Патик, Қисық сендерде байқамадыңдар ма? ;)

Тағыда блог курылтай жайлы :)

Cұрақ туындап тұр: Презентация жасаймын деп тіркеліп, блог құрылтай күні келмей қалған жандар болды ма?

Мен тіркелген адамдар тізімінен Дидар кинофестивалінің сайты админі(Админі қазақ аруы, аты-жөні есімде жоқ кешіріңіздер) презентация жасайтынын көзім шалып қалған етін. Со күні(19-20 науырзда) бірақ презентация болатын бағанан(таблица) ұшырастырмадым. Презентациясына барғым келіп еді…
Дидар кинофестивалі жайлы айтар болсам, жылда Алматыда көктем айларында болып тұратын кинофестивал, жыл бойы кинотеатардан болған Қазақстандық өнімді тегін көрсету т.б
Өзіме анимация қызық болғаны үшін баратынмын. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері т.б. өнерлі жастардың бас қосуы шарасы.
bk
Бөлісу:

35 пікір

Aikona
Дегенмен байқамайтының жоқ екен :)))
monti
іштей журналистиканы аңсайтын жаның көзі ғой ;)
Abilakim
Мынау бетін қалай ауыстырады?
monti
түсінбедім сұрақты? қандай бет?
TERISKEI
үпіріп ауыстыратын шығар :))))
monti
айта қоймаспа екенсіздер әнек не жайлы?))) бірге күлейік ;)
TERISKEI
әнек болғанда не ғо, анаааау посттардың астында қауымдастықтар бетшесі (дейміз бе, сондай) шығып тұрады ғой, құмның ішінде бір тақырбас кітап оқып отырған ше, сол жайында ғой:)))))
monti
)))
негізі жақсы жасалынған постерлер(қауымдастық) ;) менде бүгін байқап қуанып қалдым :)
patick
Бір себептер келуге кедергі келтіргенін айтты. Бірақ қандай себеп екенін айтпады :)
monti
:) ну очм керектен сәлем айт, біздің сайтқа да кеп тұрсын қонаққа ;)
Erbol
Дидар кинофестивальі сайтының админінің аты Айкерим. Не себеп болғанын келе алмады.
Erbol
Жақсы фестиваль. Тек жастар қатысады. 2006 жылы мен де қатысқам.Студент кезде қуып жүріп түсірген деректі фильмімді ұсынып, Ұлттық нақыштағы үздік деректі фильм деген номинацияны алып едім.Ехх
patick
да ну нақ? көрмейміз бе?
Erbol
Көргенде… блогыма салармын бір күні. «Аспантаулар аясында» деп сәл қиялилау аталады. Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы шекарада қодас бағатын қырғыз шал мен кемпірдің өмірі туралы. Менің ауылымнан 250 шақырым жерде. Жол жоқ, атпен барып түсіріп едік. Атырауда туып-өскен Асылхан деген бауырым (қазір Қазақстан теларнасында оператор) тауды көріп, мәссаған мен мұнға пенсияға шыққан соң көшіп келемін деп таңқалып кетіп еді.Қанат деген ауылдас ағамыз (қазір Астана қалалық салық комитетінің төрағасы, мың алғыс) қалтасынан ақша беріп, көмектесіп еді.Қазір сол фильмді дұрыстап түсірсе деген жаман ой бар.Кішкене сапалы ғып.Жаңағы шал мен кемпір жол жоқ, жарық жоқ, өркениеттен 150 шақырым жерде, қыс басталса екі жағын асу қоршап, қалың қар басқан таудың ішінде, ешқайда шыға алмай қалады, сол үшін тамағын жазда тасып алады. Қысы-жазы жегені аңның еті, баққандары қодас, олардікі өзінше бір қызық өмір.Өте жақсы фильм түсіруге болады. Алдыңғысы сәл қарапайымдау шықты.Бұйырса бір сәті түсер.
asaubota
интригаландырып қойдың ғой, давай шығар енді блогыңа :)
Erbol
ел күле ма деп, нетіп тұрм
asaubota
неге күлед? күлгендерді бандаймыз :)
Erbol
Арасында порно кадрлар бар десең ба))) Саламын
qisyq
Ермек Тұрсыновтың қатысы жоқ па? Қодас дегендей…
Erbol
менікі, Келіннің деректі фильм версиясы
sammita
Тұрсыновтан бұрын түсіргем дейсің ғой
Erbol
Тұрсынов өзімен кетсін құрсын.))))))))
Erbol
Шошымаңдар қалжың ойбай. Өрескел ештеме жоқ. Сапасы сәл нашарлау болған соң, ыңғайсызданғаным ғой. Саламын бұйырса.
Gastarbaiter
Қодас дегендей…
ық-ық)))) (бандамаңдар)))
balzaminka
ммм, қодас деген не? тағы да қазақ тілін білмейтіндігімді байқап отырмын :(
Gastarbaiter
Қодас деген як. Бойы тапал, овцебык сияқты мақұлық.
sammita
«Астана қалалық салық комитетінің төрағасы»
Астана қ. Салық департаментінің бастығы Қанат Ескендірұлы ма?
Erbol
ааа департамент еді ғой. Маған әлі комитет болып жүр.Үлкен кісілердің әлі күнге дейін қытайдың затттарын көріп отырып үкіметтің шығармайтыны жоқ дейтіні сияқты.
ken
Кытайдын тез азiрленетiн лапшасын корiп, «укiметтiн шыгармайтыны жок» деп ажемнiн танданганы есiме тусiп кеттi))
monti
уау малдес құттықтаймын! :) кейінгі кездердегісіне бармадыңыз ба? маған ұнайды, кинотеатрдан жіберіп алған киноларды қарап шығасың :), басында тек студенттер ғана қатысқан жоба еді, қазір үлкен кісілерде атсалысып жүр…
Евразия, Шәкен Жұлдыздары т.б. сияқты үлкен жоба болсын деп тілейік!
Erbol
Сол 2006-дан кейін Дидарды көрудің сәті түспеді.
maqpal
Биылғы Дидар қай жерде, қашан болады? кім біледі?
ai-kerim
Салем достар! Мені іздеген достарыма рахмет! Республикалық «DIDAR» кинофестивалі биылғы жылы мамыр айының ортасында өтеді. Түсірген фильмдеріңіз болса қатысыңыздар! Қызығушылық танытсаңыздар барлық мәліметтер www.didar-com.kz сайтында жарияланатын болады.