Коллаж мінез - Едіге

1. Атың кім? — Едіге /шын атым емес/
2. Сүйікті фильмің? – Жүгір, Форест, Жүгір! Қаш Форест қаш!
3. Сүйікті сусының? – Қымыз, қымыран /тазасы табылса/
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Немере, шөберелі шал болу /Қазір 35 темін: Өскенде мүмкін .../
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Пенде
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Бірқалыпты, салмақты образ танытып отырмын
7. Арманыңдағы қала? — Қаладан гөрі Даланы қалаймын
8. Туған жерің? — Оңтүстік, Жетісай.
9. Сүйікті түсің? — Алтын сұр
10. Сүйікті тамағың? — Плов
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Ұлдарымның жетістіктері
12. Сүйікті мекенің? – Қоғамда болганды калаймын /жалғыздықты жаным сүймейді/
«Жүгір, Форест, Жүгір!»
"Қаш, Форест, қаш"?
«тазасы табылса»
ненің:) чета күдік жеп жатыр жанымды:))
"Қаш, Форест, қаш"? «Ақымақтардың жолы болады» десе де болар мүмкін
сырдың суын, тоғайын, табиғатын көріп қайтқам
Әміркен біреу жазса түсінер едім, өйткені Форест Гамп әміркендердің ең ыстық, ең есте қаларлық тарихи оқиғаларына сілтеу жасайтын аллегориялардан жасалған құрақ көрпе, тойыс фильм.
Кезінде орыстар Брат-2 киносын қалай сүйсе, Форестке де сондай сезіп қалыптасқан.
«Менің Атым Хан» деген киноның ұраны бөлек болғанымен, сюжеттің басты ағымы осыған ұқсайды.
Әжес, тоқтай алмай қалатыным бар осылай.)))))