"Біздің елдің жігіттері..."

Ағайеееееен! Біздің елдің жігіттері тағы да жарады!..


… Мен негізі мына америкалықтардың түрлерін көргенде алғашында аздап үрейленгем. «Астананың арландары» жеңіліп қалады ма екен, мәәәә, жақсылап тұрып дайындалса екен деп тілек етіп жүрдім. Астанадағы «Дәулет» спорт кешеніндегі бұл текетіресті көрген де, көрмеген де арманда шығар, сірә!
«Еларнаны» қоса қалдық, алдымызға чипсы-мипсы мен фанта-мантаны алып жата қалдық. Бой басталды!
Алдымен 54кг-дықтардан «Los Angeles Matadors»-тан Раши Уоррен деген жігіт көтерілді. Бұрынғы әлем чемпионы екен. Арқасына «нөмірі бір — МЕНмін» деген мағынамен татуировка салып алған бұнымен біздің Миржан (дұрысы Мейіржан шығар) Рахымжанов қолғап түйістіруге ортаға шақырылды. Екеуі бұрынырақта бір рет кездесіп, ол кезде алдыңғы дәу қара жеңгенін мәлімдеді кәментатыр жігіт. Біздің Мейіржан есені қайтарады деп ойладым. Атын атап, ақырып жатқандардың «айқайынан» қуат алып, ананы төңкеріп тастай ма екен деп ойлап ем, болмады! Жеңіліп қалды! Негізі, төбелес тең өткен секілді боп еді…
61кг-ды бойға салып, Астананың төріне алқына жеткен Эвертон Лопестің аптығын біздің Мерей тамаша баса білді. Әлі де кішкене уақыт қосқанында ғой, керемет нокауттың бастамасын Мерейіміз бастаған болар ма еді, дегенмен, тәуба!!!


Одан кейін көтерілген біздің Қанатқа бәрі сенді және сенімді ақтады! Нокаут, керемет нокаут!!! Рассел Ламурың «жеңілген кұреске тоймайдының керін келтіргісі келіп еді», жаттықтырушы құлағына пыш-пыш бірдеңе деді, очм, жүні жығылды сонан соң. Өз атымнан үлкен рахмет айтқым келеді осы Қанатқа! Нағыз намыстың ұлы ғой!
Есесіне ең қызықсыз төбелес Рамжон мен Вячеславтың төбелесі болды. Ішім пысеееееп кетті! Екі дәу қорбаң-қорбаң етті, өзіміз боксер болмаған соң, бәлкім бойдың қиындығын бұлар секілді түсінбейтін шығармыз, дегенмен, қызық болмады мен үшін. Алғашқы үш жеңіске қуандым да, өзге каналдарды ақтара бастадым. Қайта қоссам, біздің Рамжонымыз жеңіпті!!! О, болды, енді Америка төріндегі айқасты ойлау керек деееп отсам, бесінші боксерлер бар екен…
2008де Қытайда тек қолы тізесіне жеткен сықи көз Жаң Жилейден ғана жеңілген біздің Руслан Мырсатаев өзінің бабына қайта келіпті. Дәуіт Имоесири есімді жігіт ағасы мықты көрініп еді, Русекең өзінің айқындығын анық көрсетті!!! Нокаут!!! Есеп 4:1!
Қалған әсерлерін сен де бөлісе отырыңдар!
Ааа, айтпақшы, «Баку Файерс» те Әзірбайжанда дәл осындай (4:1) есеппен француздардан басым түсіпті! Қорқу керек:(((((
Бөлісу:

14 пікір

edige
Жараңдар жігіттер!!!
«Еййййй өлгенде көрген бір төбелес» дегендей екен :)
asaubota
менің ойымша ең қызығы өзбек пен украин жігітінің боксы болды. екеуі де тең болды негізі, тек біздің өзбектің шамалы басымдығы болып жеңіп кетті. ал Қанат нағыз қазақ! тұрған намыс қой!
Delvara
Теледидардан қарамай -ақ, осы жерден қалай төбелескеніне дейін біліп отыруға болады екен. Ағам сериал көрсетпей осыны қарап отыр еді. Оны осы жерге отырғызып қою керек екен )))
PaziTiP
Сенбі күні ешқандай сериал болмайды. Менің үйімдегі әйел азаматшалар көрер еді ғой. Мен бокс көрдім. Қанат Исламмен жұдырықтасқан қара жігіт әбден есеңгіреді байқұс.
Abilakim
Лібә, кеше де сенбі күні де ТД қарамаппын да! Армандамын!!! Жігіттер жарайсыңдар!!!
PaziTiP
Осы сенбіде ЕлАрнадан көрсетеді-міс. Көр.
Aikona
Маған Қанаттың жеңісі ұнады. Сонан соң Руслан жеңіліп қалатын болды деп қатты қорықтым, бірақ жігіт екен жеңді ғой. Жарайсыңдар!
Zilola
Бірінші суретте жігіттердің түрі күлкілі иә, еріндері түртиіп жылайтын бала сияқты, боксер емес әлжуаздар сияқТ :)
PaziTiP
Сіз үшін арнайы осылай фотоланған ғой! ))))
Zilola
мен үшін ващще суретке түспегені керемет болар еД :)
PaziTiP
Дұрыс. Еркектердің қылтың-сылтыңын ұнатпайсыз!
Zilola
дөп бастың осы жолы!!! сол үшін де +1 дедім!
TERISKEI
Қанат Исламның АИБАдағы проблемалары бітіп, Лондонға қатыса алатын болса ғой, ИншАлла! Уот, намысты жігіт бәлкім бізге де медаль әперер, Бақыт Сәрсекбаевқа ойланатын, беріліп шынығатын сәт енді туды!
TOTY
Маған Мерей Ақшаловтың айқасы ұнады. Нокаут болмады демесеңдер, әйтпесе 5 раунд бойы өзін мығым ұстады.