"Өнер үшін - ұлт пида!"-тақырыбының комментінен туындаған ...

Алдымен, Zereнің "Өнер үшін — ұлт пида!" жазылымындағы пікірді оқып алыңыз!


Жазылған пікірлердің көбі орыстар қазақшаны судай меңгерген, қазақтар қазақшасына шолақ болып жүр деген ой туындайды. Бірақ сіздердің танитын орыстарыңызбен басқа ұлт өкілдеріңіздің 100 пайызының санаулысын ғана мысал келтіріп отырғандарыңыз айдан анық.
Енді барлықтарыңыздың пікірлеріңіз: Мақаш Тәтімов, демограф, шырылдап жүрген. Ол кісі жаңағы сіздер айтып, мысал келтіріп отырған басқа ұлт өкілдерінің жеке куәлігіне "ұлты/национальность"
ҚАЗАҚ(суретте көрсетілгендей русский емес)
деп қоятын болсақ, аққұлақтар н/е басқа ұлт өкілдері уақыт өте келе ассимиляцияға ұшырап қазақ болып шыға келеді,-дейді.
Ұлтқа деген опасыздық деп ойламайсыздар ма? Ал қазақ ұлтына?
Бөлісу:

23 пікір

Gastarbaiter
Жоқ.
Aitzhan_b
ойламайсыз?
konvict
Қашаннан бері өзге ұлттың қотырын қаситын болғансың. Мүмкін, өзіңе де орыс деп жаздырып қоярсың?
Aitzhan_b
Сенің жазған пікірің еш орынсыз екені көрініп қалды-ау деймін
Aitzhan_b
Сен менің ойымды түсінбеген боларсың. "Ұлтқа деген опасыздық деп ойламайсыздар ма?"-деген сөзім, ол басқа ұлтқа опасыздық емес, өзіміздің ұрпаққа опасыздық деп ойламайсын ба?
konvict
Сенің ойыңды дұрыс түсінбеген екенмін. Расында өзгелерді өзіміздің қазақ деп жаздыртсақ қателік болар еді деп ойлаймын. Тауда өскен бөлтірік тауға қарап ұлуын қоймайды. Қасқырды қанша асырасаң да ит болмас.
Gastarbaiter
Ит кім сонда? Қасқыр кім?)))
konvict
Бұл жай ғана қазақтың мақалын мысалға келтіру ғой.
ken
қасқырды қанша бақсаң да, орманға қарап ұлиды -деген орыс мақалы ма еді?
satibaldi
Қазір қара: минус үшін кек алуға шығад, ық-ық…
meirzhan
Олардың өздері мұны қаламайтын шығар.
Егер де олар аз болса ассимиляцияга ушыраушы еді.
Gastarbaiter
Ассимиляция деген бұлжымас нәрсе. Бірақ кім ұшырайтыны белгісіз. Қазақ өзге ұлт менталитетіне ықпал етпек түгіл, өз қазағына ықпалы жетпей тұр.
meirzhan
Онда бірінші орыс тілді қарагөздеріміз ассимилиттап алуымыз керек-ті.
Gastarbaiter
Біз қашан жауапкершілікті «Біз» -ден «Менге» көшіреміз сол кезде ғана қозғалыс болады.
Aitzhan_b
«Біз» немесе "қазақ" деген сөздер көпше түрді білдіріп тұр. Ал сен өзің айтқан «мен» деген сөзге ауыстырсақ, философтың сөзі бар еді, аты есімнен шығып тұр: Егер қоғамды өзгерткің келсе, алдымен өзіңді жөнге келтір,- деп айқан. Мүмкін осы іс демографиялық саясатымыздың жөнге келуінің бір себебшісі болар…
Gastarbaiter
«Біз» деген көпше түрді білдіріп тұр
Нешінші сыныпта оқисың?
қазақ" деген көпше түрді білдіріп тұр.

Дұрыс айтасың, ал "Қазақтар" деген сөз жекеше түрді білдіреді.
Orkenegro
бұның да уақыты келеді, асықпау керек, бауырым! Ол кезде ассимиляция деген сөз де ұмыт қалар…
sammita
Өзбекстан, Қытай т.б. сияқты мемлекеттер осындай жолмен қазақтың санын көбейтуімізге «көмегін» тигізіп жатыр ғо.
Gastarbaiter
Көбейгені дұрыс. Жалпы халықтың жағдайы түзелсе болды.
sammita
олар қазақты өз ұлттары санатына қосып жаздырып жатқанын айтқаным ғой.