Блогкэмп-айтыс

Екі жұма өткесін бас қосамыз,
Болмаспыз бет тырнасып қанжоса біз.
Алматыда блогкэмп өтер анық,
Осы жерде түзілсін алғашқы аңыз.

Ой алмасу болады, пікірдің де,
Логистика жайларын бітірдің бе?
Немесе, талай уақыт, күн бар ғой деп,
Арқаны кеңге жайып отырмын де?!

Айтпақшы, бір волейбол ойнау керек,
Қызығына спорттың тоймау керек.
Подкасттар, мәтін есеп болар сосын,
Отырып ап осында тойлар kerek.
Бөлісу:

105 пікір

Nurgisa
Блогкэмп десе қу басың домалай ма?
Бұ құрылтай арналмас ноқалайға :)
Бар-жоғыңды түгендеп қайтарсыңдар,
Ой қоса отырыңдар осы орайда…
sammita
Бәрекелді!!! Ау, Қисық, қайдасың?
sozak
Әу де!!!
sammita
әу:)
sozak
Сізде ақындық өнер жопа еді.
Қазір оныңда орнын толықтырамыз, тек шабыт келмей тұрғаны.
Nurgisa
Сізде ақындық өнер жопа еді.
:))))))))))))) сөзім жоқ…
sammita
қандай қатыгез жансыз, созақ:((( қорс-қорс©
sozak
кешіріңіз байқаусызда…
Nurgisa
қап… енді саммита қазір сені байқаусызда кешіре салмаса де…
sammita
кешірімді бір шумақпен сұрасын, бұл джігіт:)
TERISKEI
Жасұлан, мынау саған сын емес пе?
Түскенде айтыс деген ұлы егеске.
Кешірім сұра десе мен сұрайын —
Созақ пенен Теріскей бір емес пе?

Sammita — тамаша еді, есіміңіз,
Рас болса, сұра деген кесіміңіз.
Жоқ па деуді жопа деп, қате қыпты,
Асығыстан жазыпты, КЕШІРІҢІЗ!
sammita
+111111! Керемееет, ду қол шапалаааақ!
Nurgisa
Мәселен, былай ма:

Сізде ақындық өнер жопа еді.
Қазір оныңда орнын толықтырамыз, тек шабыт келмей тұрғаны.

Шабытым келмеп еді қырсық шалып,
Иіріп жібердіңіз ұршықша ғып.
Бүлікті шығаруға бейілді емен,
Түсіністік тұрса ғой бүршік жарып.

Төрелігін айтады қазы болса,
Адам шалыс баспайды басы болса.
Клава деген тәтейді сатқындығы ед,
Ғафу ете салыңыз, лажы болса…
Nurgisa
Kerek'тің бір керегі sozak дейді,
Шабытты шақырып ап қозсақ дейді.
summita'ға сен ақын емессің деп,
Артың сенің бір тұтам, «косяк» дейді.

Ақындыққа әркімнің бар таласы,
Өнеріңді баппенен арқалашы.
Сақадай сөз сайлаған әр керекші
Мен үшін төре мінез хан баласы!
sammita
қорс-қорс© Менің жайым белгілі болды, қоя салайын:)
sammita
Сөз сөйлеймін бөлмелеп,
Әр нұсқадан термелеп.
Сөйлеген сайын кетеді
Қызыл тілім өрмелеп:)))
sozak
Жоқпа деудің орнына жопа деппін,
Саммита жан сіз оған жапа шектің
Айналып кеп кешірім сұраймын деп,
Қорс-қорс еткен сөзіңізден тағыда таяқ жеппін
Деп отырсам ойланып, қапа кеттім
Теріскей тауып берді шипасын осы дерттің.

Өйткен сөздер болады көзден таса,
Өлді — өшті, бұл жайды Нұрекең ойламаса.
Сөз кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп, ұмтылмаса.

Есітіп, біліп, көз көріп ойға салмақ,
Өткен істен КЕРЕКшілер бір үлгі алмақ.
Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,
Бастан кешкен әр істен бір белгі қалмақ.

Жасұланның кей іс жауы, кей іс досы,
Бұл екі істен болмайды өмір босы.
Жопа сөзін байқаусызда жазып қойып,
Көзді байлап нәпсінің қылғаны осы.
AKY
«жопа»… хе-хе, бұл бізге сабақ болсын.
Сабақсыз қалай ғана талапты оңсын?
Керекшілер пікірді қоспай тұрып,
Алдын-ала тексеріп, қарап көрсін.
sammita
Басқа тақырып «ж… па еді», неге есіме түсіре бересіңдер:
Қатыгездер өңшең))))))))))))))))))
Nurgisa
Сөз сөйледің бөлмелеп,
Мақамыңыз бөп-бөлек.
Көгергенше қызыл тіл
өрмелесе көп көмек… :)
AKY
Өлең жазар осында бар талайың,
Өнерімді бабымен арқалайын,
Бір-екі ауыз сөзімді ұйқастырып,
Жүрегіне қауымның жол табайын.

Ал енді, Блогкэмпке кезек келді,
Блогкэмп болып тұр ғой өзекті енді…
Презентасия әлі де дайын емес…
Білмеймін қандай сылтау тежеп келді?
Nurgisa
Тежегіштер аз емес, жалқау болсаң,
Арамзалар арбайды аңқау болсаң.
Одан да айылды жи, еңсе тікте,
Көсілер тақырыпты таңдап қойсаң.

Жоспарлы істі кейінге шегерме еш,
Көрсетсе де тежеулер егер де сес.
Блогкемпте сенен жақсы сөз естиік,
"Үлгермей қап едім" деп бедел емес!
qisyq
Әу де!

Мен кірдім бұл жазбаны оқымаққа,
Оқымақтан ғибадат тоқымаққа
Арсалаңдап келгенде, ағайындар,
Жопа мені тоқтатты осы жақта…

Нұрғиса бастапсың бір әңгімені
Сөздеріңді оқысам жан кіреді…
Қылп еткізді бүйірді өлеңіңнің
Логистика жайындағы әлгі жері…

Бұл жақта блогтарды сөз етеміз
Блогтан бар ед бізде өзге неміз…
Алыс-жақын бауырлар бас қосады,
Сондықтан дайындықты тездетеміз…

Өлең кетсе, артынан ақын да өлер…
Логистика қазаққа жақын өнер.
500 адамға той жасау бұл қазақта
5 000 адамның семинарына жақын келер.

Блогкемпте қожамын деп шалқаймаймыз,
Мен қонақпын деп жөнсіз талтаймаймыз.
Презентация дайындап тыныш қана…
Балапан қаздай болып байпаңдаймыз…
sammita
:)))
qisyq
Саммита, күлкің қандай керім еді…
Күнмен бірге ерінің керіледі…
+1-ді өзің, ә, қойып жүрген?
Соны ойласам жүрегім егіледі…
sammita
Пах, шіркін! «Жүрегім жүрегіңмен егіз бе еді»:))
qisyq
Қалқам, маған қайдан ғана жолықтың…
Өзіңді ойлап, жүдедім де торықтым…
Еңсергенде елуді егделеніп
Ғшық болу қиын екен, соны ұқтым…
Nurgisa
Тағы ұсыныс тууда, бөлісейін,
Қабылданар шығар деп тон пішейін.
monti еді идея қозғаушысы
Мәнісі жайлы аз-кем жол түзейін:

Мейлі есей, ойнай да бер мәңгі мейлі
Артық кг ем-домы ләңгі дейді.
Өркенжан да ем-домгер болғысы бар,
Есіл үсті тебеміз шаңғы дейді.

Волейболға қосайық ләңгі жарыс,
Біреу құп дер, қалады бәлкім қалыс.
Түпнегізін түстемеудің қажеті аз,
Қорғасынды жүнменен әркім таныс :)
TERISKEI
Аяқ, шіркін! Қалсыншы маңдып ол да
Болсыншы блогкампта жан құмарда,
Көрсетейік өнердің он түрлігін,
Нұреке, ал келсей, ләңгі бар ма?
sammita
«Жапырақ жүрек жас қайың», ой, жапырақтан жасайтын папандар бар сайтта:)
AKY
Ләңгі жарыс дегенде, ләңгі жарыс,
Өмірдің өзі бейне мәңгі жарыс…
Монти озі қолдан жасап берем дер-ау,
Жапырақ қайда оған деп "қайғырамыз"))
aktobe88
Теріскей!
Ләңгіні ойнағыш дегенде, ләңгі ойнағыш,
Телміріп «мирға» жүрміз шалғайда біз.
Керекинфо есіңді ап бізді ұмыттың,
Қоймасаң админ ағайға шағым айтамыз.
TERISKEI
Кететін ұйқасымен желе тартып,
Ақынға қара сөзден өлең артық.
Орыстың сол «моймирын» неғыласың?
Қазаққа «Моймирыңнан» «КЕРЕК» артық!

Админ ағай сөзіңді неге құптар?!
«Керекте» жазатынға мол үміт бар!
Одан да айналаңа «КЕРЕКТІ» айтып,
Біздерге көмек беріп, желігіп қал!:)
aktobe88
Сол «Rерекке» мен өзі сіңе алмадым.
Һәм оның себебін бір біле алмадым.
Мой мирда сынағыштар аз, білесің…
Сұхбаттастың жақсы көрем тіл алғанын.
TERISKEI
Сіңе алмасаң, қателік сенен де бар,
«Моймирыңның» жойқыны төмен болар,
Мұндағы сыншылыарға мың бір алғыс
«Сын түзелмей, мін түзелмес» деген де бар!
TERISKEI
«Моймирдың» бұл өкілі жарады екен,
Емес саған көңілім ала бөтен.
Түзетіп қой «Rерек» емес «КЕРЕКИНФО»,
Соны айтуды ұмытып барады екем:)
aktobe88
Ұятқа қалдырды әбден бұл клава
(Ақталғаным.''Ұялған құр тұра ма'')
aktobe88
Сүйкәмді сыншыларға әңгіме жоқ.
Сын шын болса қөңілім мәңгіге тоқ.
(Ар жағын ұйқастыра алмай қойдым, тек мына Самиита ханым қайтадан үре бастады. Айтыста қайта мән қалмай бара жатыр, ұйықтағаным дұрыс-ау, бізде сағат әлі бес.)
TERISKEI
«Сүйкәмді»,"қөңілім" :)

Мына жазған сөздерде мән бар ма еді?
Ғалекем неге сонша аңғал еді…
Өлеңнің ұйқастарын таба алмасаң,
Таң атпай айтыс бастап нең бар еді?..
aktobe88
Келмейтін ой жоқ қо өзі түнде адамға,
Мәстірміз жазбаңды да «былғағанға».
«Таң атқанда сауларға сөз түгілі,
Сандырақ та жоламас жынды адамға». әйтпесе
п.с. соңғы екі жол өзің білетін бір ақындікі.
sammita
шап, Теріскей, мықтыыыы!
aza
Көрсетейік дейсің өнер он түрлігін,
Ләңгіден басқа жоқ ла, оң тірлігің?
Қолың бос па, босына қарап жатпа,
«Керекті» жазбаменен толтыр, күнім!

Блогмэн, Блогвумендер құтты болсын,
Барып айта алмаспыз орта толсын,
Сыртыңнан тілікші боп жүретұғын,
Қазнетшінің мендей де бір сорты болсын!

Құрылтайдан жаңалық көп күтетін,
Жақсылық көп, оң ниет көп, жүдее… тым,
Аман жүрсін, блоггерлер байырғы,
Қазнет үшін бәйгеге бас тігетін!
AKY
Блогкэмп айтыс дегенде, блоккэмп айтыс,
Сөйлесең, әр сөзіңді дөптеп айтыс…
Жоқ жерден төбелесіп қалмау үшін,
Жайымен, смайл қойып ептеп айтыс)))
Abilakim
Кез келді ағызтатын сөздің майын
Сталинді жырлаған Жамбылдайын
Құтты болсын әуелі блогерлер
Наурызбен қатар келген ҚҰРЫЛТАЙЫҢ!

Блогкэмп басымызды қосар мекен?
Ару қала біздерді тосар мекен?
Блогы бар ағайын жан-жақтағы
Алматы қайдасың деп жосар мекен?

Осылай мен сырымды ақтарамын
Аударып word-тың ақ парағын
Блогкэмпке келетін қыз -жігіттер
Осынау өлеңімді жаттап алғын!
qisyq
Па, шіркін, Әбіләкім жырың қандай,
Қуатты құйма тастан құйылғандай
Түнгі сезім ластап кеткен көңіл де бір
Таңғы жаңбыр суымен жуынғандай…

Сөзің рас, өлеңің шын, әріптесім…
Осы арада кикілжің қалып кетсін.
Қазнетке қалың үлес қосып жүрген,
Қазақтілді блогшылар дәріптелсін!

Осылайша өлең-сөзді құрап кеттім,
Құлағын тіл-домбырамның бұрап кеттім.
«Сен тимесең, мен тимен» дегенді қой
Кірпіші болып қалан, сен, Блогкемптың…
aza
Сұлу сөз, сырбаз жазба болг көркі,
Айтпаса басыла ма, көңіл дерті?
Ептілер, тектен текке салғыласпай,
Қазнеттің, Керекпенен күйін шертің…
Nurgisa
Блогкемп, ал барушы блогкемпір,
КИМЭП жаққа өзіңмен жылы от келтір.
Келіп алып жалпайып отыру жоқ,
Бір білгендер айтылар сыр көп деп жүр.

Алматы аурасымен тәнті қылсын,
Үйлестірушілер де шалқып жүрсін.
Бәрін айта бірін айт, Abilakim'ді,
Сыйлайтындар кәңкретный манты қылсын.
qisyq
Сөзің дұрыс жол тартпайтын бұратана,
Бұл жырлар көңілі босты жылата ма…
Сонда не, мына біздің Әбіләкім
Мантыны сүйіп жей ме, ұната ма?
sammita
Әбіләкім епті,
Тығып жейтін етті.
Құпияң мәлім болып,
«Керек»-ке де жетті.
Nurgisa
Нөкерлердің жеңбегі қолбасыдан,
Қағылмайды трофей олжасынан.
Мантыға сынатынын білу керек,
Автопортрет сынды коллажынан…
qisyq
Қазақпыз өлімнен де той іздеген
Осындайда kerek бір ой ізденем…
Бажеке, өзіңе де дайындасақ,
Бір палау ноқатпенен, мейізбенен?
Nurgisa
Керектеу ойың дұрыс, бір мін таппан,
Қиыс кетсең төселер қырғын қақпан.
Наурыз келіп жылынбақ дәме сойқан,
Арқада зекиді екен құрғыр ақпан.

Gillette жақсы көпіртіп, қырынбаққа,
Мейізді палау жақсы жылынбаққа :)
Отанасы екеуміз дәмеліміз
Бармаққа жылынбаққа жылы жаққа… :)
aktobe88
Димаш жездеге
Артық кетсем кешіргін пақырыңды,
Сөз айтамын жинап бір батылымды
Нәшәндігі баркемптің сен екенсің
Өзіңнен күтіп жүрміз шақыруды.))))))))
Abilakim
Таң атпаса қоразда бақырмайды
Жылқылар есек құсап ақырмайды
Құрылтайға тіркелсең жетіп жатыр
Қарағым, блогкэмпке шақырмайды!
aktobe88
Таң атпай көсілуге жүйрік пе едің?
Дөрекі жауап қатсаңыз сый күтпегін
Бұл сөзім арналған жоқ аға сізге
Сондықтан сыймас жерге килікпегін.
Abilakim
Блогкэмп «кел» демейді «кет» демейді
Мына қыз маған неге өкпелейді
Қарындас келу-келмеу өз қолыңда
Келсеңіз «сізге орын жоқ „демейді
Nurgisa
Көңіл сыйса сияды-ау бәрі түгел,
Бір жұдырық болмақ шарт баркемптік ел.
Бармасаңыз келмейсіз, кетпейсіз де,
Аттың басын, ендеге, тартып жібер!
aktobe88
Әбіл ағам көңілді ортайтады,
Қораз бен есекті айтып қай қайдағы.
Нұр-аға, рахмет ниетіңе
Мәрттігіңіз көңілді марқайтады.

Сіздікіндей көшелі коммент қайдә,
Кейбірі бар көңілді кетер лайлап.
… Кәмшат әпкем екеуіңіз жүз жасаңыз
Бала-шаға ортасында күліп-ойнап.
sozak
Жарайсың Әкім мырза!!!
Abilakim
Таң атпаса қоразда «бақырмайды»
Жылқылар есек құсап ақырмайды
Құрылтайға тіркелсең жетіп жатыр
Қарағым, блогкэмпке шақырмайды!
qisyq
Ғалия балдызға

Артық кетіп жазбапсың дөкір шумақ,
Қаси берсең жарадан қотыр шығад.
Ниет болса, келе ғой жайнаң қағып,
Алтын балдыз, менен не отыр сұрап?

Бұл күнде мекен еткен өзге мекен,
Ақтөбенің еркесі, өзің екен,
Баркемпке рұқсатты сұрай келген
көрмедім басқа жанды өзіңе тең.

Келе ғой құрылтайға келем десең.
О не, о не деп бір сәт елеңдесең.
Саған берем шақыртуды өзгеде жоқ.
Бетімнен сүйіп алсаң егер де сен…
aktobe88
Жездеге базынай айту теріс пе екен?
Жаздеке, мына әзілің келісті екен.
Орындағым жоқ бірақ айтқаныңды,
Не болады шартыңа келіспесем?!)))))))))))
qisyq
Балдыз бен жезде ежелден туыс, жақын
Қалжыңдап, әзілменен қуысатын.
Ойым жоқ ед, негізі, оу басында
Өзіңдей қырсық қызбен туысатын.

Сөз бар ғой осындайда жанға жайлы:
«Туысты бұйыртады, таңдамайды».
Көрген жерде бетімнен сүймей ме деп
Бұ жездең қайта-қайта алаңдайды.

Бағана басып едім алақайға,
Балдыз-ау, ұқсамайсың шалопайға.
Бетімнен сүймей қойсаң, Блогкемпте
Өзіңді талатамын қалақайға...)))
aktobe88
Ой, мынау жездекемнің әлегі мың.
Қырсық деп теңеу тапты және мұның…
Қалақайға таланған артығырақ…
Алайда шақыртудан дәмелімін)))))
qisyq
Сөз айтсақ дәмдісінен, толығынан,
Жыры тұман ақынның жолы тұман.
Қалақайды менсінбей отырсаң сен,
Алматының қарына шомылдырам…
aktobe88
Шын ақын асыл сөздің парқын ұғад,
Ұйқастан артпас сөздің нарқы бірақ.
Алматының ақ қарын сағындым-ау,
Алайда қалақайың артығырақ:-)

Сөйлесең түсіресің сөздің түбін,
Тоқтата алмасымды сездім, шыным)))))
Айтысты осы жерден доғарамын
Алдыңда иілейін, жеңдің бүгін.
qisyq
Блогкемпте, ағайын, егесті қой,
Тіл табыссын бірлік, ниет, кеңестік ой.
Балдыз-ау, иілетін алдына кеп,
Қайынатаң я қайныағаң емеспін ғой:)

Бұл қалжың, сөздің сылтау, сірағасы.
Қайда кетем балдыз құлақ бұрағасын?!
Әйтеуір, ертең келіп құрылтайда
«Тасжүрексің, жезде» деп жыламашы.

Өлеңің сылдырандай өзендердің,
Қылығыңа не болса да төзем дедім.
Байқап тұрсам, балдызжан, осы айтыста,
Бұл пақыр жездең емес, өзің жеңдің:)))))
aktobe88
Бұл жездем сөзді ойнатып, шиырлайды-ау.
Тосылтар тапқыр сөз де қиын-ды ойлау.
Шақыртуға мың да бір рахмет.
Сол баркэмпке қатысу бұйырмайды-ау.

Сөздің басы шақырту сұрау болған,
Тосылмады оған да ұнамды оғылан.
Буынсыз жерге пышақ ұрды деме,
«Шақырту» сені әшейін сынау болған.

Әйтпесе шақырусыз келе берем,
Қолға ұстап өз парқымша дөнен өлең.
Жезде осылай үнемі қолпаштасаң,
Алдыңда «иілем» де «жеңе берем».
Nurgisa
Жезделер тауып жатыр балдыздарын,
Керектен тапқандайын жалғыздарын.
Эксклюзив табысулар болып жатыр,
Қыстағы елестетіп қарбыз дәмін.

Еларнадан жарқ етіп Әбіләкім,
Тамсандардырды естіген бар братын.
Айдай сұлтан жігітке мақал құрап,
Мүшайрасушылары сән құратын.
Мақтамаса жылайтын "Әбіл" емес,
Мұрны ағып, бітеу болса шар қылатын… :)
Abilakim
Бәрінің аузындағы сол суретім
Ол жақта танысым жоқ мен білетін
Кезінде талай қызбен жүріп едім
Біреуінде кетті ме бір суретім?!

Жарқ еткен мен емес суретім ғой
Түсіндіру сендерге міндетім ғой
Айсұлтан -Әбіләкімдге жасап жатқан
Халқымның маған деген құрметі ғой
Nurgisa
Құрмет жақсы көз шұқып, табалаудан,
Аулақпыз жаға ұстасып, алалаудан.
Керекше ерекше бір достық-ау бұл,
Болса дейсің саф та пәк, халал аудан.

Бірде шымши жазамыз, бірде ізетпен,
Жұрт қабағын мұндағы кім күзеткен?
Өзара құрмет болмай өрлемек жоқ,
Бір болғанда болмайды тіл-көз өткен.

Болар сайттың балдары батырмыз дер,
Блогкемпке дайындалып жатырмыз дер.
Тырнақтың астынан кір іздемей,
Әр кәммент түкпірінен нақыл іздер.
Abilakim
Нұреке, мін таппадым сөзіңізден
Біраз тәлім алармыз өзіңізден
Бұның бәрін дәлелдеп ісімізбен
Нәтиже шығарайық сөзімізден

Сынменен түзейміз-ау мінімізді
Тек күндеумен шығармай үнімізді
Алдымда ағам болып қалқайып жүр
ара-тұра жөнге сап ініңізді
Abilakim
Мұрнымды бір тексеріп алдым
Nurgisa
Алатаудан көз тігер қарлы шыңдар,
Көкшкінге қарсы тұрар хал-күшің бар.
Көті бардың желі бар, мұрны бардан
Анау-мынау шығуы заңды шығар :)
Nurgisa
Үш күн, үш түн… Көктем. Блогкемп. Алматы.
Түйіседі небір дәулер, дөкейлер…
Қырағы бол, ҚазНеттің солдаты,
Бұл ісіңді көбі құптар, OK дер.

Қарағанды жібереді "Әбілін",
Toty келер, Шығысыңның жұлдызы.
Біз жетерміз Астанадан ақырын,
Құрылтайдың қыздыры алсақ қызығын…

Атыраудан келе ме екен alisha?
sammita'ның барам деген райы жоқ.
Батыс үшін Алматыңыз алыс, ә?
… Алматыда Есіл де жоқ, Жайық жоқ…

Ал, ағайын, бар ағайын, тізе қос,
Блогкемптің ажар-көркін ашасың.
Теуіп жатсаң тас-темірді үзер болшы,
Қазағымның ҚазНеті жасасын!
alisha
Ех!!! Барар едім… Бірақ сіздердің орталарыңызға бейімделу үрдісін бастан өткеріп жатырмын әзірге… Кішкене өз бетіммен ысылайын, машықтанайын! Содан соң ұялмай «мен де блогшымын» деп барам ғой;)
Abilakim
Үш күн, үш түн… Блогкэмп.Алматы
Түннен кейін үш нүкте
Блогкэмпте сөз айтармыз салмақты
Ал, қонақ үй үш нүктенің жалғасы
Nurgisa
Қонақ үй, қонақбастылық,
Қадамды ойлап бас, жігіт! :)
Есті адам ессізденбейді,
Өзгемен өзін одақтас қылып… ;)
sammita
Әбіләкімнің жыры

"…Темір жол вокзалы.
Есіме түспей тұр ар жағы…
Есімді жия алмай әлі мен,
Ойланам – ойымда түк те жоқ!
Поездың соңында қалып ең,
Қарайған қап-қара нүкте боп.
Керкеткен шайтанның ісі ме,
Кеттім бе, білмеймін, асығып?!
Күнәлі көзімнің ішіне
Күнәсіз жасымды жасырып.
Аяулым,
Алыстай бересің,
Кәдімгі қап-қара нүкте боп.
Көзімді жұмғанда… елесің,
Көзімді ашқанда… түк те жоқ!!!
Тү-у, әлгі
Темір жол вокзалы,
Есімде қалмапты-ау ар жағы…":))))
Abilakim
көкшетаулық бір жігіт мені сотқа бермесін, мына өлеңді оқып…
sammita
авторлық құқығы өзімде:))
Abilakim
Әлгі «төсіңнің салмағы...» дейтін жолдарын жазсай
sammita
:))))))))))))) ғық-ғыыққ)))) біліп қойдың баэ:)))
Abilakim
білмегенде кеңк-кеңк))))
Abilakim
Көп нүкте мүмкін ішу шығар?
Унитаз құшақтап құсу шығар?
Nurgisa
Өзіңді қимайм-ау ондайға,
… Ішіңнен бір кептер ұшып шығар :)
Abilakim
Кәмшаттайын жеңгеммен,
Нұрғисадай ағаммен
Танысатын кез келді
Қисықтайын достармен
Табысатын кез келді
Бәрін айтта бірін айт
Кәсіби тұрғыда шыңдалған
Білімімен мыңды алған
Тәжірибелі "қулармен"
Жарысатын кез келді!
Nurgisa
Қауышасың блогкемпте
Омар деген быратпен,
Бас комментші ҚазНетте,
Сәуле төккен шырақпен.
Моңғолиялық қонақтар,
Келмек ұлы мұратпен.
Қытайдан да өкіл көп,
Мазаланған сұрақпен.
Халықаралық құрылтай,
Болғалы тұр, Әбіл-ау,
Алматыға блогкемпті
Сынақ болмақ қабылдау.
Разы болсын бәріне,
Шапқыластан түн, күндіз.
Сенбі қашан болар деп,
Тағат таппай біз жүрміз.
Мақамымен Арқаның,
Сен де ерекше күй кіргіз.
Күш сыймаса бойыңа,
Сәулетті бір үй тұрғыз! :)
Nurgisa
Көгертем деп блогкемптің көсегесін
Күндіз-түні шапқылап, көшедесің.
Алатаудай абыз боп сәлемдессең,
Алматы ақ мамық боп төселесің.

Жұмада түйісер жер «Кермес» екен,
Блоггерлер өз арасы шерлес екен.
Тиянақтап, мардымдап күн тәртібін
Үйлестірушілерім ерлесе екен.

Жан-жақтан келген біз де қарасайық,
Қонақпыз деп шалқаю — алғашқы айып.
Бұл тойда бәріміз де күтушіміз,
Бағымыз кішірейіп, қалмас тайып.

Асан-Үсен болармыз, Айман-Шолпан,
Құшағын достарына жайған қалқам.
Айта алсаң, тыңдай алсаң — соның олжа,
Туар деймін, жарқыным, айың оңынан!
Abilakim
Алматы жиі енеді түсімізге
Құдайым жәрдем берсін ісімізге
Болса екен сол күндері ол жақ жылы
Қалың киім кигізбей үстімізге

Болармыз бір үйдің ұл-қызындай
Сен- Адай, мен -Арғынмын деп сызылмай
Мәре-сәре болайық осы күні
Бұдан артық біздерге жоқ құрылтай!
Nurgisa
Алматылық жігіт-қыз озды-ай, анық,
Тұрса екен кемшін тұстар аз байқалып.
… Ақ кастом-сымды киген жігіт көрсем,
Айсұлтан ғой мынау дейм, жазбай танып! :)
Abilakim
Білмеймін аламын ба «ақ шайтанды»
Киілмей ол бейшара жастай қалды
Еркін киім өзіме ұнап отыр
Не кисем деген ойдан бас та айналды
edige
Кеше ғана қар жауған бізде құйып,
Қалмасын байқа Әбеке суық тиіп.
Асаубота менде бір тон бар дейді,
Размері шақ па дейм алсаң киіп.
Abilakim
Көрмеп ем қардың құйып жауатынын
Есекті қымыз үшін сауатынын
Сотталғанды соттайм деп қорқытпағын-
Ұмытпа Алматыдан біздің жақ суық болатынын
Nurgisa
Шляпі ки, мексикандық болғың келсе,
Бір жағынан қарасаң, ол да ерсі, е…
Немесе, айыр қалпақ кие салсай,
Қырғыз болып КИМЕПке төнгің келсе.

Ала шапан кие сал, өзбек болсын,
Кейбіреу нысанадай көздеп көрсін :)
Стрингі киген «Тарзан» боп келме бірақ,
Қызығын біздер емес, өзге көрсін.

Немесе көрсетсең бе «боян» үлгі?!
(Бетіңді помадамен бояндырды).
Алматыда қар жауса, ала салсай — Утренникке тіккізген "қояныңды"? :)