Коллаж мінез - Нұрғиса

(128.24 Kb, 600x600)

1. Атың кім? — Асылбектің Нұрғисасымын.
2. Сүйікті фильмің? – Смит мырза һәм Смит ханым
3. Сүйікті сусының? – Анар шырыны
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Ұшақ пилоты
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – YesMan
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Адуын ағыстарға бой жыққызбас үшін мүмкіндігінше қырағы жүру
7. Арманыңдағы қала? — Мекке
8. Туған жерің? — Шымкент
9. Сүйікті түсің? — Жасыл
10. Сүйікті тамағың? — Палау (мейізді, ноқатты)
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Кішкентайлардың сыңғыр күлкісі
12. Сүйікті мекенің? – Көк түтіннен ада, тыныш табиғат аясы
Бөлісу:

38 пікір

Nurgisa
Университетте оқи жүріп оқу ордасындағы әлеуметтік іс-шараға көбісінің аңсары ауған-ақ шығар. Ортадағы сурет осыдан дәл 10 жыл бұрын болған шара екен. Ол кездегі бас бәйге палас болған екен, оны үйден енші алып шыққан ағамдыкіне сыйлағам. Қазір телеуізір бөлмесінде жерге төсеулі-ау деймін. Қыз сыны мен жігіт сұлтаны қатар өткізілген бұл сайыста мен үшін ең қиын саты галстук байлау еді. Тобымда Түркиялық жігіт бар еді, содан үйрендім. Бүгін жұмыс бабымен дресс-кодтың осы бір элементін түрліше байлау әдісін меңгеріп алып үлгеріппін. Екі жыл бұрын университетіме жолай кіре салып едім. Фойедегі өнер саласына арналып жасақталған үлкен панода дәл осы сурет ілулі екен. Көңілім жылып сала берді.
asaubota
сенімен табиғат аясына шыға алмайды екенмін, кешір. темекі тартатын едім, көк түтін қылып :)
Nurgisa
Негізі, пикниктетіп табиғатқа шыққанда ағзаны түтінмен улаудан гөрі, көк майсада доп тепкен, тау-қыратқа жорғалап, түрлі ойын ойнаушы едік. Одан соң, таза ауа болғасын ба, тез қарын ашады. Қыздар, әйелдер жағына көбінесе барған бойда делегациядағы еркек қауымының қарнын тойдыртып алу алғаш мәселе :)
bazuka
таза ауада жүріп келгеннен кейін тамақ сінімді болады
Qojeke
Бәрі жақсы жазылған, бірақ неге ??
kuat
осы сізді Түркістанның маңайынан көрген сияқтымын. МКТУда оқыған емессіз бе? әлде?
Nurgisa
Иә, Шымкенттегісінен түлеп ұшқанбыз.
Түркістанға бірер мәрте барған едік, айтыс мәселелерімен…
edige
«Анар шырыны»
қызық екен
Zilola
ноқаты бар палауды жазып тәбетті ашып жібердіңіз-ау :)
Nurgisa
Ашылса тәбет ашылсын… :) Ал ноқат… Ноқаттың болғаны жақсы ғой :)
sammita
сол ноқатты түсінбедім.
Zilola
горох ше, андижански палауға қосады көбінесе курагамен
sammita
аааа соны ноқат дейді ме. Бірақ курагамен елестету қиын боватыр:))
Erkekyz
курага? қызық мейіз қосып істейтінді білеміз, курага да қосад десеңізші.
omarbirat
Қосады. Кепкен қара өріктің мейізі де қосылады. Жаңғақ та қосуға болады. Бетін анардың (гранаттың) дәндерімен сәндеуге де болады. Палау, негізі, тәтті тағам ғой :)
Zilola
бүтін сарымсақ та қосылады (қабығы ашылмаған)
omarbirat
Ет те қосылады :))
Zilola
күріштің ең басты ингредиент екенін тілге тиек қыла кетейін :)
omarbirat
Сәбізсіз палау — ет қосылған гарнир. :))
Nurgisa
Зира ғой дәмбергіші, зира-а… Шынымен, зира-ау, сірә.
Zilola
бізде оны зірә дейді :)
omarbirat
«Биязы» ғана пиязды ұмытып кеткен сияқтымыз :)
Zilola
майлы палау, майсыз болмайды :)
Nurgisa
Су ше, су-у-у?
Тұз ше, тұ-ұ-ұзз?
omarbirat
Ара-арасында су құйып тұрмаса, күріш серейген күйі қатып тұрады. Тұзсыз да дәмді болған тамақ жоқ.
Nurgisa
:) Кларификацияда алдыңа жан салмайсың-ау, Омеке :)
Zilola
бәрін салған соң, қазанның қақпағын қымтап жауып, үстіне ескі күпәйкі жауып қойса, ващще отпад болаД :)))))
Gastarbaiter
Овсянкі ше овсянкі?
aktobe88
Бізде түркімендер сөйтіп істейді. піскенде… айййййййй, вкуснятина,… саусағыңды қосып жеп қойғың келеді. қазақтарда олай істегенді жаңа естідім
omarbirat
Орысшасы "(горох) нут" дейді.
p.s. Ақаңдардың «nut» деген сөзімен байланысы қаншалықты болды екен осы сөздің?
Nurgisa
Кеше осы «нутты» НТКдағы «Тәксиде» қойып еді сұрақ етіп. Меніңше қатысы бар боп көрінгенмен, жоқ-ау. Егерәки түптамырын көмескі шақтардан алатын болса… Жер жыртушы Иван ол кезде басқа ақаңмен жақсырақ тіл табысса керек деген дүдамал ой боп тұрғаны…
edige
«сол ноқатты түсінбедім»
ия түсіну қиын болмаса, тойыс жемесең кормесең
sammita
мейізсіз, ноқатсыз, курагасыз кәдімгі палау жақсы маған. Еттің дәмін өзгертпей. Сосын біздің жақта басты тағам — бешбармақ, тек бешбармақ.
Makhabbat
Есімің Нұрғиса Тілендиевтің құрметіне қойылған ба?
алде жай бір ұқсастық па?
Nurgisa
Әкем де, шешем де саналы ғұмырларын саз саласына сарп еткен ұлағатты ұстаздар. Соның бір сарқыншағы бар шығар да…