Базар жоқ күн

Бүгін қай мағынада алып қарасаң да базар жоқ күн боп тұр өзі. Оған себеп, дәлірек айтқанда, себептер:
— Нұрекеңнің отызға келуі;
— Батыс өңірде көрісу мейрамының басталуы;
— WSB тұжырымдамасы бойынша өнер көрсетіп жүрген «Астана арланс» клубы «Бакудің оттарынан» кеш те болса кек қайтарыпты әйтеуір. 5:0 есебімен жыртқан екен. Жыртқыштар :)

Опшым, базар жоқ күндеріңмен, жамағат!
Бөлісу:

18 пікір

omarbirat
Таңертең жұмысқа екі минут ерте келгенімді жазбаппын :)
asaubota
мен жарты сағат ерте келдім :)

кеше базарда жүрміз, тамақ ішіп отырмыз. тамақ аз екен. асхана иесі айтады: бүгін соңғы күн болғасын тамақты көп істемеп едік дейді. әйелім менен сұрайд неге деп. Омар быраттың бір рет жазғанындай қылып айттым: ертең базар жоқ күн дедім :))
TERISKEI
Мынауы тамаша болған екен (Арландарымыздың Бакуліктерді «жыртқанын» айтам). Енді біздің жігіттер ары қарайғы ойындарға шығу мүмкіндігі бар ма? Енді кімдермен қашан қолғап түйістіреміз, айта қойыңдаршы, білетін жамағаттар?!..
Abilakim
«Арландарымыздың» ойынын тамашалаған едім.«Сұр жәшіктен»(біздің ТД сұр түсті). Әйтеуір бір жеңді ғой. Алғашқыда жолымыз болмаған негізі, қабақтан кетті ғой ол кезде біздің жігіттер
Nurgisa
Өткенде Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде доп тебісіп едік. Дәл жанымызда Қазақстаннан тай боксы ма екен, жұдырықтасып, тебісуден біріншілігі өтіп жатты. Әр жұптасу нокаутпен бітіп жатыр еді. Үзілісте айқасушыларға бетіне, ауырсынған басқа жерлеріне жағатын майлары бар екен. Соның исі мүңкіп кетті бүкіл залда. Аздап жүрегім айнып кетті иісіне.
omarbirat
«Арландарымыз» ары қарай өтіпті әйтеуір, ілініп-салынып :))
Бұлай қиындықтарсыз өтуге де лайық еді. Бірақ амал который, Бакулықтармен кездескен сайын ұрынып, осындай жағдайға түсіп жатыр. Осыған да шүкіршілік етейік :))
Өтпей қалса, обал болар еді. Боксшыларымызды нашар деуге келмейді, бірақ жолдары болмай қалып жатады
omarbirat
Ендігі қарсыластар әмірқандар, француздар мен тағы да сол әзекеңдер болмақ :)
Nurgisa
Былай, өтуге болатын сияқты ғой, ә?
Nurgisa
Жыртқыштар десейші, ә :))) Менде скепсиси басым еді өткендегісінен кейін, жігіттер жерге қаратпапты!!!
Бүгін дүйсенбі, «Хабар» арнасынан 17.15-те бір ток шоуға түскендей боп ем, соны көрсетеді екен. Амал жоқ, бір амалын тауып «Хабарлату» керек болды енді :)
bazuka
Сонымен солай дейік пе))
Nurgisa
Астана Арланс:

(56.98 Kb, 600x337)
omarbirat
Охо, мыналарға «азусыз арландар» деу қауіпті сияқты ғой :))
TERISKEI
ұялы телефонның камерасын пайдаланыпты ғой деймін… Анығырақ шықпапты, анааау дәулердің дені өзбек легионерлері ме екен?
Nurgisa
оларын қайдам, бірақ анооу суда рақаттанып жүргендер бастықтары ма деп қалдым.
TERISKEI
… мыналардың да қиналыңқырап жүргені сезілмейді:)))
bazuka
Базар жоқ күндеріңіз жалғаса берсін!)) Боксерлер мәледестер!