Бедеуліктің себептері және оның алдын алу.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, бедеу неке деп жұбайлардың екеуі де бала табуға қабілетті жаста бола тұра, бір жыл бойы контрацепсіз, үнемі жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде жүктіліктің жүзеге аспауын айтады.

Қазіргі таңда әйел және еркек бедеулігі теңесті деуге болады. Бала табуға қабілетсіздік отбасы үшін ауыр психологиялық салдары бар қайғы болса, жалпы қоғам үшін экономикалық және әлуметтік салдары бар күрделі мәселе болып табылады.

Себептері:
•Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (хломидиоз, микоплазмоз, соз (гонерея), жыныс мүшелерінің ұшығы, мерез және т.б)
•Жүктіліктің алғашқы кезеңінде жасалған түсіктер
•Несеп-жыныс жолдарда дамып отыратын қабыну аурулары
•Гормоналдық ауытқулар.
Басқа да маңызды себептері:

• Бұрын ауырған жұқпалы аурулары
• Бала кезінде шалдыққан аурулар
• Эндокринді аурулар
• Жұқпалы ошақтардың бар болуы
• Жыныстық жетілудің бұзылуы
• Жағымсыз экологиялық жағдайлар
Бұл жағдай жұбайлардың гендік тұрғыдан қаралуын талап етеді. Ішімдікке салыну, темекі шегу, есірткі заттарын тұтыну және несеп жыныс жолдарының дамуындағы туа біткен кемістіктер бедеуліктің негізгі себептері болып табылады.

Бедеулікке әкеліп соқтыратын патология өте күрделі және жан жақты қаралуды, көптеген мамандардан кеңес алуды, әрі ұзақ мерзімді емдеуді талап етеді.

Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырудан сақтанып, күтпеген және жоспарланбаған жүктілікті болдырмай (аборттың алдын алу), жұқпалы және созылмалы ауруларды, етеккір айналымының бұзылуы анықталып, емдеу арқылы, кейбір жағдайларда, бедеуліктің алдын алуға болады.


Егер сіз неғұрлым ертерек акушер-гинеколог пен андрологқа қаралып, тиісті емі ертерек басталған болса, соғұрлым нәтижесі де сәтті болмақ.

Алынған мекені: irisgul.wordpress.com
Бөлісу:

75 пікір

JebeNoyan
Аборт туралы, бөпенің көзімен:
5-ші ай
Сен дәрігерге бардың. Анашым, ол сені алдайды, ол мені… бала демейді. Бірақ мен баламын, сенің балаңмын. Мен білемін, мен сеземін. Анашым аборт деген не?
6-шы ай
Дәрігердің даусын қайта естідім. Ол маған ұнамайды, ол сондай суық және қатал. Анашым мені бір-нәрсе түрткілейді. Дәрігер оны ине дейді.
Анашым ауырды, ашыды. Анашым оған қойщы деші! Анашым, анашым! Құтқаршы анашым, жалынамын!!!
Delvara
Қазірде осындай аянышты, бөпенің көзімен жазылған әңгімелер газет -журнал бетін алып кетті. Тіптен оқуға да тітіркенесін, мықты жазады.
sammita
бедеу неке деп жұбайлардың екеуі де бала табуға қабілетті жаста бола тұра, бір жыл бойы контрацепсіз, үнемі жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде жүктіліктің жүзеге аспауын айтады.
бір жыл емес үш жыл болса.
Тағы бір себебі бар, ол:
«Встречаются случаи, когда и женщина, и мужчина вполне здоровы, но беременность не наступает. Иногда это связано с их биологической или иммунологической несовместимостью»
asaubota
иә, сондай сәйкессіздік болады деп естідім.
a63a1
отбасы құрғаннан кейін 10 жылдан соң балалы болғандарда бар
alisha
ол резус-фактордың оң-терістігіне байланысты
sammita
оған да байланысты емес. Түрлі резус фактормен балалы болатындар өте көп. Мысалдар жеткілікті.
alisha
бұның да қатысы бар, менің бір құрбымның бедеулігін дәрігер дәл осы сәйкессіздікпен түсіндірген
sammita
онда тағы бір себебі осы деп жазу керек сияқты.
alisha
ия оның дұрыс, мән бермеппін шынымды айтсам
edige
Кәрістер методын қолдамайтын шығарсыңдар деп тұрғаным… Жүкті болғанша үйленбейді…
sammita
онда біздің жігіттер кәрістік методты басқа мақсатта пайдалануы мүмкін.)))
alisha
бәлкім біреудің обалына қалмау үшін осылай істеген де жөн шығар, бірақ ар тазалығы, пәктік деген нәрсе тағы бар ғой.
a63a1
Пәк емес қыз алғанша 2 баласы бар әйел алған жақсы =)))
edige
тәт ары… қой ондайыңды…
a63a1
Әкем айғайлап жатыр, ыптыбой немере кашан көремін деп
alisha
екі баласы екі некеден болса тіпті жақсы десей;) беті аулақ
Abilakim
Мынауың алимент алып жатпақ қой паталокқа түкіріп…
a63a1
Ақққа қа қа мұндай ойым болмаған еді, табылған ақыл екен аххххыыыыыыы
Abilakim
Екі бала 18 ге толғанша ипотека рәсімдеп алуға да болады)))
Janasil
Құдай сақтасын. Әзірге қыз қызды табуға болады ғой бізде. Ал болашықта…
a63a1
әлі қыз іздеп көрмеппін олар күндіз ғана жүред көшеде мен түнде жолымыз келісспей жатыр
alisha
Осы күні қызды бірінші кластан іздеп, көздеп, қарауыл қылмасаң қыз табу қиын деп ед бір кластасым;)
alisha
Әзірге қыз қызды табуға болады ғой бізде. Ал болашықта…
болашақта жігіт қыз болып кете ме?
a63a1
Астапыралла не деп кеттіңдер Ойланбай сойлеген едім!
Abilakim
Бауырем-ау, екі балалы әйелде пәк болмай шықса ше?
a63a1
лібә қиын сұрақ екен, ол жағын ойламаппын Әбілбырат…
asaubota
обшым болмайын десе болмайды, ал біреулер бірінші контакттен ақ "ұшып" кетеді
alisha
Бір сәби сүйе алмай жүрген танысым қасындағы құрбысының екінші балаға жүкті екенін естігенде: «Біреуге төсекпен береді, біреуге есеппен береді» деп еді… Сонда оның ойынша біз есепсіз тауып тұрмыз ғой;)
Zilola
біздің қазақтарда бала көтере алмай жүрген келінді иттің етінен жек көретін ата-ене бар, баласының дені түзу ма жоқ па соны бір тексеруді ойламайды. Сондықтан да көбісі ажырасып жатады, бірақ екінші рет күйеуге тигенде көтеріп жатады. Сонда ғана баяғы «енешка» түсінеді!!!
edige
Қыс бойы жалаңаштанып, суықтап «Кезінде сидаңдаған қыз» тура келіп қалса, қарағым демесі анық енелердің… /мини киіп суықта/ Бұл да негізі жүктілікке кесірін тигізетін нәрсе
alisha
иә, негізі табаннан тиген ызғар жақсы емес дейді…
alisha
Сондай бір жанұяны білемін. Баласын ажыратып, басқа келін алып берді. Онымен ол келіннің де құрсағы жібімеді. Біріншісі қалаға кеткен, сол жақта тұрмыс құрыпты, 5 жылдан соң 3 баласын ертіп төркіндеп келгенін көрген байырғы енесі /тойда кездескен/ құшақтап кешірім сұрапты. Сосын біздің қазақ қызық...«Бірдеңе көтеріп пе? Бірдеңесі бар ма?» деп мазасын алады байғұстардың, онсызда мазалары қашып жүргенде… Кімге қандай шаруа?
Zilola
точны, менің бір туыс сіңілім тұрмыс құрғанда бәрі «залет» деген (даж күйеудің көршілеріне дейін), енді міне 3 жыл өтті, көршілері әлі аңдуда, «бар ма бірдеңе» деп. Одан қалды енсінің енесі де не подарок, Жебрие ханымның нақ өзі дейд :(((
alisha
Солардың аяушылықтан айтатындығына күмәнім бар, сынайды ғой, бастарына көрінгірлер…
Janasil
басқа жұмыстары жоқ секілді!!!
alisha
Осы Тұрсынбектің бе, біреудің монологында сыпсың-сыпсың етіп, тың тыңдап жүретін көршілер туралы айтылады ғой, көршінің образы керемет ашылған сонда…
aza
флудтай бастапсыздар, ехееееуууу
Abilakim
Құдай берем десе бір қатыннан береді, бермейм десе он рет үйленсең де бермейді
alisha
мына сөйлемді үш оқығаннан кейін барып түсіндім;) түсіндім де, жағамды ұстадым((
aza
алғалы жүрген қызыңның бала тууға қабілетті, қабілетсіздігін қалай анықтауға болады?! Содан кейін, менің ойымша бәрі Алланың қалауымен болатын секілді, берейін десе форточкадан да бере салады, бермейін десе… сірә, жоқ!
sammita
алғалы жүрген қызыңның бала тууға қабілетті, қабілетсіздігін қалай анықтауға болады?!
Ал қыз бала болашақ күйеуінің әке болуға қабілетті/қабілетсіз екенін қалай біледі, уот сол сияқты:)) 50х50
aza
Бұл бес енемізден белгілі! Менің сұрағым мұны білудің медициналық, көріпкелдік, шамандық, сәуегейлік т.б жолдары бар ма деген еді… Үйленсем біреуге ғана үйленемін, әйтпесе қызық емес қой бала болмай ажырасып кеткен… Бетін әрі қылсын!
sammita
медкоммиссиядан өтіңдер бірге барып. Көріпкелдік, шамандық жолдарын білмедім:)
alisha
Тәуіп сіздің анаңыз немесе әкеңіздің баласы болған-болмағанына қарап жақсы сәуегейлік айтып бере алады;)
sammita
:) жалпы мықты врачтардың өзі де, әйел неше жыл бала көтермей, тіпті жасы 40-тан асып кетсе де «бала көтермейді» деп айтуы сирек. Айтпайды. Ғылыми дәлелденген тұжырымдар көбіне іс жүзінде басқаша нәтиже беріп жатады. Үміт деген жақсы ғой.
aza
Иххх, Сэм, мені жұбата бастадың ғой, әуелім! Мен жай сұрап жатырмын, алла сақтасын, мен әлі үйленгем жоқ, бірақ алдын алып сақтанып жатқаным ғой))))
sammita
тақырыпқа сай ойымды білдірген түрім. Әйтпесе жебені саған дәлдегем жоқ:)) Бәрі жақсы болады.
sammita
бес енемізден белгілі
:)))) «бесенеден белгілі»:)
Abilakim
Саммита, сен де қызықсың… Азаның бес енесі бар шығар?
AKY
Ощм, кәрістердің ұстанымын қолдаймын.
sammita
шыда барамыз 5 мамыр кәрістермен танысуға:)))
AKY
ГыГыГы Асыға күтудемін
Janasil
Мына қыздарымыз не дейді құдай ау!
sammita
Жанасыл білмейтін бе ең? Алматылық бір топ қыздар AKY-ға біздерге 5 мамырда Астанада өтетін кәріс концертінен репортаж жасауды тапсырды.
Janasil
Мен «Ощм, кәрістердің ұстанымын қолдаймын.» дегенге айтқан едім.
Altygradus
кімдердің концерті?
sammita
Кореядан келеді.
Altygradus
онысын түсіндім енд Кореядан екеніі:) Қандай топтар екен дегенім ғой, ну енді БигБәнг келе қоймайтын шығар?:)
sammita
шынымды айтсам, қызықпаймын ондайға. Әртістерін де білмеймін:))) Алдыңғы бір жазбаларда бар еді Зеренің толық ақпараты.
edige
Ай Саммита сен ба айтып отырған а? :(
Кәрістер методын қолдамайтын шығарсыңдар деп тұрғаным… Жүкті болғанша үйленбейді…
дегенге ма
sammita
ойың бұзық екен:)))
edige
— Ощм, кәрістердің ұстанымын қолдаймын.
— шыда барамыз 5 мамыр кәрістермен танысуға:)))

Ізгі ниетке барар жол таппай отырмын
sammita
жауап жоғарыда.
Ottegin
Бір апайымыз 10 жыл құрсақ көтермеді. Әбден күдер үзгенен кейін күйеуі інісінің жаңа туған нәрестесін өз бауырына салды, содан соң әлгі әйелі жүкті болды, ұл туды, содан кейін тағы да үш ұл, екі қыз туды, асырап алған баласы да, өз балалары да өсіп-өніп үлкен елге айналды. Ондай да болады.
Тағы да бір таныс жігіттің келіншегі 5 жыл бала көтермеді, қаншама медициналық тексерістен өтті, ешбір ауру табылмады. Бір жылы бір Алматы ЖОО-ның құрылыс отряды ауылда мектепті салды, әлгі келіншек сапқозда учетчік боп істейтін, келесі жылдың жазғытұрында торсықмаңдай ұл тапты.
Айтайын дегенім ер адамдардың да бедеу болғаны кездеседі, бірақ, соған мән берілмейді.
asaubota
сперматозоидтері әлсіз болатындар болады екен дейді, яғни өлі сперматозоидтер шығады және азғана тірі сперматозоидтар шығады. олар бірақ яйцоклеткаға жете алмайды, сондықтан медиктер ондай әлсіздерді мұздатқышқа сақтап қойып, сосын жасанды жолмен әйел жатырына салады екен.
Abilakim
Мұздатқышты ашып қалып бал екен деп жеп қойса екінші бір дәрігер
sammita
және оның морфологиялық құрамын (қозғалғыштығын, құнарлы болуын, сапасын) арттыру үшін витамин, дәрі-дәрмекпен де емдейді.
Janasil
дұрыс! Белсенділігін тексертуге болады.
Ottegin
Ыыыы… сұйық азотпен мұздатылады))) абсолюттік ноль градусқа, немесе -273 °C маңайында