Қағаздан қағаз...

Жапония елінің Meiko Shokai компаниясы шығаратын қондырғылары кеңселік қолданыста болғаннан кейін белгілі бір себептермен жарамсыз деп танылған іс қағаздарын майдалап жойа алатындығымен танымал. Ендігі жерде бұл компания өзінің технологиясын одан әрі жетілдіруді көздеп отыр.
Ендігі көздегендері — қағазды майдалап,қиқымдап жою ғана емес сол қиқымнан қайтадан іске жарайтын таза қағаздар жасап шығару. Ол үшін ешқандайда химикаттар қолданудың қажеті жоқ. Керегі — су мен электрэнергиясы ғана…
Бұл жаңа қондырғыны екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жойылуға арналғана керек емес іс қағаздарын қиқымдап даяр материалды екінші бөлігіне береді. Ал екініші бөлі-гінде сол материалдан жаңа қағаздар жасалу процесі жүреді. Қондырғы автоматтанды-рылған, бірақ процесс біраз уақыт алады. Дәлірек айтқанда, біржарым мың таза парақтар жасауға кететін уақыт 10 сағат болмақ. Компания өкілдерінің айтулары бойынша қолда-ныста болып кейіннен жоюға арналған қағаздарды кемінде он мәртеге шейін сапасына ешқандай да нұқсан келтірместен қайталап шығаруға болады екен. Оның үстіне бұл әдістеменің ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне де еш зияны жоқ. Қандай амал айла жасасаңда қайта өңделіп шыққан қағазда алғашындағы мәлімет қалмайды. Ал енді қоршаған орта-ға түсетін салмақтың азаятыны айдан анық болып тұр. Қағаз шығаратын өндіріс орнында сағатына 80 кВт/сағ қуат, 300 литр су қажет болса, аталмыш компанияның ұсынып отырған бұл қондырғысына керек қуат мөлшері 38 кВТ/сағ және 200 литрдей су қажет етеді екен. Ал енді осы суды әрі қарай қайда жібереді десеңіз: принтерлерге арналған сия мен тонерлер…
Бөлісу:

9 пікір

satibaldi
Судан босаған шелектерге көже асуға болатынын ескерсек, тіпті қалдықсыз өндіріс қой мынауың тегі!!!
kaztarih
ия үздіксіз айналым технологиясы деп осыны айт. Тәңір жарылқасын жапондарды, аман болсын әлі жер сілкініп жатыр ғой
Abilakim
Жапондарға таң қалумен өтетін шығармыз. Бұл бұл ма… бұлар әлі нәжістен тамақ жасайды!
sammita
Қилызаман келді, бізге кәмпит бермеді((( Жаңа жұмысқа шықтыңыз ба?
KILYZAMAN
Бейжай күйдемін. Жұмыс жоқ-> табыс жоқ-> Мәмпәсиде жоқ :-)
satibaldi
Жұмыс жоқ-> табыс жоқ->
Интернетіңді Қызыл Крест және Жарты Ай қоғамы төлеп отыр ма?
KILYZAMAN
Оның өз әдісі бар…
omarbek62
Бұл жаңалық туралы оқығам, бірақ осылай істеп А4 қағазын шығарса өзіндік құны өте қымбат болады деген жерлері есімде. Тек бұлай істеу ағашты кесуді азайтуға септігін тигізеді, немесе Жапания секілді шикізаты тапшы елдерге тиімді.
KILYZAMAN
Кеңседе қолданатын болғандықтан басқа қандай формат болмақ?