Авто стоп!

Бірнеше жыл бұрын қызық* адамды кездестіргенімді айтқанмын :) бір жерде жазғанмын даж ол туралы. Сонау Орал өңірінен «Авто стоп» планымен 1 ай көлемде бүт КЗны аралау арқылы келе жатқанын тансу барысында білдім. Кездейсоқ, «Шәкен жұлдыздарына» кіре салып со жерде сөйлесіп кетіп едік.
Егер осы постымды көріп отырсаңыз сәлемімді жолдаймын :)

Авто стоп — сол жерде бірінші рет кездестірдім, яғни бұрын соңды тек инеттен оқып жүрген «авто стоп» қарсы алдымда отырды. Сұрақтарым көп болды, қойып үлгермедім/ау деймін :) Түсінгенім, батыс+солтүсітікті бітіріп, енді Алматыға келген түрі екен. Көктөбе, Медеу.т.б. жерлерде болып үлгеріпті. Қызығып қалдым, надо же, жақсы идея екен деп… ;)

Айтпағым: Кім осы жерде великке қызығады?.. Мүмкін керекшілер болып, великке отырып Бурабай жаққа шықсақ қалай болар екен? әлде мен қатты алысты сұрап кеттім бе? ))) әзірге мейлі, Алматының төңерегі дейік ;) негізі барғысы келмейтін адамды көндірудің керегі жоқ :) себебі, ол киімді+жақсы великтің жоқтығын сылтау етеді.

Бұл идеямды айналағымдағыларға айтып үлгердім, тұрмыстағы бір құрбым, кетЧ сен/ақ осылай ергіп жүреді екенсің дейді))) тағы бір достарым ерікпеч, Астана жаққа қарай великпен емес өз машиналарымызбен баруға жүрексінеміз деді)))

Сұрақ, пландарың болса айта отырыңдар жамағат!
Бөлісу:

14 пікір

Zere
Қатты айтып кеткен жоқсың ба? ))) Бурабайдан бұрын, екі метр жерді великпен жүре аламыз ба десеңші )))
monti
қатты айтып кететінім бар Зережан))) өзім әлі күнге дейін ортасы бар велик айдай алмаймын))))
sammita
Алдан-арттан бірнеше көлік сүйемелдеп жүрсе, киім, ас-ауқат, палатка алып шықса, несі бар жақсы идея. Қазірден жинала бастасаңдар, жаңа жылға қарай жетіп қаларсыңдар:)
monti
))) Негізі әлгі баланың бәрі бар сияқтанды, типа, палаткам бар ашық аспанда жататын. Великтен шаршаған кезде кез/келген көлікті тоқтатып, мініп жүрдім дейді. Видмо докиінде жоғалтқан/ау дейм :( сол жайлы бірдеме деді.
sammita
«Видмо докиінд» түсінбедім? Меніңше алыс сапарға шығу үшін алдымен жаттығу түрінде біраз уақыт машықтану керек шығар. Болашақта Бурабайда кездесу жоспары іске асып жатса, ол жерде орман арасында великпен қыдыру мүмкіндігі бар. Прокатқа беріледі.
AKY
«Видмо докиінде жоғалтқан/ау дейм» — «Cірә, құжаттарын да жоғалтқан-ау деймін» деген сөз, Саммита ханым)))
sammita
:))) құдай-яй, керекшілердің жаргондары көбейіп барады:)
AKY
Керекшіледің жаргоны емес, монтидың сөздері ғой)) Жиірек сөйлесіп тұрсаңыз ымынан-ақ түсіне беретін боласыз)))))
sammita
жалпы керекшілер көп деймін осындай сөздермен сөйлейтін:) Гаста, Сатыбалды мысалы.
monti
өзі медик екен бір қызығы, 1 ай демалыс алып шыққан. енді кім біледі, мүмкін топ болып жүрсе адамдардың құқықтары/қорқыныштары сейілер дегенім ғо жазбамда.
Жалғыз қыз бала емес, ұлдарғада қорқынышты, бірақ өзі сүйкімді жігіт :) қалай осындай қадамға барды екен дегенім ғо ;)
AKY
Сосын «авто стоп» — міндетті түрде великке қатысты емес еді ғой, жаяу жолға шығып, жолай кездескен машиналармен діттеген жерлеріне дейін жетіп отыру ғой))) Так ышто белесебед тебе алмайтындарың жаяу шығыңдар))))
monti
))))) шегім/ай әрине жаным, тек велик емес, бірақ великті жақсы көретін болғаным соң, жазғаным ;)
AKY
Бурабайда великті жалға алып тепкенбіз, желмен жарысып))) Тамаша әсер, әсіресе дәл жаныңнан машина зууу ете қалғанда, экстрим)))) Ал анандай алыс жолға шығу деген… Қорыққаннан бұрын, шаршайсың ғой.
monti
Эх Бурабай,,, бір күні олда болар :)
Әзірге ауууу Алматылықтар, ең құрғанда, Әл-Фарабидің бойындағы веложарсқа барып тұрайықЧ ;)
Алматы Ақшамды қарай жүріңіздер :) уақыты сонда жазылады.