Фотожұмбақ: Қай ел ұмыт қалған?

Газетімнің өткен санында Оңтүстік Африка Республикасының мектептерінде қолданылатын саяси картадан жұмбақ жасырғанмын. Бізге қызық болып көрінеді-ау деген екі ерекшелікті табыңыз дегем… Алғашқылардың бірі болған журналист-блогшы Салтан Сәкен болды.
Ең қызығы мынау, біз үшін қалыпты саналатын елдер көрінісін олар астынан үстіне төңкеріп көреді. Екіншіден,Антарктида деген алып құрылықтың шекараларын, неге екені белгісіз, карталарына сызбайды. Арктиканы да “ адам құрлы” көрмепті. Әлде, африкалықтар үшін ақ қар, көк мұзды ел құрылық емес пе?


Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/28/%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d2%9b-%d2%9b%d0%b0%d0%b9-%d0%b5%d0%bb-%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%82-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd/
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
қызық екен, сонда шынымен осылай ма оларда карта?
Orkenegro
иә, иә француздардың 100 жыл бұрынғы картасын да таптым, ол кезде бізді түркілер деп белгілеген екен
satibaldi
Франц-Иосиф жерін көре алмай тұрмын мен бұ көргенсіз картадан.
Orkenegro
Итпа, айуандар ))))
satibaldi
Гибралтар бұғазындағы екі аралды салмағанда мүйіз шықы ма екен оңбағандарға?
Orkenegro
Ибай, ол аралдарға көз жетпей жатыр, картинка негізі кішкентай, сапасыз
omarbirat
Қазақстаннан жоғары қарай — тұтас сары түс. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстандарды да ел санамайтын болса керек негірлер.
omarbirat
Көзден кетіппін: Қазақстан деп отырғаным Моңғолия екен (ұялған Смайыл)
Orkenegro
Айтпақшы, Аустралияның картасында да Антарктиданы белгілемейді екен, міне расизм. Пингвиндер пикет жасап жатыр)) уау-уау
omarbirat
біз үшін қалыпты саналатын елдер көрінісін олар астынан үстіне төңкеріп көреді.

Солтүстік жартышарда тұратындардың картасына қарсылық ретінде, солтүстік жартышарды мекендейтіндерді өздерінен төмен санағандары болса керек. Расизмнің белгісі емей немене?
ken
Negirler jaqsy oilap tauypty goi. Dal osylai Qazaqstannyn' kartasyn ton'kerip qoisan' Shymkent jogaryga shygyp qalady eken))
Orkenegro
Ай, айтпайтындарың жоқ, тырибализм
saken
шығыс пен батысты оқытуы да ерекше сияқты екен…