Арландар туралы өзгелер не деді?
Алты айға созылған бокс жарыстарынан кейін ақтық сынға шыққандар анықталды. «Астана Арландары» «Лос Анжелес Матадорзды» 3-2 есебімен ұтып, мамыр айының 6-7-сі күндері болатын финалға берілер жолдаманы жеңіп алды. Арландардың келесі қарсыласы «Париж Юнайтед».
Жарыс алдында қойылған шоуға қарамастан ең басты өнерді шаршы алаңға шыққан 10 боксшы көрсетті. Матадорлар 4-1 есебімен кеткен есені қайтаруға тиіс еді.
Алғашқы жекпе-жек жеңіл салмақтағы боксшылардың арасында өтті. Фернандо Мартинес рингке шыға салысымен «жеңілмейтін» Қанат Әбутәліповке қарсы атойды салды. Үшінші раундта Қанат өзіне тән стилін тауып, Мартинестің шабуылынан сауатты қорғана білді. Есесіне алғашқы екі раундтағы ұрған соққылары төрешілер шешімінің екіге бөлінуі үшін жеткілікті болды. Бірақ, WSB рейтингінің бірінші сатысында тұрған Қанат бұл жылдағы жеңілмейтін сериясын одан әрі жалғастырды. Есеп 49-46, 48-47, 47-48.
Келесі жекпе-жекті жеңіл салмақтағы боксшы, жасөспірім Эрик Флорес өзінің карерасындағы ең күшті қарсыласы Ержан Мусафировке қарсы өткізді. Ержан WSB-дің осы сезондағы жеңілмеген мықты бокшылардың бірі. Алайда Мусафировтың рингтегі тәжірибесі мен мықты қорғанысы жылдам Флорестің жойқын соққыларына төтеп бере алмады. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Флореске берді. (48-47, 49-45, 49-45).
«Мен жеңіске жетуім үшін ширақ қимылдап, жылдам соққылар жасауым керек екендігін білгенмін. Қарсыласымды ұру менің мақсатымды жақындата түседі» — дейді жекпе-жектен кейін сұхбат берген Эрик.
«Тәтті бұршақ» атанған орта салмақтағы Крис Пирсон аз ғана уақыт ішінде Матадорлар үшін басты былғары қолғапшыға айналды. Өткен жылдың соңында келіп қосылса да, шешуші жекпе-жектерде жеңіске жетті. Орта салмақтағы күшті боксшылардың бірі Ямагучи Флорентиноны жеңген Пирсон бұл жолы да жолы болып олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбеавтан басым түсті. Пирсонның ұзін қолдары мен жылдам шешім қабылдай алуы өте күшті, агрессивті қазақты сабасына түсірді. Үшінші раундтағы Кристың сол жақ шекесіне салған жарақаты Сәрсекбаевтің жылдамдығын саябырлатты. Төрешілер 50-45, 49-46, 47-48 есебімен жеңісті Пирсонға берді.
«Олипиада жеңімпазына қарсы ұрыс салу уысқа қайта-қайта түсе бермейді. Мен соңғы өткізген жекпе-жектерімнің жемісін осы жерде пайдалана алдым. Мен ең мықты болғым келеді. Сол мақсатта жұмыс жасаймын. Қолымда бар мүмкіндіктер үшін рахмет айтқым келеді»- дейді Пирсон.
Жартылай ауыр салмақта күш сынасқан Марат Молдагереев бірінші раундта Элбер Пассостың сол жақ құлақшекеден ұрған соққысынан есеңгіреп қалды. Алайда, Пассос қалған раунтарда қайрат көрсете алмады. Жағдайды тез ретке келтірген Марат төрт раундты жеңіл өткізіп, 48-47, 48-47, 48-47 есебімен жеңіске жетті. Молдагереевтің жеңісі «Астана Арландарын» финалға шығуына кепіл болды.
Ауыр салмақта күш сынасқан Хавьер Торрес пен Иштван Бернат арасында өтті. Төрешілер шешімінің екіге бөлінгеніне қарамастан Бернат өткен жылғы жеңісін қайталап, тағы да басым түсті. (48-47, 48-47, 47-48).
Финалға шыққан Париж Юнайтед пен Астана Арландары бірінші сезонның қортындысында кім күшті екендігін дәлелдейді. Париждіктер өз қарсыласын 10-4 есебімен ұтсf, Арландар 11-3 есебімен өз қарсыластарынан басым түсті.
Оған қоса мамырдың 27-28 күндері бес салмақтағы ең мықты деген екі боксшылар мықтыны анықтау үщін сынға түседі.
Дерек көзі: www.worldseriesboxing.com/news/news/2011/04/astana-arlans-make-finals-after-hollywood-showdown-with-la-matadors.aspx
Пы.Сы. Ағылшынша нұсқасынан тікелей аударылмады. Кейбір жерлерін тілге икемді қылуға тырыстым. Қателік болса айта жатарсыңдар

services.google.com/tc/guidelines.html