Үш табан
Асық ойыны- Үштабан
Үштабан
Ойынға екі немесе оданда көп ойыншы қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған қызықтырақ.Әр ойыншыда көнге тігетін үш(асық санын қалауыңызша өзгерте аласыз, тым көп болмағаны жақсы 3-5 аралығы) асық және бір сақа болуы шарт.
Көнге әр ойыншы бір-бір асықтан тігеді.Ойыншылар кезектерін сақаларын күлдіру(басқа аймақтарда басқаша айтылуы мүмкін) арқылы анықталады.Біреуі уысына салған сақаларды шашып жібереді.Кімдікі алшысынан түссе сол бірінші, тәйкесінен тускен екінші кезекте. Егер сақалар олай түспесе қайта шашылады.Ойын реті анықталған соң ойыншылар көндегі асықтарды кезектесіп атады. Көндегі асықты үш табаннан асыра ұшырып жіберген адам ол асықты өзіне алады. Үш табанға жетпесе құлаған жерінде жатқан асықты сол қалпында ата береді.Ойыншыларда бірінші ойынды сызықтан бастағанымен, ойын барысында сақалары түскен жерден атып отырады.Осылайша асықтары таусылып ұтылғанша ойналынады.
Сақаны шиыра ату, сүріп ату, орай ату тәрізді әдістер болады.

Бас жүлде сіздікі.
Шиіріп кеп атсаңыз, маңайындағы адамдарды да шашып тастауы мүмкін.
Ма-ма, адамның асығымен шатастырып тұрған сияқтысың…
Николай???