Алматыдағы қызыл қырғын



Жақында ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) орналасқан пәтерге «Сұңқар» арнайы мақсаттағы отряды шабуыл жасаған. Нәтижесінде үш адамнан құралған қылмыскерлер тобы 11 спецназды жайпап салған.

Бұндай үлкен шығынға спецназдың өздері кінәлі. Олар операция барысында мысықтың да миына қонбайтын өрескел қателер жіберген:

Командирлер операцияға қатыспай, бұйрықты сыртта тұрып қауіпсіз жерден беріп отырған.

Отряд командирлері офиста отырып жұмыс істейтін қарапайым шенді адамдар болған.

Жауынгерлер қорғаныс құралдарымен дұрыс жарақталмаған.

Пәтердің есігін бұзғанда көз ашытатын гранаталар тасталмаған. Яғни тікелей баса-көктеп кіріп барған.




Қарулы қылмыскерлер әрине бәрін терезеден көріп тұрды. Сондықтан, есік бұзылғанда автоматтан оқ себелеген.

Арнайы отрядтың тағы бірнеше өрескел ереже бұзу әрекеттері анықталды. Соның ішінде, көрші пәтерлердегі бейбіт тұрғандарды қауіпсіз аймаққа шығармаған. Яғни, екі жақтан да гранат жарылыстары болған. Бұл көршілерге де зиян тигізуі әбден мүмкін нәрсе еді. Бұған қоса, алдын ала қылмыскерлермен келіссөздер жүргізу әрекеті жасалмаған.

Нәтижесінде 11 жауынгер жарылыстың, оқтың салдарынан ауруханаға түсті. Оның үшеуі өте ауыр халде. Біреуі жарылыс кезінде екі аяғынан айырылған, біреуіне граната жарықшағы көзге қадалып, миына жеткен. Сондай-ақ бір қолына оқ тиіп, қолын істен шығарған. Тағы бір жауынгердің жақ сүйегінен түк қалмаған.

Осыдан кейін не айтуға болады? Ішкі істер қызметкерлерінің негізгі мақсаты халықты қорғау болса, өзге түгілі өздерін қорғай алмайтын менттардан не күтуге болады?

Толығырақ мәліметті мына жерде оқуға болады: news.nur.kz/181016.html
Бөлісу:

24 пікір

omarbirat
Мәмбеттік-ай десейш…
Janasil
Сенгеніміз сендер болсаңдар!!!
KILYZAMAN
Бейқамдық пен жауапкерсіздік. Тіпті нағыз топастық :-(
sammita
бәрінен бұрын атпалдай жігіттерге обал болды. Басшылары жазаланса екен тым құрыса.
monti
Чөт, соңғы кезде Алматыда криминал көбейіп кетті :(
Erbol
Айтпа, алдыңғы инкассатор анау, мыналар мынау Қалқамандағы 2 адамды жайратып салып, артынан полициямен атыс ұйымдастырған.
Zere
Бағана осы операцияға қосымша көмек болып барған ағамды көргем. Осы 11 адам жайлы айтып едім, 11 емес, 5 спецназ деді. Және бір спецназдың бір аяғы жұлынып кеткен, біреусіне снарядтың оғы кірген. Екі қылмыскер қатты күйіп қалған, және жараланған деді. Бірақ бәрібір 5 спеназ да үлкен шығын деп отыр. Жараланғандарды шығарғанда жедел жәрдем уақытылы келмей қалған. Сондықтан олар №7 қалалық ауруханаға өздері апарған екен. Сол жерде дәрігерлер жасақталып, күтіп алыпты.
Erbol
ІІД бастығы пресс конференцияда 3 қызметкеріміз жараланды деді. Артынан КТК 9 адам деді, енді 11 адам. Ақзере 5 адам дейді. ДВД бастығы 2 қылмыскер өліп, 1-і қолға түсті, біреуі бұлардың алдында қолға түскен болатын деді. Бұлар 5 адамның өліміне қатысы бар деді. Біз осы бойынша ақпарат бердік.Өтірік айтпайтын шығар, а
JebeNoyan
омонның жайы осы болса, милициядан не күтуге болады?
VKM
Сөз жоқ, полиция қызметкерлерінің арасында оңбағандар аз емес.Бірақ олардың жұмысы-нағыз ит жұмыс.Және басынан оларды "құбыжық"қылып қойса, олар солай болады.Полиция қызметкерінің дайындығының нашар болуы, оларды елдің жеккөруі, демократия, демократия деп, олардың қолдарын байлау,қылмыскер жазасын алса да,1-2 жылда шығуы, не түрмеде бізден жақсы өмір сүруі-біздің қоғамның ауыруы.Мемлекеттің саясаты.Сондықтан, полицияның жұмысын азайтып,өздеріңіз сақтанып жүріңіздерші :)))
Gastarbaiter
Дочь мента)))) деген кино есіме түсіп кетті.
VKM
Мен білгесін айтып тұрмын, папам 7 де кетіп,22 де келеді.Сонда да ешкім рахмет айтпайды.«Балық бастан шіриді»…
Gastarbaiter
Мынандай диалог есіме түсіп кетті:
— Мент поганый! На давись! (мың теңге беріп жатыр патрульге)
— Работа такая извини.
— Ты сам выбрал эту работу!
***
Қазір сенің папаңа рахмет жоқ. Тек біреуге пара беріп көтеріледі. Ал пара беріп көтерілген адам, пара алады.
patick
Расында да білә. Күзетшілікке, ментшілікке түк істемей ақша тапқысы келетіндер барады. Өздерінен көрсін ешкінің терісін жамылғандарына.
VKM
Папам менің инженер-механик. ҚЗ тәуелсіздік алғанда, совхоздар құрыған кезде мамандығын өзгерткен.Пара алмайды,әйтпесе мен Лондонда оқып, каникул сайын мұхит жағасында жатар едім(
VKM
Гаста, кетчівар( Сен офицер мен сержантты, патрульдегі полиция мен облыстағы тергеушіні (оған дейін аларын алып,істі быт-шыт қылып шатастырып қойған,10-15 эпизодтық істерді жүргізетін )шатастырмаш… Білмесең,үндемеш) плиз(
Gastarbaiter
Жігіттерге обал болды, нақ мынадай топас басшылықта қалай патриот боласың? Өлсең сұрауың да жоқ.
KILYZAMAN
Сериал атаулыны жек көруші едім… Әне бір орыстардың Глухарь деген сериалының айтары көп тегінде… Жалпылай ХҰҚЫҚ қорұау орындарының өздерінің хұқығы жайлы келсек, айтары жоқ мимырт дүниеғой :-(
konvict
Үй жақта атыс болды деп естіп едім бір танысымнан. Мынау сол екен ғой