Баяғыда қазақ деген ел болыпты

Менің бір байқағаным өзіміздің салтымыз, тіліміз, тарихымыз және т.б. туралы сөз қозғағанда "қазақтың салт-дәстүрі", "қазақтың тілі", "қазақтың тарихы" деп өзіміз туралы емес баяғыда өмір сүйріп жойылып кеткен "қазақ" деген халық туралы айтқандай айтамыз. Мүмкін біз өзіміз сол салтты-дәстүрімізді ұстанбайтындықтан, тілімізді қадірлемейтіндіктен, тарихымызды ұмытқандықтан шығар :(

Неге «біздің салтымызда», «ана тілімізде», «еліміздің тарихында» деп неге сөйлемейміз?
Бөлісу:

11 пікір

KILYZAMAN
Жүректен қадалатын пікір… Орынды!
VKM
Шынымен де… сөзіңіздің жаны бар. Енді солай дейікші, бәріміз)Казнеттен бастайық
satibaldi
сөзіңіздің жаны бар.
Ширк.
konvict
Дұрыс пікір айтыпсың
Delvara
шыныменде, ойланатын мәселе, бәрі өзімізден.
boztorgai
біздің салтымызда
біздің дейін десем сарт та, шүршіт те, басқа да қосыла кететін сықылды көрінед те тұрад

сендерді өзгелерден қызғанам
Serzha
тарихымызды мифке айналдырып жіберді
Ahi
Біздің дінімізде дегенді де қосып қойсаңыз болады
asaubota
біреулер туралы айтады ғой "қазақша жақсы сөйлейді" деп. лібә жыным келеді :(
KILYZAMAN
Неге «біздің салтымызда», «ана тілімізде», «еліміздің тарихында» деп неге сөйлемейміз?
— ол үшін құлдық пиғылдан арылуымыз керек. Жалтақтықты қойсақ дұрыс болады. Көзі көк екен, тісі қисық-ауызы сасық екен деп үрейлене берсек — ҮШІНШІ ЖАҚтан сөйлеуге үйірсек болғанымыз болған!!!
a63a1
Қазақ десе өзіңе тиеді — дегендерді, атып тастағым келед