Бір сәттік сілкініс...

Мен нағыз ақымақ екенмін. Соны түсіндім. Жоқ нәрсе мен өткенге үміт байлап отырмын. Жүрегім бұлай ауырмаған еді.

Менің орнымда басқа біреу болса, сені әлдеқашан кең ғаламынан мәңгілік өшіріп тастаған болар еді. Әйтпесе… Менің дәл қазіргі ызам тап осылай. Басқаша жеткізу мүмкін емес.

Соткам сынды. Сотканы қоя берші, жүрек тас-талқан болды ғой… Не деген түсінбейтін адам деп ойлаймын ішімнен. Әлде әдейі… Кешір мені құдайым-ау!

Сағындым…
Бөлісу:

26 пікір

Zere
Бір жерден оқып едім, болмайтын нәрсе болмайды. Қамалды алам деп бос уақыт жібермеу керек деген. Сол дұрыс айтады.
Gastarbaiter
қумаш
Zere
Сен де.
Gastarbaiter
не в тему қудың осы жолы;) безобид. Қамал алуға тұрарлық болса, соның жолында қартайып өлсең де, оған кеткен уақыт рәсуа емес.
Zere
Ал мен оған келіспеймін. Өзіңе тиесілі емес нәрсеге жағаласып, тырмысып қажет емес деп ойлаймын.
Gastarbaiter
Жағаласып тырмысып көрмей өзіңе тиесілі емес екенін қайдан білесің? Бір жағынан сенікі дұрыс, кейбір адамдарға сүмірейіп, сәл қиындық болса, менікі емес деп көтін көтермей жата берген жақсы.
Zere
Ал кейбірі қайтпайтын қайсар болам деп жеккөрінішті болып жүреді сүмелектер сияқты. Надоел болған жігітті қыздар ешуақытта жақсы жағынан айтпайды.
Gastarbaiter
Сен бұл жерде табандылықты байланшақтықпен, өжеттікті жабысқақтықпен шатастырып отырған сияқтысың.
Алынбайтын қамал болмайды. Тек нәтиже бермейтін тірлікті қойып, басқа жолдарын қарап көру керек
Zere
Ия, болды, сенікі дұрыс.
Gastarbaiter
Өзіңе тиесілі емес нәрсеге жағаласып, тырмысып қажет емес)))
Gastarbaiter
Қыздарға берсең осы ақылды базар жоқ. Ал еркекке «тырмыспа, „мақсатыңа ұмтылма“ деген бекер әңгіме ғой.
Айтқым келгені қателікті тек әрекет қылған адам ғана жасайды. Қателіксіз өмір сүретін тек әрекетсіз, енжар, тірі өліктер.
Gastarbaiter
Өмір ғой амиго. Ашуланба, ызаланба, ұстамды бол демеймін. Өйкені эмоция тіршілік нышаны. Әлдене өзіңді өлтірмесе, шынықтырды деп білерсің.
bekmur
kim kinali!!??
AKY
Кінәлі мен емес, кінәлі ақ қайың)
asaubota
сабыр бауырым сабыр, әлі жассың. кейін басқасы кездеседі, сол кезде осы жағдайың күлкілі болып көрінеді. бастан өткен нәрселер ғой.
VKM
Зеренің сөздеріне толық қосыламын,қамалды алам деп бос уақыт жібермеу керек деген… айналаңызға қарасаңызшы, бақытыңыз қасыңызда жүрген шығар)))
satibaldi
айналаңызға қарасаңызшы, бақытыңыз қасыңызда жүрген шығар
Иә, дүкенде самсап тұр.
blackbeard
ық ық ық! бұттан кетейін деп қалдым:)))
edige
«Соткам сынды. Сотканы қоя берші»
Ескерту: Контактілерді қойын дәптерге де жазып жүрген артық етпейді
blackbeard
РАХМЕТ СІЗДЕРГЕ ҰЛЫЛАРЫМ! МЫНА КЕҢЕСТЕРІҢІЗДЕН КЕЙІН АРИСТОТЕЛЬ ФИЛОСОФ БОЛҒАНЫНА ӨКІНГЕН ШЫҒАР:)))))
Zilola
Не деген қатал қыз ол?
Маған жіберщь, жевать етіп жіберин әңгіме-дүкен :)
Erkekyz
Уақыт емші бәріне.