Тегім менің ардақты!

Адамдармен әңгімелесе қалсаң — руыңды сұрап зайып алыңды шығарады. Сосын, рудан ру қуалап қалай да сені туыс етуге тырысады.
Бұнымен іс бітпейді, қоғамдыққұрылыссс. Содан кейін өз руының ерекшеліктерін мінездей бастайды. Руындағы атақты адамдардың атын атап, қандай да бір хан немесе сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін айтады. Сондайда, мүсәпір хал кешіп, мен отырам сүмірейіп. Өйткені, менің руымда атақты адам болды дегенді естімеппін. Шежіреші көнекөздер де біздің тегіміздің асылдығы туралы мақтау өсиеттер қалдырмапты.
Бірақ, жақында бір туыс қариямен кездесіп, жақсы әңгіме тыңдадым. Аказиваетса, біздің ру Адам атаның тікелей ұрпағы екен. Мә, сендерге керек болса! Кетіңдер, нақ рушыл-текшіл мини-фашистер!
Бөлісу:

23 пікір

kuat
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері ұлты қазақ екі Олимпиада чемпионы шыққан біздің рудан, мә нақ керек болса!
alisha
қария не деді сонымен?
Makhabbat
Адам атаның тікелей ұрпағысың деген шыгар…
patick
Адам атаның тікелей ұрпағысың деді да!
Gastarbaiter
Әрине фанатизмге мен де қарсымын. Бірақ басқаша қарасаң, руыңды білуде тұрған ештеңе жоқ. Бізді ойнастан туған тексіз әміркен, сәміркендерден бір саты жоғары қоятын аз ғана мақтаныштардың бірі сол шежіре.
Про-батыстық мәдениет өздерінде жоқ нәрсенің барлығын құнсыз етіп насихаттайды.
Ағылшындар өзінің шежірелерін мақтан тұтады.
patick
мен де қарсы емеспін. өзің үшін білген жақсы ғой. бірақ мақтанып айтып қоймайтын адамдарға бағытталған еді.
Gastarbaiter
Басқа мақтаныш болмаған соң қайтсын. Көтінде жоқ көсеумен қамшылар
asaubota
бізде Ақтөбе жақта руға бөліну, руын мақтау дегендерді көрмеппін. бірақ, өз руымызды біліп жүреміз, балаларымызға руы мен нағашыларын үйретіп отырамыз.
sammita
«Танысаң Адаймын, танымасаң Құдаймын!», «Көкте –Құдай, жерде – мұнай, ортасында – адай» дейтіндер бар ғой.
alisha
ия, сөйдейді… Біздікілер де — адай. Үйде менімен бірге жиен сіңлім тұрады, ол да — адай. Қысқасы, үйде — үш Адай, сосын мен-Беріш. Ұлым: «біздің үйде үш Адай бар — мен, әке, сосын апатай» дейді, мен аса мән бергем жоқ, ыдыс жуып жатқам, шаруамды жалғастыра бердім. Бір кезде: «Анашым. Сен ренжіп қалдың ба? Ойнап айтам, сен де Адайсың ғой»,-дейді. Соған қарағанда өздерін «керемет» санау олардың қандарында бар.
ErNur
Жабырқап жүрген жанымды
Жап-жарық етті бір адай,-деп әндететін (ішіп алған кезде) бір ағайды көріп едім. :) Сол есіме түсіп кетті ғо
Gastarbaiter
Жиен сіңлің «Анашым» дей ме? О_о? Әлде типі салтқа беріктігіңе намек тастап отқаның ба?
Hetrou
Десе дей берсін. Сенікі не қиналу?
Abilakim
қай қазақты алып қарасаңыз да тегінен бір батыр болмаса би-шешенді тауып аласыз. Батыр болатындай да жөні бар. Жаугершілік заман ғой ол кездерде. көшпенді өмір әлжуаздарды " автоматты" түрде ығыстырып отырған ғой.
gunner
Ата текті білген дұрыс, бірақ қайта қайда айтып өтірік аңыздармен мақтанатын адамдарды мен былай түсінем: өмірде ештеңеге қол жеткізбеген, енді өзінің елден ерекше екенін өтірік әңгімемен көрсетді, қысқасы комплекс неполноценности дегеннен шыққан.
Erkekyz
Менің де папам осындай рушылдық әңгіме бастап берсең қуып кетеді. "Қойыңызшы" деп әрине айталмайсың. Мақтап-мақтап, мақтауға адам жетпей қалса Шыңғыс ханның әйелі Бөрте қоңыраттың қызы болған дейд.))))))))
sammita
Еркеқыз-қоңырат. Алиша-беріш. Әбіләкім-арғын. Так, ары қарай, қане, қане:))
alisha
ашыл-ашыл, ақтарыл дейсіз ғой;)))
Abilakim
Тиыш отырсаңшы)))
nurbergen_makym
Негізі дұрыс қой.
Трайбализм де қазақылық қой, а, Беке?
Gastarbaiter
Ру сұрасу психоаналитикалық тұрғыда біреуді шеттету, өтірік айтып мақтану мақсатында емес, жаңа танысқан екі адамның арасында жиі пайда болатын ыңғайсыздықтан аттап өту және ортақ бірдеңе іздеудің ең жақсы әдісі. Яғни жөн сұрасудың трайбализмге мүлде қатысы жоқ.
Трайбализм -деп көбіне негативті ұғымда айтады.
Ал ру сұрасудың ең танымал функциясы ортақ әңгіме таппағанда, ғасырлар бойы қалыптасқан шаблон арқылы бастау.
temir1986
Жалпы бізде батыр жасау кейінгі кезде мода ғой. Менде мақтанып қояыншы Махамбет туралы «Наркескен» деген кітапта ысықтың екі батырының аты аталады.  Айтпақшы Құныскерей бар. Бірақ бір риза болатыным ысықтар батыр түгендеуге басқалар сияқты бел шешіп кірісе қоймапты. ысық ағаларға рахмет.