Әзірбайжанды танытым күнінен

Өткен сенбі біз Sefire-i alem дейтұғын ұйымда "Әзербайжанды танытым күні" өткен-тұғын. Әзербайжан қыздар жоғары демегенмен, көңіл тоғайтарлық деңгейде дайындалыпты. Мынау соның суреттері. Жасыратын несі бар, бұрын бұл мемлекет туралы үш-ақ нәрсе білетінмін. Мұнай көп ел, астанасы — Баку және президенті Ильхам Әлиев. Бекер обалы не, ұйымдастырушылардың слайд шоуының арқасында көп нәрсеге қанықтық.
Енді Қазақстанды танытым күні сәуірдің ортасында. Мынауский жоба жасаймыз деп біздің қыздар білекті сыбанып отыр. Арық айтып, семіз шыға алсақ игі.
Мынау содан суреттер:
Бөлісу:

47 пікір

aktobe88
Бір қызығы, палаулары тәтті болады екен. мейіз, өрік қоса ма-ау, сондай.
ең соңғы сурет — тәтті тағамы.
Makhabbat
/ең соңғы сурет — тәтті тағамы./

соңғы суреттегі тәтті ма?
мен ішіндегі ет па десем:)
aktobe88
тәтті тағамы. ішінде жаңғақ пен бал бар ғой деймін ұмытпасам
aktobe88
Бірақ шынымен тәтті еді. Маған ең қатты ұнағаны осы болды.
asaubota
Танытым деген сөз жоқ негізі, қазақша таныстыру десең дұрыс болатын сияқты.
aktobe88
әәәәә, мен де соны күмәнданып, күманданып қойып едім. рахмет!!!
AKY
Әдейі түрікше жазып қойған екен десем…
aktobe88
ааа, жоқ. ұялдырмаңыздар енді(((
satibaldi
Хиджабтағы қап-қарашаның елін айтып жіверсеңіз екен?
aktobe88
Индонезия
satibaldi
Сусынды графинге құймай, бөтелкемен дүңк еткізгендеріңен шошып, сендер үшін дұға қылған шығар…
aktobe88
Қазір кім сусынды графинге құяды екен. Графин жуып жүргенше бөтелкені лақтыра салған оңайырақ.
Ал аналар, қанша жерден тақуа десек те, мұны әбестік санамайтынына кепілдік берем.
aktobe88
А, жоқ, енді байқадым, мен анау үшінші суреттегіні сұрады ма десем. Дастархан басындағы хиджабты Эфиопиялық.
satibaldi
Ол не істеп жүр мұнда?
aktobe88
ал мына іс-шараға бүкіл шетелдік студенттер шақырылды ғо, сосын келген
balzaminka
Аппетит ашылып кетті ғой :)
Күндегі көретін күріштен өз демалып қалды, рахмет!
satibaldi
Сендер жақта күріш — вермишельдің орнына ма?
aktobe88
шылп… вермишельді айтып едіңіз, аузымның суы ағып кетті. менің ең жақсы көретін тамағым. бірақ мына жақта редко жасайды вермишельді.
satibaldi
«Мына жағың» қай жақ, бәлкім сипатына қарағанда — тозақ болар?
balzaminka
вермишель ол қай жақтың гүлі еді?
ПС: азанда күріш, түсте күріш и кешке тағы күріш
AKY
мдааа, одан да 3 мезгіл вермишелім артық екен…
AKY
Ну, арасында макарон, рожки, айғұлақ…
satibaldi
Ойпырмай ә, ұмытып қапсың ба?
aktobe88
Негізі дәл бұлай аппетитно болмаған ед, суретке жынды шығыпты
satibaldi
Продюсерлеріңнің телефонын берш.
aktobe88
Тозақ болар… уахахахаха
Продюсер, бұл енді қайдан шықты. Ашығырақ айтсаңыз біраз.
Сізді түсіну үшін Сатыбалды болып туылу керек шығар.
satibaldi
Ана жемнің суреті өмірдегіден тәттірек бов шықты дедіңіз ғой.
aktobe88
бұларды түсірген мен.
AKY
Күлкіден өліп отырмын))) Не ғо, Ақтөбе88, сен оны түсінуге тырыспа, просты бетпақтансаң, жеңесің))))
aktobe88
Жоқ, AKY ханым, Сатыбалды ағамен енді ғана тіл табыса бастаған сияқтымын. Кәмент жазып бастасымен Кетнақ, қойейнақ демей, жөнге келіп отырғанынан айналмайсыз ба?
AKY
Айналып-айналып, құлап қалдым.
asaubota
тақырып өзгермепті ғой әлі
AKY
Өзің өзгертпесең))
satibaldi
Енді Қазақстанды танытым күні сәуірдің ортасында.
Қазы-қарта???
aktobe88
жоқ, қазы-қарта ол жақта қайдан болсын. Өзбекский палау, мәнті, шақшақ.
asaubota
әрәқ ішесіңдер ма?
aktobe88
кәнешніііііі, оны орыстардан өзімізге пәтенттеп алдық емес пе, ұлттық сусын қып.
aktobe88
Сәтсіз де болса, қалжың еді. Қазы бола ма, болмай ма, білмеймін. Бірақ біздікілер ет асамыз деген. Бас тартамыз, анау Индонезия, Эфиопиялықтарға.)))))
Erkekyz
Шынымен аппетитно көрінеді екен. :)
Makhabbat
кушті екен, ана соңгы суреттегі қамырдың сыртын калай жасаган?
aktobe88
bilmedim, surau kerek. formasi bar shygar sony jasaytyn.
TERISKEI
… мәәәәә, екі-үш күнде жоқ боп кетсем, нешеме қызық жазбалар мен кәменттер жазылып тасталыныпты ғой:) Ғалия, админ ағанікі жөн, танытымды өзгертші, таныстыру десеңші, қазақшаны ұмытайын дегенбісің? Ең соңғы суретке әпетит ашылып отыр, бір әзербайжан қызынан үйреніп алшы, келген соң, дәм татайық.
aktobe88
Хехехе, жүрсем сол, боти киіііп деген сияқты, ұн-ұн бооп, алжапқыш тағып ап.
Ұн дегенде, астына нан қоямыз дей ма, күйіп кетпесін деп, сондайы бар.
omarbirat
Суреттегі әзірбайжан палауы былай жасалады екен:
aktobe88
Омар аға, видео ашылмай қойды, бірақ қыздар нан қоямыз астына(әлде үстіне? ұмытып қалдым)деген сияқты ед. шынымен сүйте ма екен?
мен өзім тамақтың рецебіне қызықпағасын бүге-шігесіне дейін сұрамаған ем, дәл бұлай қызығатындарын білмеппін.
omarbirat
Нан қояды. Жаңғақ, мейіздерді фольгамен кәмпит сияқты орап салады екен.