Құлшылыққа құлшыну – құтылу 3



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



9 – Көп адамдардың айтуы бойынша, оларға құлшылық етуге, күнәларының көптігі кедергі болып табылады. Соған қандай жауап айтуға болады?

Құлшылық етіп жүрген көптеген адамдар, бұл жолға кішкентай жасынан-ақ түскен жоқ. Олардың қаншасы күнәлар жасап жүрді, Аллаһқа мойынұсынудан қашқан еді. Бірақ, Аллаһтың мейірімімен, олар тура жолға түсті, Аллаһқа бағыну керек екендігін түсінді. Ал енді жасап жүрген құлшылықтары олардың өмірлерінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Сондықтан, күнәһар адамның жасап жүрген жамандықтары оған Аллаһқа құлшылық (ғибадат) етуіне бөгет бола аламайды.
Егер де күнә жасаған адамның құлшылық етуіне болмайтын болса, онда басқа дін өкілдері Аллаһтың алдында жалғыз хақ (шынайы) дін болған Исламға келуіне болмайтын еді ғой. Алайда, Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының көбісі Исламға жат діндерден келген еді. Және олардың, бұрыннан жасап жүрген ауыр күнәлары, Исламды қабылдауға кедергі болмады.
Құлшылықты тек қана таза, күнә жасамаған адамдар ғана орындау керек деген ой – жалған. Өйткені, егер ол ақиқат болғанда, Аллаһ Тағала: «Расында, намаз арсыздықтар мен қайтарылған істерден тазартады», — деп айтпайтын еді. (`Анкәбут сүресі, 45-аят)
Осы жерде маңызды бір нәрсе айтқымыз келіп тұр. Көптеген адамдар намаз оқитын, немесе хиджап киіп жүрген адамның күнә, немесе жағымсыз бір қылық жасап қойғанын көретін болса, бірден Ислам дінін немесе бүкіл мұсылмандарды жамандауға кіріседі. Олардың ойы бойынша, егер адам дін жолына түссе, онда оның бүкіл істері күнә атаулыдан түгелдей таза болуы керек, әйтпесе дінді ұстанбау керек. Бірақ, әрине, бұл сөздерді тек Аллаһтың бұйырғандарын орындап, Оның тыйым салғанынан аулақ жүруді қаламайтын, одан қашатын адам ғана айтады. Ол: «Мен дініме салғырт қарап жүрмін. Менікі дұрыс емес!» — дей алмайды, бірақ соның орнына Аллаһқа бойұсыну жолына енді-енді тұрып келе жатқан адамды аяғынан шалып, әр қадамын аңдып жүреді.
Бір мұсылманның қате ісіне қарап, Ислам дініне тіл тигізуге болмайды. Өйткені, Исламды ұстану бір бөлек, ал оны ұстанамын деп мәлімдеу мүлдем басқа нәрсе. Өзін мұсылман деп атап, сөйте тұра оның қандай мағына беретінін де білмей жүрген адамдар көп емес пе? Ал енді қандай дін ұстанып жүргенін де білмеген адамнан діннің үкімдері мен қағидаттарын біледі деп күтуге болады ма екен? Сондықтан, ол өз дініне қайшы келетін істерді жасап жүргені ғажап емес. Қысқаша айтқанда, Ислам – бұл кемшіліксіз, пәк дін, алайда оның ұстанушылары кемшіліксіз емес!
Тіпті егер біреу: «Жоқ! Ислам таза болса, оны таза, кемшіліксіз адамдар ғана ұстанулары керек», — деген жағдайда да, біз олардан былай деп сұраймыз: «Ал сен өзіңді мұсылманмын деп санамайсың ба?». Егер ол: «Астағфируллаһ! Әрине мұсылманмын», — деп жауап беретін болса, онда біз оған: «Намаз оқып, ораза тұтып, зекет беріп, қажылығыңа барып кел, сосын ғана жаман сөз айтқан адамды сөгесің! Ал өзің намазды да, оразаны да орындамай, оған қоса жаман сөз айтасың. Сонда мүлдем ұятын жоқ па сенің?! Өзі ауыр күнәларға батып кеткен адам біреудің байқаусыздан немесе шыдамсыздықтан істеп қойған қателігін түзетуге қалайша қысылмайды?!» — деп айтамыз.
Ал егер адам: «Мұсылмансың ба?» — деген сұраққа: «Жоқ! Мен Құдайға сенбеймін», — деп жауап берсе, біз оған былай дейміз: «Құдайын тыңдамаған адамды біз не үшін тыңдауымыз керек?»
Сондай-ақ, кейбіреулер бір мұсылманның қателігін көріп, бүкіл Ислам үмметін (халқын) сол қателікте айыптайды да: «Намаз оқитындарың осындай… Хиджап киіп, қымтанып алатындар осындай… Сақалдыларың пәленше… Молдаларың түгенше...», — дейді.
Бір адамның күнәсі үшін жұрттын бәрін кінәлауға болмайтынын кез-келген ақыл иесі мойындайды. Сол үшін адасып кеткен мұсылман ағымдарын көріп, бүкіл мұсылмандардың бәрін де экстремист, террорист, «хизбут-тахрир» деуге болмайды. Өйткені, олар да — мұсылман, адасып кеткен болса да, сен де — мұсылмансың, алайда бірдей емесссіңдер ғой! Қазақтың біреуі арақ ішсе, қазақтардың барлығын «маскүнем» деп айыптауға бола ма екен? Әрине, жоқ! Неге? Өйткені барлық адам бірдей емес.
Кейбіреулер бүгін бір теледидардан «сақалдылар түрмеден қашты...», «хиджаптағылар үйлерінен қашып кетті...» деген әңгімелерді естіп алады да, көшеде кетіп бара жатқан орамал киген қызды: «Әке-шешесін жылатқан, оңбаған!» — деп кінәлайды. Басқа біреуі намаз оқып жүрген жігітке: «Сендер уаххабисіңдер! Сендерден ешқандай жақсылық күтуге болмайды. Пәлен қаланың түрмесінен қашқан кісілер — дәл өзің сияқтылар. Олар сенің сыбайластарың», — деп ұрысып, айқай салады. Бұл әділетсіз сөздер екенін кез-келген ақыл-парасат иесі түсінеді ғой. Өздерін мұсылман деп атап жүрген, немесе сақал өсірген, немесе басына орамал байлаған біреудің ісі үшін, сыртқы кейіпімен оларға ұқсайтындардың барлығын айыптауға бола ма?! Әрине, ақыл иелері бұған: «Жоқ! Өйткені, адамдардың барлығы бірдей емес!» — деп жауап береді.
Дін ұстанып жүрген бауырларымызға, өздерінше мысал келтіріп «намаз оқитындарың мынандай...», «хиджап киетіндерің анандай...» деп ұрсатындарға біздің келесі сұрақтарымыз бар:
— Әлем бойынша кісі өлтіргендердің 90 пайызы намаз оқымайтындар екенін білесіз бе?
— Түрмелерде отырғандардың бәрі сақалсыздар екенін білесіз бе?
— Гомосексуализммен айналысып жүргендердің ешқайсысы ораза тұтпайтынын естігенсіз бе?
— Мешітке бармай жүрген жастардың арақ ішіп, темекі шегіп, нашақорлықпен айналысып жүргенін байқап көрмедіңіз бе?
— Дүние жүзіне таңылған Чикатило (52 адам өлтірген), Джек-Потрошитель (1888 жылы бүкіл Лондонның тыныштығын бұзған), Гарольд Шимпан (215 адамды о дүниеге аттандырған) және тағы да өте көп маньяктардың намаз оқымайтынын білесіз бе?
— Шыңғысхан, Гитлер, Сталин – барлығы мешітке бармайтын, ораза тұтпайтын кісілер болғанымен келісесіз бе?
— Хиджап кимейтін мыңдаған жас қыздардың, өкінішке орай олардың іштерінде қара көз қазақтарымыз да бар, жезөкше болып кеткенін естіп жүрген жоқсыз ба?
— Ал жақында ғана жаңалықтардан өз анасын қарттар үйіне тапсырып, оның үйін өз меншігіне тартып алған әйел туралы айтылған болатын. Соның да намаз оқымай, орамал кимейтінін көрмеп пе едіңіз?
Уа, адамдардың барлығын бір шалғымен шабатын «ақылды» ағамыз, енді жауап беріңізші: Намаз оқымайтындардың барлығы осындай ма? Ораза тұтпайтындардың барлығы осындай ма? Хиджап кимейтіндердің барлығы осындай ма? Әрине жоқ!
Түсініңіз, адамдардың барлығы бірдей емес!!!
Тағы да бір данышпансымақ: «Ата-анаңның тілін алмасаң, онда намаз оқығаның не керек?» — дейді. Немесе: «Мешітте үйрететіні осы ма?» — деп айтады.
Жауап: Жоқ, мешітте мұндайды үйретпейді. Әрі мұны өзіңіз де білесіз. «Әке-шешелеріңді тыңдаушы болмаңдар!» — деген мешіт имамын елестетуге болады ма екен?! Мүмкін сіз: «Енді мына бала мешітке жиі барып жүр, ал мінезі өте жаман. Басқа қайдан үйренеді?» — деп сұрайтын шығарсыз. Бірақ егер сіздің балаңыздың мектепте тәртібі нашар болса, сонысы үшін мұғалім оны: «Сен тәрбие көрмегенсің! Ата-анаң саған ештеңені үйретпеген!» — деп ұрысса, сіз разы болатын едіңіз бе? Онда неге сіз мешітке барған балаңыздың жаман қылықтарын көріп, оны мешіттен үйренді дейсіз?! Ол мүмкін үйден үйренген шығар барлығын. Адамның тәрбиесіне әсерін тигізетін түрлі факторлар бар: ата-ана, достар, теледидар, мектеп және т.б. Не үшін сіз, мысалы, өзіңіз: «Баламды бұзып алдым», — демей, мешітке айып тағасыз? Сіз: «Енді мен оған жамандықты үйретпеймін ғой!» — деп айтсаңыз, біз: «Ал мешітте оны жамандыққа үйреткенін өзіңіз көрдіңіз бе?» — деп сұраймыз.
Керісінше, намаз оқып жүрген, бірақ ата-анасына жаман мінез көрсететін балаға біз: «Намаз оқы әрі ата-атаңмен де жақсы қарым-қатынаста бол!» — деп кеңес беруіміз керек.

10 – Құлшылыққа уақыт табылмаса не істеуге болады?

Құлшылыққа уақыт табылмайды деген сөз – қате. Бұны біз бірнеше сұрақ арқылы дәлелдей аламыз:
Уақыт – бұл Аллаһ Тағала берген ең ұлы нығметтердің бірі. Ол нығметті біз орынды істерге жұмсауымыз қажет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Екі нығметтен көп адамдар құр қалуда: денсаулық пен бос уақыттан». (әл-Бухари 6412)
Бос уақыт ешқашан бос болып қалмайды. Ол міндетті түрде не жақсылыққа, не жамандыққа толады. Әрі кім өз жанын ізгі істерге еліктіре алмаса, оны зиян әкелетін істерге еліктіреді.
Осы уақытты адам баласына кім берді? Оны не үшін, не мақсатпен берді?
Жауабы: Аллаһ бізге бұл уақытты Оған құлшылық етуіміз үшін берді. Ендеше, қалайша біреу келіп: «Менің уақытым жоқ» — дей алады?! Егер сен біреуге ақша беріп: «Маған нан ала келші», — деп дүкенге жіберсең, ал ол өзіне түрлі сусындар мен тәтті тамақтар сатып алып: «Нанға ақшам болмады!» — деп сылтауратып тұрса, сіз оған не айтар едіңіз?
Ал енді құлшылықтарды орындау қанша уақытты алады екен?
Жауабы: Мысалы, намаз 24 сағаттың ішінде, тек 25 минут алады. Себебі бір намаз бес минуттай, ал тәулікте бес уақыт намаз оқылу керек. Ораза тіптен ешқандай уақыт алмайды.
Ал уақыттың көбі не үшін жұмсалуда және неге уақыт таба алмай жүрсіз?
Жауабы: Мүмкін, дастарханға әр отырғанда бір сағат тамақтанған соң шығар… Әр «перекурға» жарты сағаттай кеткендіктен шығар… Мүмкін, уақытыңызды гороскоп оқып, кроссворд шешіп, күні бойы бос сөз айтып не тыңдап жүргеннен шығар… Мүмкін, түні бойы теледидар көріп, немесе компьютер ойындарына уақыт тауып жүргендіктен шығар… Мүмкін, тәуліктің жартысын ұйықтап шыққан соң шығар… Егер өзіңіз ойлансаңыз, тағы да көп себептер табасыз ғой!
Ойланайықшы: Құлшылық үшін өмірге келтірген Аллаһқа: «Уақытым жоқ», — деп айтуға бола ма?!

Жалғасы бар…
Бөлісу:

13 пікір

haos
ұзааақ қой, іш пыстырмай ма?
Ahi
Кейбіреулер футбол қанша ұзаааақ болса да соңына дейін көреді ғой, ал Алла туралы, Оның діні туралы келгенде, өкінішке орай, салғырттық танытады. Алла сізге береке берсін!
haos
Оны оқымайсың ғой
Ahi
GOOL журналын оқиды ғой. Мәселе ода емес, айтқым келгені: не үшін жаратылғанымызды білу — басқа уақытты босқа өткізетін нәрселерден маңыздырақ қой. Алла күнәларымызды кешірсін!
KILYZAMAN
Бұл айтқаныңыз — соншалықты адасып, содан кейін жол табуға ерінгендердің сөзі ме деймін…
satvaldo
источник? автор?
Ahi
Ақпарат көзі: www.al-hanifiya.kz сайты.
Авторы: Данияр Анаралиев.
satvaldo
Данияр Араралиев қайдан алған?
Тирмизи Бухарилетіп сноскалар беретініңе үйреніп қалғам. көрмегесін біртүрлі екен. сосын масхапты мойындамай, арасында масхап имамдарының қуырған бидайын ұсынғандарыңызға жол болсын…
Ahi
Данияр өзі жазған.
«сосын масхапты мойындамай», — депсіз. Осы сөзіңізді айғақтайтын сол сайттан бір сөз келтіріңізші. Бұлай деп сұрауымның себебі, көпшілік үнемі сөзі таусылғанда кезінде уахабист деген сиякты «мазхабсыздар» дей салады. Менің білуімше, ол сайттың мазхабқа қайшы еш жері жоқ.
satvaldo
Оо, қазақтан шыққан муджтахид ғалым бар екен ғой. машалла.
не ғой, аһи, мен сөз таусылатындай тақырыпқа кіргем жоқ.
мазхапсыздардың сайттарының списогін кешемеалдыңгүні осында біреу жариялаған. елді сақтандырайн деп. әуре етпей, тауып ала сащ. мен бітірдім. фин.
Ahi
Болса сол тізімді маған да жіберіңізші!
Сосын ол тізімді жариялаған адамға да айта салыңыз, www.al-hanifiya.kz сайтын ол тізімге кіргізуге не түрткі болды екен деп (қандай айғағы бар екен дегенім ғой). Себебі бос сөзді Ленин де бырталай адам айта алады
aues
hanafi mazhabynda korku shirk bolmaidy. i ewe bul zamanda mujtahid wikpaidy. mujtahid — ijtihad etuwi, to est' kuran karimdi tafsir etuwi, to est' mazhab kuruwy. ondai adam wyguy mumkin ba (paigambarymyzdan 1500 jil otkende)???