Геологтар мейрамдарыңызбен немесе бүгінгі күн…


Бүгінгі күнге қуаныштымын.

Себебі жаңбыр алдындағы беймазалықты көрсеңіз ғой… Ішім де солай беймаза күйде. Бірақ, көңілім сондай көтеріңкі. Бір жағынан геологтар күні дегендей. Барлық геологтарды мейрамдарымен құттықтаймын! Бәріне табыс, жақсы жұмыс, жақсы компания, көп заказ, көп командировка тілеймін! Бұның бәрі геологтардың басындағы жағдай ғой.

Мейлі компаниямыз геологтар күнімен құттықтамаса да ырза болып отырмыз жұмыстағылар. Өйткені өзімізше әркім қалай геологияға келгендерін еске алып күлісіп алдық. Әсіресе іздеу, барлау бөлімінде істейтін күндердің еске алсаң… Кім айтқаны есімде жоқ: “геология -тұнып тұрған романтика”. Романтика ғой әрбір тасқа ғашық болу, оны іздеп адам бармайтын жаққа із бастау, адамдармен тауып алған тасыңды (ғашыңды атаған кездегідей) таныстыру…

Ең бастысы өзіме сабақ берген Қ.И.Сәтпаев атындағы универдің мұғалімдерін құттықтап қойсам. Несіпқали Сейітов, Әділхан Байбатша, Оспан Бейсеев, Салтанат Асубаева, Анарбек Бекботаев, Ағила Мұсағалиева, Кәкен Ибраев, Ешпанов, Дина сынды ағайлар мен апайларды.

Студент кезімде Сейітов ағайдың сабағын ұнатушы ем, себебі арасында өзі жазған өлеңдерін оқып беретін бізге тағы да партаның үстіне отырып алып әңгіме айтып отырғандай сабақ түсіндіретін бәрімізге. Өте мейірімді кісі.

Әділхан Байбатша ағай. Менің дипломдық жұмысымның жетекшісі болып еді. Негізі геологияның қазақшалануына көп еңбек сіңірген кісілердің бірі. Түріне қарап ұрысқақ көрінетін, бірақ сондай жақсы кісі. Тарихи геологияға көп мән беретін. Сабақтарын ұйып тыңдайтынбыз.

Ағила Мұсағали қызы апайды біз бәріміз жақсы көретін ек. Мінезі бала сияқты еді. Сабақта қатал, тапсырманы жанын беріп түсіндіретін. Ол кісінің сабағынан ешкім қалмайтын. Кейде бір нәрсе сұрасаң балалар құсап бұртиатыны бар еді. Бізді практикаға (Өскемен мен Риддер қалаларына) жіберген кезде біз апайдың үйіне звондап тұңғыш баласындай еркелеп бар жаңалығымызды, проблемаларымызды айтатын ек… Сол кезде біз үшін бүкіл ректоратты аяғынан тік тұрғызып еді.

Бүгін барлық мұғалімдер есіме түсіп отырғаны, бағана жұмыстағылардың бәрі өз оқытушыларын, жұмыс барысында кездескен жақсы геологтарды айтып жатыр. Негізі біздің геолог болып қалыптасуымызға осы ағайлардың еңбектері зор болды. Бізге жәй мұғалім ғана емес ағайымыздай ақылдарында айтатын еді. Ағайлар мен апайлар сіздерге көп рақмет!
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
құтты болсын мейрамың Айкона!
Onlasyn
Бір нәрсе сұрасам бола ма?
asaubota
менен ба?
Onlasyn
иәб осы сайт қай тілде құрылған?
asaubota
сұрақты толық алсам бола ма? тіл дегенде қалай қазақ, орыс тілдері ме әлде программалау тілі ме?

келесіде сұрақты жекеге жазсаң немесе сәйкес тақырыпқа жазсаң қуанамын.
Aikona
Рақмет Аршат аға!
Erkekyz
Менде құттықтаймын! Табыстар тілеймін! Мен білмеген екенмін бұл күн геологтардың мерекесі екенін.
Karakyz
Құтты болсын Айкона! Мамандығың өзіңе ұнайтыны көрініп тұр).