90- жылыңмен Жас Алаш!

Мәңгілік жастардың газеті Жас Алаш торқаулы 90- ның биігіне шықты.

Жұма күні досымның шақыруымен Жас Алаштың 90- жылдығына арналған кешке барып қайттым. Біраз үлкен кісілер, ақын-жазушылар, журналистер, әншілерді көріп қалдым. Бәрі де Жас Алашты құттықтап, өз естеліктерін айтып жатыр. Кеште заманға деген көз-қарас, өкініш, сын, қуанышта орын алды.

Ең қуандырғанда, таңқалдырған жәйт Қажығұмар Шабданұлына халықтық Жас Алаш газеті арқылы сүйегін елге әкелу үшін жиған қыржысының көлемі болды. 1 млн 472500 теңге халық жинап берді. Ол кісі туралы Мейіржанның блогыннан оқып ем. Жас Алаштың басшылығымен, Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов тағы да басқа кісілердің қолдауымен ол кісіге Ұлттық Рух, Халықтық сыйлығы берілді. Сонымен қатар, біраз Жас Алаш журналистері Журналистер одағының атынан марапатталды.

Жас Алаштың қысқаша тарихы: Газет 1921 жылы 21 наурыздан бастап Ташкентте басылып шыға бастады. Ғани Мұратбваетың басшылығымен. Газетте барлық ақын-жазушылардың туындалары алғашқы болып жарияланып тұрған. М.Мақатаевтың “Райымбек, Райымбек” поэмасы алғаш рет осы газетте жарық көрді.

Жас Алаш туралы менің естелігім: Бұрындары біздің үйдің тұрақты жазылып тұратын, ең көп оқылатын газеттерінің бір – Жас Алаш еді. Себебі, әкемнің ең сүйікті газеті болатын. Әкем 8 -сыныпта оқып жүргенінде әкесі жазып бергеннен бастап тұрақты оқырманы. Әкем ылғи жаңа шығармалармен танысатын бірден бір басылым деп отыратын. Меніңде мектеп кезіндегі ең сүйікті баспам болған. Студент, Отбасы, Мыңнан бір мезет сияқты бөлімдерін жібермей оқып тұратынмын.

Қазіргі кезде халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, саясаттың артық кеткен тұстарын баса айтып жүрген Жас Алашқа 90- жылдығында тек көп оқырман, қаламдарыңыз мұқалмасын деп тілеймін!
Бөлісу:

16 пікір

patick
«Жас алаш» ұнамайды. Фактілерді бұрмалап беру, немесе ақпаратты қате беру жағдайларын көріп жүрміз. Сондықтан да, ол газетті БАҚ ретінде сыйламаймын. Мүмкін журиктері жақсы адам шығар, қойым біліп пе…
Aikona
Бұрынғы деңгейін жоғалтып алғанын мойындаған дұрыс шығар. Кейінгі кезде тек саясаттан тұратындықтан да беделін түсріп алды.
omarbirat
Гәзет оқырмандарымен бірге қартайып кетті опшым :))
satibaldi
Әбілдер-ай десейш))))
omarbirat
90 жылдың жетпісі «Лениншіл жастың» еншісінде шығар :)
Zere
Ия, бұрын қызық газет еді. «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Ата тәлімі» деген жақсы айдарлары да бар еді…
gunner
Бұрын, мектеп кезінде осы газет келіп тұратын үйге. Газеттің кейбір номерінде «Мақатаев 22» деген айдары шығатын. Сонда түсінбейтінмін Мақатаеві несі? 22 несі деп… Содан Алматыға оқуға түсіп, документ жинап жүргенде көк базардың жанынан, Мақатаев көшесімен өтіп бара жатқанда «Жас Алаш» деген жазуға көзім түсті, қарасам 22 үйде орналасқан екен, сонда ған түсіндім неге жиырма екі деп қойғанын)). Ескі,әктері түсейін деп тұрған ғимарат етін, қазір жөндеп қоймаса.
aza
… — Короче, сіздің атыңызға, облыстың атына кір келтіретін мақала келіп түсті… Біз бассақ үлкен шу шығады. Өзіңіз біліңіз енді…
— ммм… Қанша сұрап тұрсың сонымен?
— бұрынғы баға ғой сол, 2 штук…
— болады, қазір аудартамыз! Ананың көзін жой!
… Бұл біздің облыс билігімен ЖА арасындағы келіссөз!
satibaldi
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
satibaldi
Ең қуандырғанда, таңқалдырған жәйт Қажығұмар Шабданұлына халықтық Жас Алаш газеті арқылы сүйегін елге әкелу үшін жиған қыржысының көлемі болды.
Тірі кезінде туда-обратно билетке 50 мың да жарайтын еді, түктібайымайдтар…
asaubota
бұрын күшті қосымшалары бар керемет газет еді, қазір опик боламыз деп құртты ғой бәрін. Шала Жас деп неге өзгертпейді екен аттарын?!
KILYZAMAN
Тоқсанға келсе — алжыған… АстафураллаҺ — АЛАШ емес, «кәзиттің жұрнағы» деседе болар мүмкін :-(
satibaldi
Өміріңде сенің айтқаныңа екінші рет қосылуға тура кеп тұр, шал.
KILYZAMAN
«Шалайа» бастағаныңның белгісі емеспе?
satibaldi
Шұғаның белгісі.