Кисэн.



Бүгін мен жүз жылдар бұрын Кәріс классикалық романдарында көп айтылған кәріс куртизанкалары «кисэн» туралы жазбақшымын. Бірнеше күндер бұрын «Хабар» телеарнасынан «Хван Джин И» телехикаясы болды. Көргендеріңіз бар ма? Мен көрдім. Сол сериалдан соң осы «кисэн» туралы білгім келді де, инетті біраз қопардым.
Сонымен, «кисэн» деген кім? Ол көпшілікке мәлім ұғым «гейша», яғни Кореяда гейшаларды кисэн деп атаған, ал Қытайда «цзи» деп атаған екен. Жапонияның алыс шалғайларында гейшаны ойран деп те атаған екен.
Кисэндер гейша сияқты дегенімізбен олардың арасында айырмашылық бар екен. Кисэндер кәсіпқой көңіл көтеруші қыздар, сонымен қатар олар куртизанкалар да болған. Олардың басты жұмысы болмаса да, келген қонақ көп ақша төлесе сонымен бір түнді өткізе берген. Гейшалардан айырмашылығы да осында екен, яғни кисэндер бір түн үшін ақша алып отса, гейшалар ақша алмаған екен, ақша алғандар заңмен қадағаланып, жазаланып отырған екен –мыс. Ақша алатын гейшалар-олар ойрандар екен.
Ескі Кореяда кисэндердің басты міндеті мыналар болған: келген қонақтарға қабылдау жасау, сол сыйлы қонақтармен әңгіме өрбіте білу, музыкалық аспаптарда ойнай білу, ән айту және өлең жазу болған.
Кореяның бұрынғы әдет-ғұрыптарында әйелдері ешкіммен араласпай өмір сүрген. Оларға бөгде адаммен/еркекпен сөйлесу қатаң түрде рұқсат етілмеген, олардың үйіне тек қана туысқандары ғана кіруге рұқсат болған екен. Сондықтанда барлық кездесулер мен бас қосулар тек қана ерлер арасында өткізілген. Десекте, еркектер тек қана өздері кездесе бергеннен, конфуций ілімдері мен салық саясаты туралы әңгімеден жалығып, жеңіл, басқа тақырыпты сөз етіп, әйелдерді де қатыстырғысы келген. Бірақ ақсүйек қауымының адамдары өлседе әйелдерін бөгде ерлердің арасында отырғызбайды, сондықтан оларға куртизанкалар қажет болды.
Кореяда көп әйелдерге қарағанда кисэндер білімді болған, тек қана корей тілін меңгермей, сонымен қатар классиқалық қытай тілін де меңгерген, музыкалық аспаптарда ойнаған, өлеңдер шығарған. Бірақ, заң жүзінде кисэндер құқықсыз болған. Оларды басыбайлылармен, қасапшылармен тең көрген. Кисэнның қызы кисэн болуы шарт. Кисэндердің арманы алтын жалатылған тордан құтылу болған, яғни байларға, көпестерге әйел боп тию н/е еріксіз әйел боп тию. Ал, ол оңайға түспеген. Олар формальды мемлекетке немесе жекеменшік құл ретінде біреулерге тәуелді болған, сондықтан да оларды әйелдікке алу үшін көөп «қалыңмал» төлейтін болған. Кисэндер Кореяның тек элита қауымымен араласқан, олармен жай ғана жүздесудің өзі көп ақша талап етілетін болған, ал қалғандары тек қана аузын ашып таңқалып, сырттай сүйсініп отырған. Десекте қанша сыйлы болғанымен бәрібір олар құқықсыз, елеңсіз қалған.
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
кәрістерде де гейшалар болғанын енді біліп отырмын. қызық ақпарат екен, рахмет. қазігіше айтқанда элит жезөкшелер ме сонда?
VKM
)))))ну, Аршат аға)
Gastarbaiter
Қазір жезөкшелер еңбегінің престижын қалпына келтіру модасы бар сияқты.