Чемпиондар Лигасы 1/4 финалы



Бүгін Чемпиондар Лигасы 1/4 финалының алғашқы ойындары басталады. 4 матчтың да фавориттері алаң иелері болғанымен сюрприз нәтижелер де болатын сияқты.

06.04.2011 00:45 Интер М — Шальке-04
06.04.2011 00:45 Реал Мадрид — Тоттенхэм
07.04.2011 00:45 Челси — Манчестер Юн
07.04.2011 00:45 Барселона — Шахтер Дн
Бөлісу:

55 пікір

Nurgisa
06.04.2011 00:45 Интер М — Шальке-04

Миланнан кейінгі фиаскодан соң Интер айылын жиятын ойын болатын сияқты. Это'о мен Снейдерлер бүгін немістерге билігін жүргізер. Меніңше, алаң иелерінің айқын басымдығымен өтіп, итальяндықтар кемінде 2 гол айырмасымен ұтады.

06.04.2011 00:45 Реал Мадрид — Тоттенхэм
Тоттенхем бүгін бастысы сырт алаңда көп жібере алмауды ойлауы керек. Реал қанша талпынса, тас қамалды бір-ақ мәрте бұзп өтуі мүмкін. Есеп 1-0.
qisyq
Төрт «Эль Классико» көрсек, шіркін деп отырмын)))
Әй, бірақ, «Реалдың» сүрініп кететін әдеті бар еді ғой, Моуриньо да «кетемінге» салып, қыпылықтап отыр дейді, бір қайнауы ішінде ойын көрсететін сияқты. Меніңше тең ойнайды. Я 0-0, я 1-1.
Интерге қатысты Нұрғисаның болжамымен «солидарен».
asaubota
Интер Миланмен ойынды бүгінгі ойынға алаңдап ойнады. сондықтан қазіргі шын күшіне ол өлшеу емес. Шалькені мәселесіз ұтады. Реал тур шансын реваншқа тастамау үшін бүгін гол жібермей ұтуы керек. мен ертеңге Барса — Шахта матчын күтіп отырмын, екеуі де шабуылшыл командалар. Шахта өтіп кетсе таң қалмаймын.
aktobe88
men de sodan korkyp otyrmyn, Shahterdin jelpinui jaman emes.
Birak El-Klassiko koruge kulykty emespin…
Tottenhem jenetin siyakty.
Nurgisa
Қойыңдар-ей. Шахтерге осы саты жетеді.
Месси мен Вилья сүйек кеміріп жатады деймісіңдер. Иә, 5-0, 4-0 болмауы мүмкін, бірақ жартылайбразилиялық хохолдар жартылай финал ойындарын салосын жеп, телеуізірден тамашалайды деушілер жаңылыспайтынымен санаспақ ләзім.
qisyq
Жеңбесе екен. «Реааааал»!!!
konvict
Барсеееелоооооонааааааааааааааааааааа, Мессииииииииииииииииии
qisyq
«Реал» үшін бес тарым (неменең?!!) күйіп бара жатқан жоқ, әшин, Зиданның кезінен қалған симпатиялық инерциямен қолдаймын. Мадлен әйбат қыз.
aktobe88
Nurgisa aga, amin!!! +1
Al Qisyk, sen bar go, kiysyk dese kiysyksyn)))))
Nurgisa
Әмин! Аршатұлы!
Nurgisa
Челси сатып алаып жатқан жұлдыздар қандай қырсық шалатынын кім білсін, жөні түзу ойнай алмай қалады ә дегеннен. Шевченкода солай болды, Баллакта, қазір Торресте… Дрогба да биыл былтырлардағыдай емес, бабын жоғалтыпты. Қайта шал Анелька екінші дәуренін атойлатып асыр сап жатқан сияқты. МЮ де Руни-Бербатов тандемі Террилерді оңай жығады деуге келмес. Тоталы аз болады, меніңше. Жабық ойын болады сосын.
konvict
Меніңше, Нұрғиса айтқандай Реал Шпорлармен тең түседі. Ал, Интер болса ұтылып қалуы да мүмкін. Бірақ тең ойын болатыны сөзсіз.
Барселона бірінші ойында ұтады. Ал, МЮ-дің бағы жанып кетуі мүмкін.
Onlasyn
Шахтерға обал болды… Барса мен МЮ шыққанда ғой… Сол кездегі Фергюсонның түрін көргім кеп тұр…
Meru
Челси Манчестерді жеңеді/жеңіледі? Қалай ойлайсыңдар?
patick
Мен сені жеңем
Meru
менде не ақың бар? оданда болжамыңды айтсай))
Gastarbaiter
Патиктің қолданысындағы кез келген ашық райда айтылған сабақты етістіктер интимдік мағына білдіреді.
Nurgisa
Жақсы ойлаймыз. Шынтуайтына келсек, Челсидің ЧЛда МЮге Мәскеуде кеткен ақысы бар. Желкесінен шығарады. Суолыштардың :)
Onlasyn
Жеңеді деп тілеймін…
Meru
қабыл болса екен
asaubota
МЮ күшті сияқты қазір Челсиден. ал Шахтердың тілеуін тілеушілердің бірі менмін, өйткені олар жартылайфиналда Реалға шығуы керек қой :)
Nurgisa
Шахтердің тілеуін тілеу Әбіләкімге көбірек жарасатын сияқты негізі, құрдас… Кешір, әрине.
patick
және Шевченкоға дейсің :)
Abilakim
Біздің «Шахтер» болса жеті сосиски в тесте құдайы берер едім ғой
qisyq
«Реааааал»!!! Төрт те нөл, «Тоттенхэмның» шпорларын бір жерлеріне қадап жіберді, scheschesse…
Енді, ертең «Шахтердің» тілеуін тілеу керек.
Немістерге риза болдым. Бағана бекер «Олимпке» кірмей кеткен екем. Гол жауған күн болды ғой. Мадлен әйбат қыз.
konvict
Ей қисық. Төреші Реалға болысты ғой. Краучты алаңнан қуып жіберіп
qisyq
Ей konvict. Болысса болысқан шығар. Бірақ, нәтиже маған ұнап тұр. Саған ұнамаса, ол сенің ішкі әлеміңнің проблемасы.
aktobe88
Е, Қисық, оны сен бар ғо, соңғы кезде ұнамай жүрсің ші, әпкеме айтып сабатпасам...))))
Мә, Реалдікі күтпеген нәтиже яу.
qisyq
Жеке басқа көшпеңдер, мықты болсаңдар Моуринью мен Роналдоны сабаңдар барып.
Балдыз, әпкеңнен қорықпаймын))))))
aktobe88
Ну, погоди, рЕАЛ, ой, тойыс, жезде!
konvict
Кетч НаҚ. Реал жүрген мал. Бірақ өз басым Моуриньоны сыйлаймын. КЕзінде менің сүйікті клубтарымның бірі Портуға кубокты алып берген. Ал, Реал мен Роналдулар әшейін жүрген біреу. Өткенде өз алаңында Хихонның Спортингінен ұтылып қалды. Бұл жолы төреші болмағанда ойын тең аяқталар еді
Nurgisa
Байқап отырсам, бәріміз біріміз қалмай оңбай қателесіппіз Интермен. Шальке сөзсіз жақсы ұтты. Жалпы матч сойқан өтті. Жиырма алтыншы секундтағы Станковичтің голынан кейінгі дәмем бекер болмапты.
qisyq
Ал, бүгін не болады, жауырыншылар?
Меніңше, МЮ басым түседі Челсиден.
Сосын Шахтердің жеңгенін қалап тұрсам да, Барса жеңетін сияқты бірінші ойынды.
Nurgisa
Челси мен МЮ қанша дегенмен өзара сырын жақсы білгесін 2,5-нан азырақ гол тамашалайтын сияқтымыз. Меніңше Челси 1-0 есебімен басым түседі

Барса Шахтерді айырады енді, ғафу етіңіздер. 3-0 болады есеп, Месси екі, Вилья бір гол соғады.
Abilakim
МЮ пен Челсидің есебі 2:1 немесе 1:1
Барса мен Шахтер 2:0
asaubota
өз алаңында ширекфиналда 5 гол жіберу деген сұмдық қой! 2 рет ойында алға шығып тұрып!

asaubota
Реалдың тек бірінші таймын қарап ұйықтап қалғам, екінші таймда әдемі голдар болған екен:

Gastarbaiter
Мен базар жоқ бәрін түсінем, Реал, МЮ, Интер қинтерлерің өз миллиондарын былай да алып жатыр. Ал сендердікі не қырғын?? Ақша тігіп пе едіңдер әлде?
Nurgisa
Мен базар жоқ бәрін түсінем
:) Жауапты өзіңнен іздеуге тырысуға тырыс ;)
Gastarbaiter
суға тырыс ;)
Қай су?
Abilakim
Қайнаған суға
Gastarbaiter
айна
Айна қайда?
qisyq
айда

айда өмір жоқ
asaubota
Ойынға бәс тікпесе
Ойынның сәні болар ма?
Abilakim
"Қара жорға" тәрізді ғой деп қойсиш)))
qisyq
Реал, Барса болмаса,
Лиганың сәні келе ме!? дегендей…
Nurgisa
Ойынға бәс тікпесе
Ойынның сәні болар ма?
Железняк бәрі болмаса
Экспресстің мәні болар ма?

Реал, Барса болмаса,
Лиганың сәні келе ме!?
Бір нөл сегіз, бірде он,
Майданың бәрін тере бер.
aktobe88
Эль-Классиконы көксемей жолдан қайтыңдарсайш, а? әлде тағы 5-0 қалайсыңдар ма? Ла лигадағы әл-классикода өткендегіні қайталаймыз иншАллаһ.
qisyq
Онда өткен жолғы ойын қайталанбаса екен деп тілейміз, Алла жазса солай болады.
aktobe88
Барсаға сенем өзім. Ал Челсидің жеңетініне күмәнім бар болса да Челсидің жеңгенін тілеймін өз басым.
asaubota
бүгін екі ойын да тең аяқталады деген ой бар. және кешегідей гол жаңбыры болмайтын сияқты, әдетте солай болатын еді, бір күн гол көп, екінші күні аз.
Nurgisa
Қайдам, Барсаларда бірталай гол болады, меніңше.
Nurgisa
Барса хохолдардың екі аяғын бір етікке тықты. 5-1 ден кейін, Донецкіге бармай-ақ, 0-3 техникалық ұтылыс саналса игі дейсің ғой. Бірақ бүгін соға алмаған Месси мен Вилья «барайықшы да, барайықшыға» салады Гвардиолоға.
aktobe88
Сіздің дәп-дәл болжамдарыңызға үйреніп қалған…
біртүрлі екен.