Астаналық маршруттар картасы

Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Астанада жерүсті біррельсті пойыз жолға қойылады екен» деген әңгіме шыққан еді. Шығарса, жөн болар еді, ал әзірге екі көзі төрт (немесе мен секілділері төрт көзі сегіз :) болып) жерүсті пойызды күтпей-ақ, қоғамдық көлікті пайдалануды ыңғайлырақ ету мақсатымен жасалған кішігірім құралмен бөліскім келіп отыр (астаналық қоғамдық көлікті пайдаланушыларға).
Сілтемесі мынау: maps.astana.kz/transport.html
Сипаттап, орын/уақыт алмай-ақ кояйын, өздеріңіз барып көрерсіздер, менің мақсатым — бір керек инфомен бөлісу ғана:). Қысқаша айтқанда, ол сайтта бастапқы және барғыңыз келген аялдаманы енгізу арқылы қай маршрутпен, қанша теңге жұмсап(!;)) баруға болатыны шығады. Тағы да қосымша функциялары бар (адресті, ұйымның атын енгізу арқылы тұрған жерін картадан тауып алуға, маршруттың нөмірін енгізіп толық маршрутын көруге болады). Бұл жағынан Google maps-пен де ұқсастығы бар.
ЗЫ. Керектеріңізге жараса мен мәзбін:)
ЗЗЫ. Соңғы уақытта өзгеріп кеткен маршруттар өзгертілмей тұр әлі, ескі күйінде (41, 35 дегендер)
Бөлісу:

3 пікір

sammita
www.astana.kz/
мына Астананың ресми сайтында осы және тағы көптеген пайдалы дүниелер бар. Қош келіңіздер, бас қалаға:))
asaubota
картаны қарай алмай отырмын. Silverlight жүктелмей жатыр.
Altin
Казыр баска мобилды косымшалар пайда болган.