Қайыршы мен бала


Сенбі күні кемпірім екеуміз көшеде келе жаттық. Тротуардың бір шетінде қарт қайыршы отыр. Алдымызда 4-5 жасар ұлы бар ана кетіп барады. Бір мезетте, әлгі бала қайыршыға 10 метрдей қалғанда, ол отырған жолдың жиегімен жүрді. Жан-жағына қарамайды, тіке жүріп барады. Жүріп барды да....қайыршының ыдысын аяғымен іліп кетті. Тиын-тебен жан-жаққа шашылды. Сол кезде біз де баланың тұсына жетіп қалғанбыз. Мен баланың бетіне жалт қарадым. Қапелімде аузыма сөз түспей қалды. Баланың бет-әлпетінен жайбарақаттықты көрдім. Тіпті, пофигистік көзқарас. Әдейі көрмеген болып, мақсатты түрде тиындарды шашып кеткен сияқты. Маған солай көрінді. Алда кетіп бара жатқан анасы артына бұрылды да, баласына жәй ғана «не істедің?» дегендей орысша бірдеңе айтты. Баласы «а?» деді. Іс осымен бітті. Анасы баласын жетектеп әрі кетті. Мен аң-таң болып қалдым.
Оу, қазақтар, қашан малдық пиғылдан шығасыңдар? Нағыз малдық іс, мәмбеттік әрекет. Баланың да, оған тәрбие бермеген ананың да ісі мәмбеттік. Анау қайыршы "Әй, не істеп кеттіңдер?" деуге шамасы келді.
Анау жерде орыстың әйелі болса, анасы кері бұрылып қайыршының тиынын жинап берер еді. Тым болмаса ауызша кешірім сұрар еді ғой. Өкінішке орай, ана жерде шала қазақтың әйелі түк те істеген жоқ. Уот, қазззақтар, ә?!
«Сол қайыршының күні сендердің бастарыңа келсін» деп күбірлеумен болдым. Менікі тым қатыгездік шығар. Бірақ сол кездегі эмоциодан келген сөз осы болды.

«Шешесс» дегеннен басқа айтарым жоқ.
Бөлісу:

47 пікір

edige
Бүгін бір негативті күн ба бірнәрсе болды. неге? неге? неге? толған күн…
a63a1
Патик ага өзіңіәз жинап бере салмадыңызба?
a63a1
Патик ага
өшшшшәәәә "аға" дит
VKM
патик, дұрыс айтасың,өзі тәрбие көрмеген ана, баласына дым бермейді((((((
Ottegin
Бүгін қайыршының ыдысын тепсе, ертең анасының ыдысын тебуі әбден мүмкін, Аллаһ басқа бермесін((((
patick
бұл тәрбиенің болмағандығынан ғой. ана жерде анасы баласына: «бар, жинап бер, сосын кешірім сұра» деп бұйыруға болар еді. ұзап кеткенше артыма қараумен болдым, анасы кері бұрылар, қайыршыға баратын шығар деп үміттеніп едім
Delvara
«кешірім сұра» деуі енді артық қой, қалай ғана балана қайыршыдан кешірім сұратқызасын…
Ottegin
«кешірім сұра» деуі енді артық қой, қалай ғана балана қайыршыдан кешірім сұратқызасын…

Жүрелетіп, дүрелетіп сұратқызу керек
Delvara
өз балана солай кешірім сұратқызар ма едіңіз???
patick
мен жазалар едім
Ottegin
Ойланбастан, тап сол жерде
Delvara
Қойщ, қалай ғана қайыршыға....?
Ottegin
Баяғыда естіп едім, қайыршы кейпінде кездескен Қыдыр атаға бір сараң үйде түк жоқ дегенде, Қыдыр ата, Әумин! Солай-ақ болсын депті.
sigma
қатырған екен
PaziTiP
Сіздіңше, қайыр сұраған адам адам емес пе?
Delvara
олар өздірін өздері мал қылған адамдар
patick
бұл жерде қайыршы неліктен сондай күйге түсті деген тақырып маңызды емес. кім болса да ол адам, адамға адами қарау керек.
PaziTiP
Түсінігіңіз тым таяз екен. Әртүрлі жағдайлар оларды мәжбүрлеуі мүмкін. Ешкім де ондайдан «сақтандырылған» емес.
Delvara
Солардың көпшілігі әртүрлі жағдаймен түскендер арине, я ішіп кеткен, я бболмаса ойыннан кеткен, т.с.с…
PaziTiP
Неде болса, оларды сөгетін біз емес.
JebeNoyan
Қүрметті Delvara осы видео-бейнені көріп, қайыршылар туралы ойыңыз өзгеретін шығар…
сілтеме (ссылка): kiwi.kz/watch/5kfma2fa0ygw/
edige
олар өздірін өздері мал қылған адамдар

Delvaraга: Шын өз ойыңыз ба мынау?
sigma
Қайыршыдан кешірім сұраған, қайыр сұрағаннан жақсы болар?!
Delvara
Неге жинап бере салмадыңыз және кемпіріңізбен келе жатырсаныз? Орыс жігіті болса жинап бере салар еді ...))
patick
білә, енді біз жанынан өтіп бара жаттық та, анасы кері қайтып кешірім сұрар деп күтіп едік
a63a1
Күтпеу керек еді ондайға бей-жай қарап тұрудың өзі сол баланың ісімен бірдей жағдайғой
patick
анасы қайтып оралар деген үмітпен мен артқа жалтақ жалтақ қарап ұзап та кеттім
Delvara
дұрыс айтасың, а алпыс үш а бір )
Ottegin
Неге жинап бере салмадыңыз және кемпіріңізбен келе жатырсаныз?

Теуіп кеткен баланың мамасы емессіз бе?
Delvara
өкінішке орай әзір балам жоқ тебетін))…
Ottegin
Өкінішке орай???? Түсінікті, тебуге үйретпексіз ғой)))
a63a1
Сондықтан Қазақ қыздарымен жігіттер балларыңа жақсы тәрбие беріңдер
asaubota
негізі ондай адамдарда ұлт та жоқ, ұят та жоқ. түрлері қазақ, тілдері орыс, жүректері ешқандай да ұлт емес. аяймын…
sigma
Ия, адам не болып барады өзі, еңкеюге ерінген?
Өмір еңкейтпесін, қайыршының тиынын жинауға зар болар.
omarbirat
Баласына «неге өйтесің» деп айтпағаны былай тұрсын, тіпті өздері айтақтап отыратындар да болады. «Ананы боқта, мынаны ұр, бокс-бокс де» деп тұратындарын қайтесің, шшс :)
PaziTiP
Ұяда не көрсеңнің айқын мысалы.
konvict
Өзің ақ қайтып келіп жинап бергенің де дұрыс болар еді. Немесе неге өзің сол балаға ақыл айтпадың? Шешессссінен қорықтың ба? Шешесі білмеген ақылды сен айтсаң орынды ақ болар еді
KILYZAMAN
Ашудан — жазылған пікірлерді оқымастан бірден Патекеңе дүрсе қоя бермекшімін… :-(
Бауырым ау, басқа-басқа (мәңгүрттерді айтамын) осы өзіміз қояйықшы Мамбет деген теңеуді. Опасыздық деген анағұрлым түсінікті, дәл жүрекке тиеді емесепе. Опасыз анадан қандай пиғылы, тәрбиесі дұрыс бала дүниеге келмек деп, кете берер еді ғой (шұбырған ойлар)…
PaziTiP
Мәмбет деген Пайғамбарымыз Мұхаммедті атағандары ғой.
meirzhan
Ол сөзді келмеске жіберу керек-ті.
Erkekyz
Баланы жарайды балалық қылды делік, анасына не жоқ.(
Janasil
Қайыршының тиынын тепке бала, Ертең есейіп, қолына билік тисе қазақтың басына тебеді. Қорқынышты!
meirzhan
Қай ұлттың болмасын адамының басын тепкен дұрыс емес.
JebeNoyan
осы тақырыпты жазған авторға рахмет!!! Алла қаласа біртіндеп азаматтық қоғамға жетеміз, осындай істерді айыптап, жазып түзелеміз! Қайыршы да адам баласы!!!
Осындай әділетсіздіктер, тәрбиесіздіктер бастарыңыздан өткен шығыр? Талқылайық қадірлі ағайын!
Erlan
Сөрені сүртіп қойсаң, бір неше күннен соң шаң басып қалады, тап -таза болып тұрмайды, адам жадысыда сол сияқты, адамгершілік туралы бір нарсені окисын, естисін болмаса көресінда, арада уақыт өте сен ол нарсені жайлап ұмытыла бастайсын шаң басқан секілді, антивирустың обновлениесі сияқты, адамда намаз оқып, ойын сергітіп, аллақты еске алып отыру керек. Сондағана, таза болмақ адамның ой дәптері!