолға түскен адам әрқашан бөгде елден келген адам сияқты көрінеді. Бірақ ең қызығы: сен орыстарға емес, христиандарға да емес, бірақ өзіңнің қандас мұсылман деп санайтын қазақтарыңа бөтенсің.
Бір ақын айтқандай:
Мен де кеше бірі едім осылардың,
Ғибадат десе тулап, шошығанмын.
Құранды кітап деуші ем ескіретін,
Хадистер ертек болып естілетін.
Иманды керек деппін өлгендерге,
Қойдай ғып адамды ажал өңгергенде.
Думан мен дүрмекті іздеп кісінедім,
Дін деген діндарлардың ісі дедім.
Өзімше тәуір едім, білгіш едім,
Надандықтың тамаша үлгісі едім.
Ал бүгін хақты танып, ұға бердім,
Маңыма «бөтен» болып шыға келдім…
Олар құлшылық етіп жүргендерге: «Сендер қандай діндесіңдер?» — деп бізді басқа дін өкіліне кіріп кетті деп ойлап шошынады. Алайда біз оларға сұрақ қояйық, сонда олардың өздерінің қандай дінде екенін анықтауға болады:
— Сіздер өздеріңді мұсылман деп санайсыңдар, онда «мұсылман» деген сөздің мағынасы не?
Білетіндері мұсылман сөзінің мағынасы – бағынушы, бойұсынушы екенін айтады.
— Онда Аллаһқа неге бойұсынбайсыңдар? Ал біз мұсылман екенімізге куәлік береміз, әрі мағынасын да білеміз, оған қоса затымыз атымызға сай келсін деп тырысамыз. Ал, айтыңдаршы, сендер қандай діндесіңдер?
— Біз бес уақыт намаз оқимыз, ораза тұтамыз, шамалары келгендеріміз зекет беріп, қажылыққа барамыз, ал сіз ше? Айтыңдаршы, сендер қандай діндесіңдер?
— Біз мешітке барамыз, ал сіздің қолыңыз ресторандардан босамайды. Біз адал тамаққа жүгірсек, сіздер әдейі қарсыласып жатқандай, арақ ішіп, шошқаның етін жейсіңдер. Айтыңдаршы, сіздер қандай діндесіңдер?
— Біз күніге Құран оқимыз, күніге қол жайып Аллаһтан дұға тілейміз, бірақ «жетісі» мен «қырқына» бармаған үшін ғана бізді жек көресіңдер. Айтыңдаршы, сіздер қандай діндесіңдер?
— Біз: «Аллаһқа қарсы шықпа», — дейміз, ал сіз: «Неге маған ақыл үйретесің!» — деп ашуланасыз. Айтыңдаршы, сіздер қандай діндесіңдер?
Осылай, өте ұзақ жалғастыруға болар еді. Әділдік танытсақ, онда әрине кімнің дінді ұстанатынын, ал кімнің одан қашатынын анықтауға болады.
Сенің шайтан көзіңе,
Сұмпай болып көрінген,
Сақалымда не кінә?
«Көсені үйге кіргізбе,
Дүмін жерге тигізбе»,
Деп айтатын аталар
Мақалында не кінә?
Орамалын байлаған,
Жайнамазын сайлаған,
Қарындастан үркесің,
Тікен тілмен түртесің.
Құранды ұқпас саңырау,
Хадистерге жаны жау,
Ездігіңнің белгісі,
Өз дініңді танымау.
Сайтан айтса — сенесің,
Айтақтаса – ересің.
Көрді-жерді тересің,
Көкіректі кересің.
Сөзіңе айтқан тіріңде,
Қияметтің күнінде,
Қайтіп жауап бересің?
Шошымайсың көргенде,
Кемпір беті сымпиған,
Коньяк ішіп, сылқиған,
Колбаса жеп тыңқиған,
Қыз-келіншек дегенде,
Жылмаң қағып жыртиған,
Ұяты жоқ шалдарды.
Жетпіске жасы таяған,
Намазхандарды «аяған»,
Қастарын теріп тауысып,
Қаламмен орнын бояған.
Парик киіп басына,
Итін ерткен қасына,
Кемпірлерді көрсең де,
Қарамайсың шошына.
Мұсылмандығың осы ма?
Көрінген төсі көйлектен,
Кіндігін ашқан бойжеткен.
Етегін тіліп шыққанда,
Айта алмайсың-ау «қой» деп сен.
Әйелдің көріп сайқалын,
Еркектің көріп сойқанын,
Қозбайды неге сайтаның?
Осыны ойлап байқағын.
Алдына Хақтың барғанда,
Болуы керек айтарың!
Жалғасы бар…
4 пікір