Еркебұлан Әлімханұлы. Түрік діни ағымдары туралы не білеміз?

Қазақстанда араб діни ағымы уахабшылар туралы көп айтылып та жазылып та жүр. Бірақ олардың ислам әлеміндегі басты бәсекелесі түрік тарикаттары мен жамағаттары туралы мәліметтер өте аз. Сондықтан Түркиядан келген діни ағымдарға тоқтала кетуді жөн көрдік.

1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік Түркия Республикасын жариялады. Ататүрік, Осман империясының дамымай қалу себебін шығысытық дәстүрмен және дінмен байланыстырды. Сондықтан жаңа құрылған мемлекеттің зайырлы болуын және дамыған Батыс мемлекеттерінен үлгі алып олармен тығыз байланыс құруын қалады. Дін мемлекеттен бөлініп, діндарлардың мемлекет істеріне араласуын шектеді. Ататүріктен кейін мемлекет басшылығына келген Исмет Инөнү, бұл реформаны одан ары қарай тереңдетті. Осы кезеңде дінге қатысты төменднгідей үлкен шешімдер қабылданды:

— Құранды оқытуға тиым салынды;

— Мемлекет астанасы Анкараға орамал таққан қыз-келіншектердің кіруі шектелді;

— Азан-түрікше айтылатын болды тб.

Жоғарыдағы үкімге бағынғысы келмеген дін қайраткерлері қудаланды. Мұндай саясаттан кейін бірнеше ғасыр бойы ең үлкен тарикаттар болып келген діни ағымдардың көбі жойылды немесе жойылуға шақ қалды.

Мемлекеттің бұл саясатына қарамай жасырын жүріп немесе астыртын халыққа дінді түсіндірумен, оқытумен айналысқан тұлғалар болды. Осы тұлғалардың соңынан ерушілер Түркияда жаңа жамағаттардың негізін қалады.

Бүгінгі күні Түркияда ең кең таралған жамағат Сайд Нұр Сейттің жолын ұстаушылар. Жамағаттың негізін қалаған Сайд Нұр Сейт (1878-1960) «Рисале-и Нұр» (Нұрдан хаттар) кітаптар жинағының авторы. Осы жинақты негізге ала отырып жұмыс жасайтын бұл жамағат былайғы қауымға «Нұршылар» атымен танымал. Бұл жамағатты ұстаушылар қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріне жайылып үлгерді. Дегенмен жамағат өз ішінде бірнеше тармақтарға айырылған. Бұл тармақтардың саны оншақты болып табылады. Бұл тармақтардың ішінде ең танымалы және кең ауқымда жұмыс жасап жатқаны Мұхаммед Фетхуллах Гүлен жетекшілігіндегі топ. Мұсылман әлемінің артта қалу себебі білім мен ғылымда кенжелеп қалуында деп түсінетін Гүлен тобы білім саласында жүргізген жұмыстарымен танымал. Өздерінің қызметі жүрген барлық елде білім ордаларын ашуда, жамағаттың жұмысын солар арқылы жүргізуде. Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері де осы жамағаттың білім ошақтары болып табылады. Әлемнің жүзден астам елдерінде мектептер ашқан бұл жамағат жылда Түркияда дәстүрлі «түрік тілі олимпиадаларын» өткізеді.

Пантүркизмді және панисламизмді уағыздайды деп Нұр жамағаты Ресей Федерациясында тиым салынған. Сондай-ақ Өзбекстан билігі де бұл жамағатқа қырын қарайды.

Қызметі мен таралу ауқымы жағынан Нұршылармен бәсекелесе алатын жамағат Сүлейман Хилми Тунахан (1888-1959) жолын ұстанушы «Сүлейманшылар» болып табылады. Жамағат ғасырлар тоғысында екіге айырылған болатын. Оның себебі ағайынды Ариф Ахмет пен Мехмет Теңізұлдарының жамағат лидерлігіне таласуында болса керек. Осылайша екі қолы қалыптасқаныменен бір тармағы әлсіз, жұмысын тек Түркия деңгейінде жүргізіп келеді. Ал екінші тармағы болса қызметін қарышты дамытуда. Медресе жүйесі негізінде жұмыс жасайтын бұл жамағаттың да қызметі әлемнің жүзге жуық елдеріне жайылған.

Жоғарыдағы екі жамағаттан басқа Түркияда Накши жолын ұстауды жалғастырушылар бар, сонымен бірге негізін Махмұт Ұстаосманұлы қалаған «Махмұтшылар», соңғы жылдары көпшілікке Харун Яхия деген атпен танылған Аднан Октардың соңынан ерушілермен тағы басқа жамағаттар бар. Бірақ бұл жамағаттар жоғарыдағы жамағаттар сияқты кең тарамаған.

Жоғарыдағы жамағаттардың барлығының дерлік бүгін Түркияда билікте отырған АК партиямен (Әділет және Даму партиясы) арақатынасы жақсы. Тіпті түрік солшылдарының арасында бұл партияны билікке алып келген Нұршылар жамағаты деген пікірлер де бар. Бірақ Сүлейманшылар жамағатының кең тараған тармағы мен партияның арасында қайшылық шыққан болатын, керісінше екінші тармағы партиямен тығыз байланысты және жетекшісі АК партияның парламенттегі фракциясының мүшесі.

Жоғарыда атап өткен тиымдардың көбі 1950-ші жылдары алып тасталғанымен олардың орнын кейбір жұмсағырақ тиымдар алмастырған. Сондықтан Түркия жамағаттары өздерін еркін сезіне алмайды. 1990 жылдары Тұрғыт Өзалдың либералдық реформаларынан кейін жамағаттарға қысым азайған болатын, бірақ артынан жасалған әскери төңкерістен кейін қысым қайта күшейді. Тек билікке исламшыл делінетін АК партия келгеннен кейін ғана жамағаттар өздерін қайтадан еркін сезіне бастады, бірақ заңда жасалынған тиымдар әлі алынбағандықтан (ол үшін ата заң өзгеруі керек) олар жұмыстарын әлі де ашық жүргізе алмай келеді.

Түрік жамағаттары Сауд Арабиялық уахабшылар сияқты бай емес. Олардың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Негізгі қаржыландырушылары қарапайым жұмысшыдан үлкен кәсіпкерлерге дейінгі аралықтағы адамдар болып табылады. Олардың барлығы табыстарының белгілі бөлігін зекет, қайырымдылық, құрбан ретінде өздері байланған жамағаттарға аударып отырады. Сонымен бірге жамағаттар жағдайы төмен жастарға жатын орын, стипендия тағы басқамен қаржылай көмек беріп оларға дінді үйретеді әрі оқуын бітіруге көмектеседі. Оқу бітіріп табыс таба бастаған жас одан кейін өмір бойы жамағатына көмектесіп отырады. Бұл жүйе түрік жамағаттарында жақсы жолға қойылған.

Қазақстанда жоғарыда аты аталған жамағаттардың көбінің тіпті олардың тармақтарының да орталықтары бар. Олар Қазақстанның барлық аймағында дерлік жайылған деуге болады. Түрік жамағаттарына байланған адамдардың саны уахабшылардан мен яссауишылардан кем болмауы мүмкін. Бірақ Түркиядағы тиымдардан сабақ алған олар тыныш жұмыс жүргізеді және өздерін қоғам өкілдерінен бөле-жарып ұстамайды. Егер интеллигенция өкілдерінің арасында таралуын салыстырсақ онда олардың саны тіпті уахабшылармен яссауишілерден де көп болуы мүмкін. Себебі түрік жамағаттарының білім саласында көбірек жұмыс істейтінін жоғарыда атап өттік. Қазірдің өзінде бақылап қараған адамға түрік жамағаттарына жұмыс жасайтын медиа мен баспаханаларды, ірі БАҚ құралдарының журналистерін ажырату қиын емес.

Ал енді бұл араб, түрік, парсы, пәкістандық жамағаттардың арасындағы басты айырмашылық не деген сұраққа келсек. Түрік жамағаттарының уахабшылардан басты діни айырмашылығы бұларда да әруақты құрметтеу бар. Бұл, ислам дінін орта ғасырда қабылдаған түркі халықтарының жаңа дінді өздерінің дәстүріне сәйкестендіруімен байланысты болса керек. Яғни халықтардың арасындағы салт-дәстүр ерекшелігі әр халықтың исламды өздеріне тән етіп алуына себеп болған сияқты. Бұлардың арасындағы негізгі діни айырмашылықтарды теологтарымыз ажыратып берер, біз саяси астарын ақтарып көрдік. Басты саяси айырмашылық, ол, болашақ халифтта кім гегемон болады деген талас сияқты. Ислам әлемінде уахабшылар Сауд әулетінің үстем болғанын қалайды, түрік жамағаттары Осман империясы тұсындағы гегемондықты, парсы ағымдары бұрынғы Парсы империясының өктемдігін, Пәкістаннан келгендер өздерінің идеологиясына негізделген халифат құрылуын көздейді.

«Абай-ақпарат»
Бөлісу:

53 пікір

konvict
Керекшілер маған қарағанда білімдерің жоғары ғой. Жоғарыдағы мақала туралы не айтасыңдар? Кімдікі дұрыс?
Gastarbaiter
меңгералмадым.
konvict
Сенен бір жақсы жауап күтіп едім. :((((((
asaubota
Түрік жамағаттарының уахабшылардан басты діни айырмашылығы бұларда да әруақты құрметтеу бар.

автордың түрік жамағаттары туралы біраз білетіні көрініп тұр. бірақ, мына сөздерін түсіне алмадым, әруақтар туралы.
konvict
Әулие дегенді айтқысы келген шығар
Janasil
Әруақтарға сену.
asaubota
Фатих Султан Ахметтің әруағы қолдай көр немесе ата-баба әруағы қолдасын деген түрікті көрмеппін. Ширк түсінігі жақсы қалыптасқан оларда.
konvict
Есесіне Саид Нүрси кемек береді дегендерін көргем. Рисале-Нұрды оқысаң құран оқығандай сауап алады екенсің-мыс. Әулиелер пайғамбардың әскері, керек кезде көмек береді дегені тағы бар.
bagaline
фатихтен көмек сұраған түрік көрмесем де. шейх Гейлани (пәлен әулие, түген әзірет) құрметіне маған перзент (ақша, мақам, жұмыс) бере гөр дегендерді естігем.
ал конвикттің айтқаны «керемет, мұғжиза» дегенге ұқсайт. жөні түзу сопыдан (пірден) сұрау керек. бұл заманда бар ма олар? :))
бизнес, қарағым, бизнес )))
konvict
Өлген сопыны нАққа жіберсем маған бір нәрсе істей алар ма екен?
bagaline
«мафия»да қызық болсын деп өзін-өзі «тіккен» садо-насильник қып елестеттім ))
KILYZAMAN
Экспансиялау — амалдары емеспе өзі???
meirzhan
Түрлі жамағаттарды құшақ жая қарсы алатын қазақ сияқты ел бар ма екен. Қонақжайлылық.
Кітап дүкендерінде діни кітаптар арасында ең көбі осы Фетхулла Гюденнің кітаптары: қазақшаға да, орысшаға да аударылған.
asaubota
түріктерде де толып жатыр экстремист ағымдар. әйтеуір бізге олар жетпеген сияқты.
TERISKEI
… Иә, Нұршылар халық арасында кәдімгідей танымал болып келеді. Алайда, мен білетін Нұршылардың «нұршылығын» ұстанудағы екі жігін көрдім: бірісі — дінге қатты құлаған (яғни, "ұшып кеткен":)) де, екіншісі — дінмен қатар қоғаммен де санасатын топ. Алғашқысы топтың "қызметшілеріне" Бедиуззаман Сайд Нурсиден өзге дін білгірлері жөнінде айтуға болмайды, себебі, олардың олардың әлгіден өзге "ұстазы" жоқ, танымайды (танығысы да келмейді). Кейінгісі, жоғарыда айтылғандай, Гүленнің шәкірттері. Өздерін дін тарапында да, білім, ғылым жолында да, саясат жолында да керемет көрсете біледі, қоғаммен байланысы күшті.… Автор Түркиялық ағымды жіктегенде,Қазақстанда әсіре белең алып келе жатқан топтың бірі Осман Нұри Топбашты ұмыт қалдырған сыңайлы. Бір Алматының өзінде бір баспа мен бірнеше газет-журналдар арқылы айтпағын кеңінен насихаттап отыр.
Janasil
Болашақта Әр әулеттің жеке діні болатын шағар.
konvict
Бізде Шәкәрімді ұстаз тұтып жаңа дін ашып алмаймыз ба?
Janasil
Өзіміздің ішімізден біреуді Пір тұтсақ қалай болады?
konvict
Мен Сатыбалдыны ұсынар едім.
bagaline
асығыңыз! исматуллашылар, шиитер, уахабтар ақырын-ақырын иемденіватыр атаң(м)ызды. енді төлкі натариусқа барып, «заверять» етулері ғана қалды. асығыңыз! әйтпесе, сарттардың Төле биді «паспортына» өзбек деп жазғаны бар. кеш қалмаңыз! ))
bagaline
2100 жыл. «Сатыбалды әзірет» кесенесі. )) «тірі кезінде құрмет көрмеген Қазнеттің қаһарманы» деген жазуы бар көктас. қөзі қысық қытай қазақ балалары келіп гүл шоғын қойып, үйленсем деген арманмен пірлерінен қыз тілеп кеп тұрады.
konvict
Кеңк-кеңк күлдім. Мықты болады екен
konvict
Меніңше, қазақ блоггерлері немесе керекшілері Сатыбалдының басына келіп «менің керекинфодағы» рейтингімді өсіре көр, маған плюс көп қойылса екен" деп армандайтын секілді
meirzhan
Блогосфера әзірге секталардан таза сияқты.
Gastarbaiter
Ешкімнің көтіне табынбай, өз басыңмен ойлап, өз шешіміңе, қолыңмен істеп, аузыңмен айтқаныңа ар мен ұятыңның алдында өз басыңмен жауап беру қиын ба екен?
konvict
Бұны не үшін айтқаныңды түсінбедім. Бірақ, істеген әрбір ісің үшін жауап бере алуың керек. Ар мен ұят алдында бола ма, басқа біреудің алдында бола ма бәрібір
asaubota
ФБР-дың сайтында өздері ортақ жұмыс істейтін ұйымдардың тізімі шығыпты. ішінде Гүлен жамағатына қарасты ұйымдар да бар
www.fbi.gov/houston/news-and-outreach/in-your-community/outreach

mercedes
Негізі түріктердің имамдарының да дінінің де қазаққа түкке пайдасы да жоқ, керегі де жоқ.
asaubota
мазхаб бойынша дінді дұрыс насихаттап жүрген солар, түріктер.
ken
«Жауымның жауы — досым» деген принциппен әріптестіктері бар шығар. АҚШ Орта Азия мемлекеттерінің қайта Ресейге кіріп кеткенін қаламайды.

Ал Ресейде, білуімше, аталған түрік жамағаттарының іс-әрекетіне тыйым салынған. Өйткені орыстар пантюркизмнен — түркі әлемінің бірігуінен қорқады. Біз көбіне ақпаратты про-ресейлік ресурстардан, басылымдардан аламыз. Ал олардың гүленшілерді мақтамайтыны айдан анық нәрсе…
Gastarbaiter
Аннан Октан ба біреуі бар еді ғой Харун Яхья атымен трақтаттарды кечаревомен туып, Дарвинизмді танымал ғылым мен риторкалық тұжырымдар арқылы терістегіш.
Лібә, қайбір жылдары соның жамағатына қосыла жаздағам…
VKM
онда біз сені жоғалтып алар едік))))))
satibaldi
Кассеталары шіріп жататын үйде. Епті деймін де, сонда физмат кандидаттары әлгі псеудоғылыми хуеталарына Астапыралла деп таң қалып отыратын. Епті, қаззақ ғылымының деңгейі Яхьяның кассетасына таңқай қаққандардан көрініп тұрушы еді.
satibaldi
Азан түрікше айтылатын болды… Дұрыс нақ, ағылшындар да ағылшынша оқиды, латыншадан әдейі қашқан сана тәуелсіз болсын деп. Шын айтам, дамуы шамалы даундау арабтардың тілін де үйренгім келмейді, оқығым да келмейді.
Лібә, бірақ қаззақтар аударса жарад шығар нақ, тұтастай картоп алқабын.
Gastarbaiter
Ұмытпасам (Дункан Маклаудыссс) орыстар да Ватиканның үйт-те-бүйтінен зайыбы шығып Правславиелік шіркеуін құрып, мазхабын өзгертті.
Біздікілердің бұл тұрғыда іштен өлі туған Көк Тәңірі мен Ұмай Ананың бұлыңғыр идеясынан әрі аса алмады. Ақыры әр жерде, пафосты компаниялар мен ЖШС ларға атау ретінде ғана жүзеге асты.
mercedes
Лібә, бірақ қаззақтар аударса жарад шығар нақ, тұтастай картоп алқабын.

konvict
Мына пост пен пікірлерді мен жазғанмын ба?
asaubota
одан бері өміріңде көп нәрсе өзгеріп пе еді? жамағатқа кірдің бе әлде шықтың ба?
konvict
Шығып кеткен едім, қазір қайта үйлерінде жатырмын
asaubota
өйтіп қолдануға болмайды ғо, е
meirzhan
Үйіңдегі домовой жазған болатын.
sammita
Бақыт Жұматова (көріпкел) "қазақтардың құдайы-аруақ" деді сұхбатында. Дым ұқпадым. Жалпы "құдай, құдай" деп көп айтады, Алла демейді. Өзі мұсылман ба сол кісі.
2018 ж. қарай астана Ақтауға көшеді деді тағы))(
satibaldi
2018 ж. қарай астана Ақтауға көшеді деді тағы
Ол кісі негізі өзі жатқан клиниканың көшетінін айтқысы келді.
sammita
мүмкін, қалай жеңіп шыққанын қайдам, біртүрлі болжамдары көп екен
Adiletshu
Сонда қазақ түрік лицейінде оқығандар Нұршылардың идеялогиясымен уланғандар ма
konvict
Өзім жариялаған мақаланы өзім оқып солай екне деп отырмын
alashaman
админ Нұршы! Ұсталдың Аршат Енді «НамысКЗ»-ның шабуылын күте бер.
asaubota
мен нұршы болсам сен балеринасың
Kuathan
Түріктердің «Сүлейменшілер» медіресесінде бір жыл оқығанмын, оларда рабыта тарту деген ритуал бар. Барлығы бір-біріне иық тіресіп, жүрелеп отырады, шеңбер жасап, сосын тәсбихты айналдырып отырып, бір дұға оқиды. Рабыта оқитындар қатарына кіру, жоғары мәртебе. Екінің бірі кіре алмайды, (қуанышқа орай ондай бақ бұйырмапты). Түсінулерінше Алланың нұры сондай күшті, адам баласының жүрегіне тіклей құйылса, адам оны көтере алмайды. Оны тек Адам ғ.с. бастап барлық пайғамбарлар арқылы, сосын әулиелер арқылы ғана алу керек. Сол әулиелердің ішіндегі ең ұлығы әрі ең соңғысы Сүлеймен ұстаз. Сол кісіге дұға жасай отырып, жүрегіңнің тазаруын сұрайсың.
Сосын ол кісі сенің барлық қиындықтарыңды шешуді Алладан сұрайды.
Мәдениеттілігі мен қоғам арасында өздерін ұстауы өте жоғары. Оқытқан балаларының Түркияда білім алуына жәрдемдеседі (қазір білмеймін, мен 97-98 жылдары оқығанмын).
Тағы бір қызығы, кез-келген заманауи өзгерісті дінмен ұштастырып ала қояды. Мысалы, исламда ақыр заман келерде Тәджал (Дәджал, Тажал) келеді, ол адамдардың барлығын өзіне баурап алады деген түсінік бар. Жалғыз көзді дәу. Сонымен Иса пайғамбар алысып, оны жеңеді. Солдан соң жер бетінде тек мұсылмандар қалып, 40 жыл өмір сүреді. Тек содан соң ақыр заман келеді. Міне соны, олар тәджал дегеніміз теледидар немесе компьютер болуы мүмкін деп түсіндіреді.
АХАЖ бөлімінде некеге тұру, шариғатқа қайшы емес. Себебі, неке шарттары сақталады, куәгерлер бар.Әрине имамға барып қидырып алғанның артығы жоқ және ол абзал («біздің кезімізде молда неке қиған жоқ, сонда біздің балаларымыз некесіз туылған ба?» — деген сұраққа жауап) т.с.с.