Қандай смартфон?

Өркеннің мына жазбасын оқып отырып, керекинфоның қалың қауымынан кеңес сұрауға бел будым.

N8-htc-iphone, etc…

Біреуін таңдау керек боп жүр. Кеше телефонымды… нші рет жоғалттым (бұған дейін бір рет ұрлатттым, ал қалғандарында өзім тастап кете беріппін:((). Әзірге қазақ тілді нокиа Х үшпен жүрмін. Қымбатын алуға қойған жеріме қалдырып кететін ұмытшақтығымды ескеріп, қолым бармай жүр. Әйтсе де жаным бір тачскрин смартфонды қалайды))

Интернетті шарлап қайсысы жақсы екенін біле алмай дал болып отырмын. Кім кеңесін берер екен?
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
егер интернетке көп кіремін десең Самсунгтың s5230 моделн алуыңа болады. бағасы қатты қымбат емес, 20 мың айналасында. мен осыған Опера мини, Gmail, Yandex mail, Magent қойып алғам. өте ыңғайлы.

Erkekyz
Менікі тура осындай +1.
yerbol89
Ия тамаша телефон. Опера мини барлығын орнатып алуға болады. Оның үсіте сенсорлы экран. Алайын десем менің ойымда Самунг Галакси s9000 ойымнан кетер емес болып жур. ))
Karakyz
Самсунг болып көрмепті менде. өзім үйренген нокиаларға бүйрегім бұра береді)
madlen
mende tura osy telefon. magan unamaidy, ote yngaisyz koldanuga. sensory da kuyp ketedi. en jaman jeri — klaviaturasy telefondy gorizontal'dy kalypka keltirgende birden ainalmaidy nemese kerisinwe. solai kiwkene tupit' etedi…
Erkekyz
Аха, түнде жатып алып агентке кіріп жазғанға ынғайсыз енді :D
asaubota
мен кірмеймін агентке, маған ыңғайлы жатқан кезде :)
omarbirat
VKM
уа-ча :)))Ата біледі, жәй айтпай қойды… хехех)))