Мен ұсынатын 3 кітап
Эстафетаны Ақзереден қабыл алдым. Бірақ ұялып отырғаным. Оған себеп — оқыған кітап болсын немесе оның ішіндегі повесть, әңгіме болсын, авторларын есімде сақтап алмаған екенмін. Сондықтан да оқыған кітаптарымды саусақпен санағанның өз артық боп кете ме деп ұялам да :)) Жә, жарайды. Негізі айтпағым ол емес еді…
Сонымен, ұсынатын кітаптарым:
1. Дымбілместің бастан кешкендері (қазақша аудармасы)
Осыны да кітап деп ұсынып отырсың ба дейтін шығарсыңдар. Бірақ, шыны керек, оқыған кітаптарымның ішінде оқиғалары да, авторы да есімде қалғаны — Николай Носовтың осы шығармасы екен. Бұл кітапты көбің оқыған да шығарсыңдар. Бірақ сонда да оқиға желісін қысқаша айта кетейін: бұл ертегінің басты кейіпкері — бойлары қиярдай ғана ергежейлілер әлеміндегі Гүл тұратын, ашық түсті киімдер киюді ұнататын, ештеңе істемейтін, ештеңе үйренгісі келмейтін, ертелі-кеш өтірік айтудан жалықпайтын, кейде тіпті өзінің айтқан өтірігіне өзі сеніп қалатын Дымбілмес деген балақан (екінші кітапта ергежейлі). Өзінің мінез-құлқының арқасында неше түрлі оқиғаларға тап болып жүреді. Үш рет саяхат та жасайды: біріншісінде — көрші жолдастарымен бірге Жасыл қалаға саяхаттайды; екіншісінде — достары Кір Қожалақ, Түймешік үшеуі Күн қаласына барады; үшіншісінде — бұзықтығы үшін Айға ұшпайтынын білгенде, көршісі Томпиды үгіттеп ракетаға жасырынамыз деп абайсызда Айға ұшып кетеді. Соңғы кітабында социалистік елдің тұрғандары үшін Ай тұрғындарының мысалымен капитализмге аздаған шолу жасалады. Мен өзім солай түсіндім. Егжей-тегжейлері тәптіштемей-ақ қояйын. Опшым, кішкене балаларды да, кейбір ересектерді де баурап алатын сондай позитив кітап :))
Аудармасына келсек, ол — өз алдына бөлек әңгіме. Оқу үшін түпнұсқасын емес, қазақша аудармасын ұсынып отырғаным да сондықтан. Бала кезде оқығасын, оның түпнұсқа немесе аударма екендігімен шатағымыз жоқ, әйтеуір алдыға әкеп бергенді оқыдық, шыны керек. Бірақ аудармасының түсінікті тілмен аударылғандықтан, ол кітап қазақша жазылған сияқты әсер алдым өз басым. Түпнұсқасымен салыстырса, бәлкім, қателер де шығып қалатын щығар. Бірақ өйтіп салыстырып жатуды қажетсінбедім (жап-жақсы позитив әсер сыйлаған кітаптан қате іздеп, талдаудың қажеті не?).
Аударма туралы тағы айта кетерім: бұл кітап қазақ тілін техникаға бейімдеуге жасалған алғашқы талпыныс сияқты. Ішінде жасалған қондырғы, құрылғы, аспап, құрал, саймандардың атаулары қазіргі термин ойлап табумен басы қатып жүргендердің ойлануына біраз азық болатын дүниелер бар.
Өкінішке орай, қазақшасы аудармасын кім жасағаны есімде қалмапты. Сонда да сол аудармашыға респект!
Суретшіге де респект, айтпақшы.
Ұсынып отырғаным «Дымбілмес пен достарының бастан кешкендері/Дымбілмес Күн қаласында» және «Дымбілместің Айға саяхаты» деп аталатын екі кітаптан тұрғанымен, оларды бір кітап ретінде ұсынуды жөн көріп отырмын. Балалық шаққа бір саяхат жасап қайту үшін өте-мөте ұсынылатын кітап!
2. Өрік ерте гүлдеген жыл
Осы атауы есімде қалыпты. Бірақ… бұл өзі кітаппен аттас соның ішіндегі әңгіме ме, әлде бір жинақтың ішіндегі осындай әңгіме ме — сонысы есімде жоқ екен. Құдай атқанда, авторын есте сақтамаппын. Нағашыбек Қапалбеков қой деймін, бірақ қателескен де болуым мүмкін.
Кітапта көп әңгімелер соғыстан кейінгі жылдарда орын алған. "Өрік ерте гүлдеген жыл", мысалы, интернатта оқитын Бекмұрат деген баланың сөздерімен баяндалады. Бұлардың интернатына бір күні соғыс кезінде Украинадан эвакуацияланған балалар ауысып келеді. Кітапта интернаттағы өмір, қызық оқиғалар, бала махаббат, оқушылардың социалистік мүлікті жымқырушыны әшкерелеген кішігірім ерліктері, өздерінің қонақтарға қауын-қарбыз жегізбек болып қалқоз бақшасына ұрлыққа түскендері сияқты уақиға-жағдайлар орын алады :))
3. Сарғабанда болған оқиға
Кітап детектив жанрындағы үш әңгімеден немесе повестен тұрады. Бірақ үшеуінің де кейіпкерлері — бір. Қазақтың Шерлок Холмсын немесе Эркюль Пуаросын жасау талпынысы деп қабылдадым өзім. Кітапта басты кейіпкер подполковник әлде майор шеніндегі бір кісі (атын ұмытып тұрмын) болғанымен, негізі қылмыстарды ашып жүретін батырмыз — Талғат Майлыбаев деген жас лейтенант жігіт. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін, кітаптың авторының атын жаңа есіме түсірдім — Кемел Тоқаев :)))
Ұсынатын кітаптарым осындай, енді, ренжімеңдер. Бұлардың өзі қолға тигесін оқығандарым. Жоғары интеллектуалды дүниелерді һәм әдебиет классикаларын тауып оқуға күйбең тіршіліктен мүмкіндік болмады. Мүмкіндікті пайдаланып ақталып жатқаным ғой :)
Сосын, не ғой, бұл кітаптарды мектепте оқып жүрген кезімде оқығандықтан, қазір қайдан табуға болатынын да білмейді екенмін. Бұрын керексіз заттармен бірге қорада жатушы еді, қазір ол қора да жоқ. Баяғыда бұзып тастаған :)))
Эстафетаны құрдасым Нұрғисаға тапсырсам деймін.

Дымбілместі мен де жақсы көріп оқыдым. Кейде «оқитын дым жоқ» © болып қалғанда, Дымбілместі кез келген жерінен ашып жіберіп, оқи беретін едім. Ал жасайтын дым жоқ болғанда Дымбілмеспен бірге тұратын он алты ергежейлінің аттарын есіме түсіретінмін. Міна, осындай Дымбілместің фанаты болғам).
Аудармасы сапалы екені рас. Бұл кітапты жазғаныңыз үшін «семіз» + :)
Дүниеқоңыз Томпи тұз сатып байып кететінін айтсайш))
Бірақ, қазіргі заманда өзектілігін жоғалтқан секілді. Бұл күндері фантастика тақырыбында кино мен мультик жетерлік.
Квинтер, финтер жес,
Эне, бене, лақа
Квинтер, финтер бақа.
Осы тақпақ есімде қалыпты. Әуе шарынан кімнің секіретінін анықтайтын кезіндегі тақпақ. Дымбілмес жайлы кітаптағы.
Икете пикеле цокотэ мэ,
Абель фабель доманэ,
Ики тики грамматики…
Бұл санамақты аяқтауға Дымбілмеске әуе шарының жерге келіп соғылуы кедергі болды.
Dymbilmestin birirnwi ekeuin okygam, i v originale, i audarmasyn da. Jaksy audargan, ogan soz jok.
Jazbanyzdy okyp otyryp, balalarga arnalgan kitaptardan Eduard Uspenskiidin «Fedor agai, tobet Sharik jane mysyk Matroskin» esime tusip ketti. Qazaqwaga kim audarganyn bilmeimin, toje jaksy audaylgan.
Balalar kitaphanasyna bargym kelip ketti :)))
ok, ary karai undemeim
Каникулға шықпай тұрып оқыған едім бұларды :)). Кейін кетті ғой, "Ұрладың, іштің — түрмеге түстің" сарынындағы «Я — вор в законе», «Каждый взойдет на Голгофу» деген қылмыс романтикасы :))
Бірінші курста орысшасы қолға тиіп еді. сол кезде оқығанмын. Жақсы кітап :)
Дымбілместің фанаты болатынбыз біз де әпкем екеуміз, 2 класта жабысып оқығасын мамам Дымбілместі оқып оқып дым білмей қаласың деп ұрсатын. Риясыз 3 жақсылық жасағанда сиқырлы таяқша әкеп берген сиқыршы үлкен әсер қалдырған ))) Керемет кітап 2 томы да.