СЕО-ның да шегі бар...

«Так верстают только мудаки!»© А. Лебедев

Рейтинг жинаудың түрлі әдісі бар. Бірақ рейтинг сыйлы болуды білдірмейтіні жаман да. Сыйлы болу тек контент сапасы арқылы ғана мүмкін. Ал рейтингі тек танымалдылық береді.
Кейбіреулер рейтинг үшін «Джеки Чанды қаза таптырып» жіберуден тайынбайды, ал кейбіреулерінің қолынан ол да келмейді. Сол кезде көмекке не келеді?
Дұрыс. СЕО-оптимизация. Оның қулықтарымен орташа қазақ блогері, гуглға «Как раскрутить свой блог» деген сияқты сұрақтарды теру арқылы танысады.
Әдетте, алғаш шыққан мақалалар «тақырыптарды қою қылып жаз, пәленшені ирек қылып жаз, неғұрлым көп ілмек қос» деген сияқты бір қарағанда орынды кеңестер береді.
Бірақ оған қазекең қанағаттана ма?
Арманындағы рейтингті уқалап, мықты эррекция жағдайына жеткізу мақсатында қазекем танымалдандыруға қатысты бүкіл керекті, керексіз, қажетті, қажетсіз ақпараттың барлығын сіңіріп алады.
Сөйтеді де мазмұны әлсіз жазбаларын «светофор» қылады. Бір-екі кілтсөзді қарайтып, негізгі сөздердің астын сызып, аса маңызды нәрселерді "қызартып" қойса бір жөн ғой.
Жоқ біздің қазекең бас ал десе шаш алып, контентті қызықты, қажетті, пайдалы не тым болмаса күлкілі қылудың орнына, "Әбілдің" деген бір сөздің "Ә"-сін қызылмен, «Б» -сын қоңырмен жазып, бастауыш сынып оқушысының сурет дәптеріндей қызыл-ала қан қылады.
Кейбір блоқшылардың «ойбай қызық» деген (өзіне өзі берген бағасы) айдармен белгілеген жазбаларын көзім шалып, оқи қояйын десем, астапыралла СЕО-сідігі бетіне шыққан жазбалар. Қызыл-жасыл жазбаларды оқып отырып, реалда хоббиіңді сұраған біреуге «блогер едім» деуге ұялып кетеді екенсің.

Ия оптимизациялық қулықтарды қолданған әбден дұрыс. Бірақ айнайлайындар-ау, сіздер бес жасар балаларға жазып отырған жоқсыңдар ғой, неге оқырмандарыңды ақымақ көресіңдер? Тігісін шошайтпай жазсаңдар нетті?
Блогты танымал қылудың ең сыйлы жолы, өз ойыңмен қоса, көрген білгеніңмен шынайы бөлісу, оқырманды алдап соғуға тырыспау, Ерлан Оспанның аудиториясын алдамақ болған мұғалім туралы жазбасын оқып алыңыз, нақа болмаса рейтингтің әкесін аузы, өзіңіздің сүйкті тақырыбыңызды жазыңыз. Оқырмандар аз болса да, сізге адал болады.
Бөлісу:

5 пікір

Janasil
Тікелей кімге бағытталды екен?
gunner
Gastarbaiter, «Ары қарай оқу үшін тіркеліңіз» деген сообщение шығатын сайттың иесі мұндай әңгіме ауға құқығы жоқ деп білем. Қазір доступ ашып қойыпсың, оған да рахмет.
Gastarbaiter
өзін жан жақты дамытқысы келетін, белсенді позициядағы адамдарға арналған ғой. Кеңес, бағыт-бағдар алатын сайтқа тіркелуді міндет көрген адам, ертең сол ақпаратқа сүйеніп істеген әрекеттерін де міндет қылмасына кім кепіл?
sammita
«Сен, сен» деп атап мысалмен жазшы (дір-дір):))
Gastarbaiter
Іздесең табасың.