"Пакмаяның" күші

ЖАркент маңындағы Басқұншы (Баскунчи) ауылының жанындағы заставада болдым. Әскери міндетімді өтей жүріп әрине. Талай қызықтар өтті. Басқұншының қыздары солдатпен жүруді мәртебе санайды екен, неге екенін… Бұны неменеге жазып отырмын…
Солдат болған соң жоқтан бар, бардан нар жасауға тырысасың. Артымыздан «молодойлар» келіп ата болмасақта «старшый» болған кез еді. Қостанайлық бір бала екеуміздің берцы, бушлат (складтыңартық кілтін қолға түсірдік) сатып жүргенімізді бір шал застава бастығына «тоқылдап» қойды. Жазаландық. Жазалана жүріп бұның әділ еместігіне іш қайнады. Себебі, шал бізбен алдында істес еді ғой.
Досым екеуміз "Ө" операциясын ойластырдық. Өш алу. Аспазға көмектесіп жүретін «молодойға» дрожь ұрлатып алдық. «Пакмая» деген ашытқы.Естеріңізде бар шығар. Менің есімнен кете қоймас. Екі «пакмаяны қалтаға басып, бір „молодойды“ жанымызға ертіп тарттықСарыжайлауға шалдың үйіне. Үйіне емес дәретханасына. Әлгі ашытқыларды жақсылап сепкіздік. Ұзын ағашпен ара-арасына батыртқыздық. Ағашты шекара сымының ар жағына лақтырып, түк болмағандай заставаға оралдық. Ол жақтың жазы ыстық болады. Екі күн дегенде ауыл шу ете қалды. „ананың дәретханасы тасып жатыр, тесігінен асып жатыр“-деп. Не керек ауылдың жартысын алыпты сасық иіс. Шал байғұс екінші жерден шұңқыр қазып қалдықтарын сонда тасып көмсе, ол жерді де көтеріп кете беріпті. Пакмаяның күші ғой бәрі… Ақыры 40 шақырымнан астам жердегі Жаркенттен „Говносос“ шақыртты…
Бөлісу:

11 пікір

patick
Екі пашкісі жеткілікті ма сонда?
Abilakim
ол енді даретханадағы былықтың деңгейіне байланысты
Gastarbaiter
«Боқтамға» ғана қатысты ма, әлде унитазға салса да бола ма?
patick
унитазда тиісті нәтиже алу үшін, шаймау керек шығар :)
Meru
шалға қиын бопты
asaubota
қатыгезсіңдер ғой :)

Тоқылдақ тоқылдайды, ал біз жазалаймыз, қатаң жазалаймыз дейсің ғой :)
Abilakim
Кешірім жоқ қой біздің тараптан
aza
Кеңк кеңк))) Оралханда бір әдемі әңгіме бар-тын. «Мәшәбинә» дейтін, сол есіме түсіп ұзақ кеңкілдедім… Жақсы әдіс екен, «шәй» десіп қалсақ біреу міреумен...))) Кеңк)
sammita
"Естеріңізде бар шығар. Менің есімнен кете қоймаc" деп Пакмаяны айттың ба, ол қазір де бар ғой.
Жаңағы шал ашыған дүнияны илеуші кім екенін сезген шығар.