Құрылтайда ісім, Құрылдайды... ішім

“ Ең жиі жаңаланатын блог” деген аталымда жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып жіберіпті. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалапты, тойыс жазған деседі. Аққан сөзге ауызы былғанбағанды сүгіретпен, суреті ұнамағанды сөзбен сұлатқан деседі оқиға орнында болған куәгерлер. “ Жазар дым жоқ” дейің деп жіберейін деп (аморфты көкбақа сөйлем) тұрып, “ Тұлпар аунаса, түк қалады” деген мақалдан асып түсе алмадым.
Тапқаным… түк. Турасы, әсер
Сезім-безімге жауап беретін бұлшықетті сұрауға алғам. Ол бүй дейд: “Қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайы біз ойлағаннан (біз дегені клапан, аорта)да биік дәргейде, дәрежеде өтті. Ал Ерлан Қарин, Бекболат Тілеухан секілді жүректердің ұшақ басын бұруы бізге деген құрметті көрсетсе керек. Қазақ интернетін дамытамын деп жүрген таныстарды (жүректерді – ред.) көріп, тегі қуандым. Мәңгілік қартаймасынч олар. Мұратына жетсінч. Дук-дук”.
“ Асхат 1983 жылы тумаса…”
Бұл блог құрылтай бітуге таяяяп қалғанда айтқан тостым еді. “ Егер Асхат 1983 жылы тумаса, 2011 жылы Блогкэмп болмас еді” деген күпірліктен кенде емес фраза айтыппын (астағфируллаһ). Жо-жоқ, Асхатсыз да жиын шақырылар ма еді, айталық 2012 жылы… Асхатсыз да биылғы кэмп болар ма еді, бірақ деңгейі қалай болар еді дегендей ғой. Сондықтан, сол жерде Асеке аузымды жапқанмен :-), бұл жерде ұрт қылығына бұртима енді))) Сонымен қатар, жаным әшейін Қалдықыз, Балғырған, Ақзере, Мәншүк, Еркеқыз, Кербез, Әйгерім, Қисық, Ербол, Жалғас, Асқарбек, Мейіржан, Қара Сақал т.б.-ларының әрқайсысына алғыстан бір-бір “ Камаз” түсіріп беремін!
Тарихи жаңалықтар
— Аса танымал деп айтсам асылық болатын, танымал емес десем ағат болатын Артур (Платонов емес) Нығметовтың… қазақ екені ұзақ жылғы гендік-антропологиялық зерттеу нәтижесінде анықталды. Артурды білмейтіндер “ Азаттықтағы” блогын оқып алсынч. Айтпақшы, оны анықтаған – блогозаврия ғылымының болашақ доғдыры ЕРКЕ ҚЫЗ.
— “Өрімтал” блогының қамқоршылар кеңесінің төрағасы емес, атқарушы директоры да емес, ващще ол блогқа қатысы жоқ, ал “Қазақияға” шатысы бар Рахат Жақсыбай. И не қылды дейсіздер ғой, ол, ол (қызғаныштан тұтығып барам)… ол тарихқа “ блогоним” деген терминді енгізіп тастады. Ол не еді? Ол инфляцияға ұшырай ма? Өзінен сұрап аларсыздар, керек болса :-)

Ұлы жоғалыстар
— Атырауда тұрса да, өзін Ақтауға адалмын деп есептейтін, адай екенін жасырмайтын Тимур Бектұрдың флэшкасы жоғалып кетті. КИМЭП-тегі барлық флэш біткен жорғалап, аяққа шалынысып іздеп кетті. Ішінде ілуде біреу түсінетін “ тәуекел” тілінде жазылған транскрипттер болған деседі. Өкінішке қарай, ол флэшка табылды.
— Абайсызда моңғол мәдениетіне еңбек сіңіріп кеткен (Көкбөрінің қолынан алған медальді айтам), абайлап болсын журналистикаға қызмет етіп жүрген Есенгүл Кәптің пальтосы жоғалды. Онда не жоқ десей? Ішкі астары ірбістің терісінен, сыртқы қабаты су жұқпайтын сұр акуланың желбезектерінен тігілген деседі. Түймелері яшма тасынан, жіптері жібектен болған пальтоның ішінде қосамжарланған кондиционер, круиз-контроль, радар, пеленгатор, “ система динамического контроля” деген кәкір-шүкірлері көп болған дейді көрмеген жұрт. Бұл жерде де сол… пальто қайта табылды.
Ұнағаны… Өкініш
Астаналық блогшылардың баруына жауапсыз болғандықтан, Ерлан Оспан, Амангелді Құрмет пен Мұрат Есжанның бармай қалғанынан бармағымды тістеп-тістеп, жұлып алдым. Иии бармақты емес, рушкамның басын ғо :-)Өкініштің түтінінен үсті-басым ысталып, күйіктің иісі Кербез Айжанның мұрнын біраз мазалапты))
Ұнамағаны… Қуаныш
Патиктің Ернар Бекенов екенін, Ернар Бекеновтың “ Хабарда”, “ Хабардың” мемлекет қарамағында екенін білгенде, басымды шайқамадым. Ал бальзамдалған Гүлшат пен термометр Жанна сияқты таныстарды көріп, танысып алдым. Итпақшы, Әбіл Әкімнің қылжағын тыңдау, Жалғас Тайермен дауласу, Омар быраттың терминін ұғыну ұнады енді.

Аманат. Астана
“ Неменеге жетістің бала батыр” демекші, демей-ақ қояйын. Келер жылғы құрылтайды Астанада я Бурабайда өткіземіз деп сырттай шешіп жіберді. Содан ұяттан жарылып кетпейік деп астаналықтар бетімізді шымшылап, қан айдап отырдық, қысқасы. Содан сол, қазірден бастап дайындала берейік деймін ғой. Инь болмаса, моральдық түріміз мөшыный болсыншы осы :-)
Тағы да не жазып, не ғой… жазбамның көлемін ұлғайтсам болады екен? Ерлан ағам Қаринның сараптауы, Бекболат көке Тілеуханның сөзі, Мұрат брат Әбеннің ұстамы, Нұрғисаның домбырамен жырлауы, Патиктің киносы, Қисықтың футболкасы, Қалдықыздың Дубайдан алып келген мүсіншесі (Ырысбек саған), Балғырғанның кофесі, бәрі-бәрі ұнады. Асхат алдап әкеліп )))), интернетке үлес қосуды, Уикипедияның тілін қазақша шығаруды көрсетті. Талғат “ Геожебра” деді. Осымен доғардым. Қайталағым келмейді. Осыған ырза болыңыздар! Бір сөзбен, бәрі тамаша болды!


Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/24/%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0-%d1%96%d1%81%d1%96%d0%bc-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b-%d1%96%d1%88%d1%96%d0%bc/
Бөлісу:

9 пікір

Rozatai
Өркен, Қалдықыз, Балғырған, Ақзере, Мәншүк, Еркеқыз, Кербез, Әйгерім, Қисық, Ербол, Жалғас, Асқарбек, Мейіржан, Қара Сақалдың бәріне камаз алғыс аудара сап, мені қалайша ұмыта қалдыңыз, а? Ұмыт қалуға, қалтарыста қалмауға жаратылған блогшы ем, қалайша т.б.-ның ішіне кіріп кеттім?! Өркенге өкпем қара қазандай, ендеше
Orkenegro
Қап-ай, а алжасты деген осы болар :-) Кешірші қарағым, ең-ең алдына сені жазып қойдым деп сендіре бер
Rozatai
сұрап алған аурудың емі жоқ қой
asaubota
дабай Бурабайда өткізейік. үйлестіруді бурабайлықтар өз мойнына алсын, біз қонақ болып бара қоярмыз :)
Abilakim
Дайын асқа тік қасық болып па?)))) Идея жаман емес
asaubota
Остап Бендер құсап Бурабайға барып, өтірік әңгіме айтып қайтайын ба: «Бурабай әлем блогосферасының астанасы болады, әлемнің түкпір-түкпірінен блогшылар келеді. Мен де өзімнің скромный участиемді обещать етемін» деп :)
Orkenegro
Хе-хе, тез арада бурабайлық бір-екі блогшы іздейміз, блогтарына раскрутка жасап, бар жауапкершілікті мойындарына іліп, жоқ боламыз да кетеміз))))
edige
Барекелді тамаша өтіпті. Осыны басшылыкка алган Аскатқа /Уйымдастыру кезінде коргенмін/ 7 камаз алғыс болсын дә?
Orkenegro
оған бір баржа, я пароммен алыс жақтан алғыс жеткіземіз дегенбіз, екі-үш айда жетіп қалар