90-шы жылдардағы супер гаджеттер

Керемет телефон салмағы 500 грамм. wi-fi, блютуз, камера вообщем барлығы бар)

ең соңғы үлгідегі мп3-плеер

микро малқора

Денди

масқара лазерррр)

қалауларыңыз бойынша атай беріңіздер

лего
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
сендерге жастарға күлкілі болар, бірақ бұлар керемет мүліктер еді. андай конструктор жұрттың бәрінде болған жоқ. қазір де таба алмайсың ойыншық дүкендерден. самолет, машина, кран жасап алатын едік.
kaztarih
ибәй Денди көзіме оттай басылды… шіркіннің бір касетасын 200 асыққа айырбастап алушы едім.
edige
Кассета демекші дискатека коятын кезде екі магнитофон наушнигімен дайын тұратын, ал басып айналдырып жақсы андерді қойып отыратынмын. Қазір ойлаймын, таза еңбек етіппін. «Волна», «Маяк», «Нота» деген майтафондарым бар еді шіркін. Казір жарамсыз сарайды толтырып тұр.
П.С: Қыздар көзқарасыма сынатын «Супер красавчигі» болған екенмін заманының.
seken
80-жылдар супертелефоны
(25 Kb, 203x223)
Abilakim
Жылдар өткен соң қазіргі жетістіктер де осылардың қатарына кіреді
Abilakim
мында одан да ескі телефон бар
eskene.wordpress.com/2011/01/24/көне-телефон/

60шы жылдар шығар)))
Nurgisa
Басқа жерлерде болды ма екен, білмеймін, біздегі телефон «блокиратор» болды. Бесінші этаждағы біздікі төмендегі төртінші этаждағымен бір желімен байланыстырыла ма, сондай бір нәрсе. Кейде бізге соғушылар көршімізге, көршімізге соққандар бізге түсіп кететін. Зәразап болушы едік.

Айтпақшы, телефон қондырғанымызда ол өзі бір «шик» еді, «авторитет». Әкемнің жұмысындағы бір топ кісі сол қуанышты жууға үйге келген. Ол кезде «восьмерка» кейін қойылды ма, әйтеуір шет жақпен сөйлесерде арнайы қызметке (переговорная еді-ау деймін, шамасы) телефон соғып, біраз уақыт өткеннен кейін (кейде екі-үш сағат) «Алматы заказывали?», «Жаңабазар заказывали? Говорите.» деп қоса қоятын.

Кейін көрші-көлем кеп тұратын телефонымызды «уақытша жалға алуға». Сағаттап сөйлесуші еді жарықтықтар.
asaubota
мен 1-ші курс бітіріп келгенге шейін біздің үйде телефон болған жоқ. қалалық телефонды тек Түркияда қолданып көргем. үйге келгесін біреу телефон соқса тез сөйлесетінмін, ана жақ неге асықпайды деп қоям. өзім соқсам да тез сөйлесіп қоя салатынмын. кейін білдім бізде қалаіші тегін екенін :)