“Қуған профессор”
Орысшасы “Бред профессора”, аудара алмадым. Кез-келген қарапайым мақалды алып, сондағы әрбір сөзді қиындатып жібереміз де, барлығын қайта жазып шығамыз. Ойнаушы адам бастапқы мақалды не мәтелді табуы керек (ВАК құрамындағы журналға шығып қаламын ба деген үміт қой, жай ғана).
Сонымен:
1-заң. Көлік құралы болып қолданылатын екі жүзу құралының артқы жағын ұстаған индивид – түссіз, иіссіз мөлдір сұйықтық болып табылатын, сұйық агрегаттық күйдегі сутегі оксидінің ішіне кетеді.
2-заң. Құдайдың еркін орындайтын, қабілет-мүмкіндіктері қарапайым адамнан біршама жоғары болып табылатын рухани мақұлық элементтердің периодтық жүйесіндегі 79-шы элементті көріп, көлік құралдары жүруге арналған жер бөлігіндегі өзінің траекториясын өзгертіпті.
3-заң. Жануарлардың және адамда болатын, толқын ұзындығы жарық сәулесінің диапазонында болатын электромагнитті сәулелерді қабылдап, ажырата алатын сенсорлы орган потенциалды шабуылдық қасиеттері бар әрекеттерге қарсы төтеп беру тұрғысында пессимисттік көзқарасы шоғырланған* болса, адамның және кейбір жануарлардың еңбек етуге арналған мүшесі ықтималдық теориясы бойынша негатив әсерлерге, шабуылдарға, күрделі есептерге қарсы оптимисттік реакциялар негізі бойынша қимыл көрсететін және позитив нәтиже алушы болып табылады.
Осылай жалғаса береді. Осы үшеуінің жауаптарын жазып көр, еріккен кезде мен де тағы жазармын.
ЗЫ. Ал сен қандай заң шығардың?
Бұл пост 2008 жылы Русланнын блогында жазғаны. Көп адам көрмей қалған болар деп осында әкелуді жөн көрдім, пікірлерімен бірге.

Аршат деген | 07.10.2008 ж.
Мен де бір кино қарап жібердім жатпастан бұрын, Отпетые мошенники деген кино. кароче машенник, аферистер туралы кино :)
Бүгін үйде отырмын әлі ауырып, сонда да бір мақал жасырып көрейін:
Жоспар бойынша негізделіп, белгіленген нүктеге күнделікті бағдарлама бойынша тасымал жасалынып іс аяқталғаннан кейін өз орнына әкелдірілінетін жүні, еті, сүтінен өнім алынатын мүйізді сүтқоректі мөлшері адамның бір қолының саусақ санына тең болғанына қарамастан процесс кезінде ас қорыту мүшелері арқылы жүзеге асырылатын сүйемелдеуші дауыс күші белгіленген нормалардың үстіндегі Герц көрсеткішін көрсетуде.
Аршат деген | 07.10.2008 ж.
Өз резервіндегі функцияларды толық атқара алғанына қарамастан бұл көрсеткіш қаржылай тұрғыда жеке капиталының арту графикіне сәйкес келмейді керісінше функцияларды толық болмаса минимум мөлшерде болса да атқара алушының финанс графигі ықтималдық теориясының ең төменгі ықтималдарына сәйкес келе отырып капиталдың артуына себепкер бола алады.
technosyndrom | 20.10.2008 ж.
Фертильді жастағы адамның антиподына, саны әдетте [39...41] интервалындағы бүтін санға тең болатын сәулет өнерінің артефакттарына барғанда құқықтары шектеледі.
technosyndrom | 20.10.2008 ж.
Оттегі және басқа да органикалық қоректі тасымалдайтын сұйықтығының мүддесін қорғаман адамның шамамен иық пен қолтық асты ауданы физикалық деформацияға ұшырасын.
ruslannnn | 20.10.2008 ж.
Есту қабілетінен толықтай айырылған немесе айтылған сөзді толыққанды түсінуге кедергі келтіретіндей деңгейде есту қабілеті төмендеген индивидпен кездесу кезінде оған араб тілінде Алланың нұры жаууын тілесеңіз, сіздің әкеңіздің әкесінің ми, көру, есту, иіскеу, тыңдау органдары орналасқан мүшесін еске алып, сізді нормативті емес лексикаға жататын сөздермен қарсы алуы мүмкін.
Аршат | 20.10.2008 ж.
оффтоп үшін кешірім өтінемін админнен:
Талдардың арасында ЛД шегіп, майдағы сельд жейтін жігіттердің көршісі бүгін маған срочно хабарласса екен байланыстың кез келген түрімен. ұмытып қалған болса жұмыс телефоным: тоқсанүшжермажетпістөрт немесе маяк тастасын соткіме.
шұғыл операция бар: белгісіз мөлшердегі көпіршіктенген температурасы салқындатылған сұйықтықтардың көзін жоюымыз керек ертеңге қалдырмай. операцияны жүзеге асыру үшін бюджеттен ақша бөлінді, ол жағынан қам жеме.
technosyndrom | 20.10.2008 ж.
Көрші үйдің бірінші қабатында орналасқан жарты литрлік екеніне күмәнім бар пластмасса стаканмен сыйға-сый болғандағы балдың эквивалентін бардағыдай тартып жіберетін жігітке, бар жан-тәніммен жеткім келіп отырғанын хабарлай отырып, қайсыбір бағдарлама бойынша жасаған әрекеттерімнің сәтсіз аяқталғанын ескертіп, мөлшері көптеу болғанын қалайтынымды жасырмаймын. Осыдан төрт жыл бұрын эмбрион болған сүтқоректіні қарап отырғанымды ескертіп, кешке жететінімді салтанатты түрде хабарлаймын.
Аршат | 20.10.2008 ж.
теманы әрі қарай жалғастырайық:
Бойындағы қасиеттерді позитивті қолданып плюс репутацияландырылған және әрқашан респекттелініп жүрген дефлорация процесі істелінбеген элемент, жыныстары екі түрлі тіршілік иесінің бұдан кейінгі тірліктерін бірге атқару негізінде келісілген келіссөздерін мемлекет тарапынан ресми куәландырылу процесі аяқталғаннан соң ақшам намазы оқылғаннан кейін болатын куәландыру және заңдастыру рәсімдерін атап өту шаралары барысында жоспарланған уақытта және жерде шығарылатын газ ішкі құрылыстардағы басқару панелі істен шығуына байланысты бұйрыққа көнбей авария жағдайында кез келген уақытта және жерде шығады.
technosyndrom | 20.10.2008 ж.
<Адамдар тобының жерге меншік белгісі ретіндегі аймақ үшін – Прометей өзі таяқ жесе де, адамдар үшін ұрлап алып берген затқа секіріп кетсең де, ол ортаның әдеттегі бірқалыпты боп есептелетін бөлме температурасынан артық екенін сезбейсің.
technosyndrom | 20.10.2008 ж.
Харизмаңыз бен аураңыз ұрып тұрса, X-хромосома ретінде Ү-хромосаманы дүниеге әкелген аналық ұрықтың қазысының ауданынан нерв рецепторларын тітікендір.
Аршат | 21.10.2008 ж.
Fish CMS header.php файлынан глюк береді
= "Қызға қырық үйден тыю"
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді
2-заң. Құдайдың еркін орындайтын, қабілет-мүмкіндіктері қарапайым адамнан біршама жоғары болып табылатын рухани мақұлық элементтердің периодтық жүйесіндегі 79-шы элементті көріп, көлік құралдары жүруге арналған жер бөлігіндегі өзінің траекториясын өзгертіпті.
Періште алтынды көріп жолдан тайыпты
Қанына тартпағанның қары сынсын
(үйрендім-ау деймін)
Отан үшін отқа түс күймейсің
«Банк банкрот болып қуанып отырған несие иесі, автокөлікке дейінгі көлікпен, ауырса көңіл сұрамайтын мүшесіне мән бермеген дұрыс»
Оп онай бірак, тренеровка
Тегін келген аттың тісіне қарама
Егер менің аталық жыныс мүшемнің қақ ортасынан кесілгендегі диаметрі шамамен 0,08 мм -ге дейін жіңішкерсе, ұзын мұрттылар тобындағы қос қанатты жәндіктер тұқымдасына жататын тіршілік иесімен жыныстық қатынасқа түсе алар едім.
Айдағаның бес-ақ ешкі, ысқырығың жер жарады.
Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе??? кажытся…
Епті байымайды, бақты байиды (екінші бөлігінің дұрыстығына сенімді емеспін)
Балық басынан шіриді
Жұмбақты шешуге ғана шабыт оянып тұр негізі).
Соңғы кездері Қазақияның жазбаларынан осы ойынға ұқсас сөйлемдер көрген сияқты болып отырмын.
Көз-қорқақ, қол-батыр емес пе?
Тәуекелге дайын, нарықтық экономика жағдайында кеңінен белең алған кәсіп иесінің бойында кез-келген тауар және қызмет түрлеріне айырбас құралы ретінде қолданылатын құндылыққа деген құмарлық шамадан тыс мөлшерге жеткен жағдайда жыныстық жетілудің бір белгісі болып табылатын денеге өсетін үш түрлі түктің бірін сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі ретінде қарастыруы мүмкін.
жеке еңбек шарты — қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi; Аяғына дейін оқып шығам дегенше бас жағында не туралы айтылғанын ұмытып қалдым.