Тәрен Шахназаров. Больцман би («Бір жарты жырлайды» кітабынан алынды)

Дәруіш жері мұндай әділ биді білмепті. Оның әділдігі сонша, Больцман биіміз үш рет үкімін шығарып, үш рет темір тордың ар жағына барып келген Шымберген Колыма би қайтыс болғанда «ой бауырымдап!» жылап, крематорий пешіне секіріп кете жаздады емес пе? Кешеге дейін, «істі Больцман би қарайды екен!» десе, қылмыскер амиголар «мен ұрладым, мен өлтірдім» деп, менттердің мазасын алушы еді ғой!
Ұрпаққа, әлгі жеріміз көрген саңлақ би, шалғытілді шешеңң Больцман туралы айтпасақ, Аидтың алдында күнәһар болатын шығармыз. Тәлібтің құдайы.

***
Больцман би көңілдес қатынының үйінен атып шығып, аулада жатқан кірпішке сүрініп, омақаса құлапты. Сонда, ұлы фраза айтатын шығар деп қасына жетіп келген жылнамашыларға би:
— Лібә, аяғымды тігіп алдым нақ, кетіңдерш а? – деген екен.

***
Больцман биге бір туысы келіп:
— Больцеке, кенттегі соңғы адам емессің, бәрін білесің. Қартайған шағымда қойманың меңгерушісі болып, дүниеден өтсем деп едім. Қазір кентканцлерден меңгерушілік сатып алу қанша тұрад? – деп сұрапты.
Сонда Больцман би:
— 5 жыл 6 ай – деген екен.

***
— Больцеке, әділдігін өзіңнен сұрап келіп отырмыз. Бүгін үш сиырымды қорадан ұрлап әкетіпті...-деп бастап жатқан шағымданушыға, саңлақ биіміз:
— Охранные системы «Cisco»: и вор у тебя в кармане! – деген екен.
Сол бір жоқшылық етектен алған алмағайып заманда, жарықтық Больцман да амалсыздан сетевой маркетингке бой алдырған қарғыс атқыр уақыттар болған екен.

***
— Міне, тап осы жерде тұрған жерінде қолды болды – депті арызданушы картадан тауық қорасының суретін көрсетіп. Сонда Больцман би:
— Ал егер «Danger» автоматтандырылған қорғаныс жүйесі тұрғанда, ешкім ұрлай алмайтын еді – деген екен.
Көнемұрын қариялардың айтуы бойынша, қаржылық дағдарыстың екінші кезеңінде де саңлақ биіміз сетевой маркетингпен жүрек жалғап шыққан екен. Би түгілі ханның өзі Алматыдан тәпішкі тасып сатуға мәжбүр болған осындай қарғыс атқан замандар болыпты деседі ел артындағы аңыз.

***
— Уа, Антуан Шәріптің өзі аузына түкірген Больцман, тыңда менің сөзімді! – деп бастап жатқан арызданушыға Больцман би:
— Жоқ! – депті. Анау:
— Неге? – десе, жарықтық Больцман:
— Сен абычно өзің неправ болғанда сөзді әдемілеп бастайсың – деген екен.

Не дейміз? Иә жүрегіңізге жететін сөз, көзіңізге көрінетін әділ билік көрмеген шығарсыз бұл әңгімеден. Ендеше, топас болып туған өздеріңнен көріңдер, ептібайымайдтар!
Бөлісу:

5 пікір

KILYZAMAN
Сарттарға ермектікке ұсынатын дүние екен… (Сарт- сату, сатып алу)
MERmukhanov
Жалгас н-ай десейш
Daniar-Alan
— Сен абычно өзің неправ болғанда сөзді әдемілеп бастайсың – деген екен.
*lol*