Қараторғайлар


Алматыға келген жылдан бері байқап жүрмін: Қараторғайлар Алматыда қыста кездеседі.

Стереотип бізде мынадай емес пе еді: Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Орыстар құстың ұясын да сол себепті «скворечник» деп атайды. Біз кішкентай кезімізде қараторғай көрсек қуанатын едік «Алақай, көктем келді, енді күн жылынады» деп. Ол көктемнің хабаршысы емес па еді? Тіпті, алқаш еңбек мұғалімі де құстың ұясын жасатқанда, ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін деп соларға арнайтын.

Бірақ Алматыда қараторғайлар қыста қалып қояды. Осы орайда, эколог-биологтарға сұрақ: Бұл құбылыс бұрыннан бар ма, әлде соңғы уақытта қалыптасқан «дәстүр» ме?
Бөлісу:

3 пікір

sammita
кім білсін, менің ойым солтүстік сияқты қысы қатты өңірлерден Алматыға ұшып кетпей ме екен, бізге қарағанда жылылау ғой. Көктемде жер жыртып жүрген тракторлармен жағаласып құрт теріп жүретіні есімде.
Abilakim
Қыста «суық торғай» ғана көріппін өз басым.Алматының жайына келсек «Ол жақта бәрі дейді ғой, қысы да жылы жаздайын...»
kaztarih
шынымен биологтарға қоятын сұрақ екен…